«Әдебиет танытқыштың» ең басында сөз өнерінің жалпы теориясына қатысты келесі бір тәсіл пайдаланылған: «Шығарманың екі жағы бар:
«Әдебиет танытқыштың» ең басында сөз өнерінің жалпы теориясына қатысты келесі бір тәсіл пайдаланылған: «Шығарманың екі жағы бар:
1) тысқы тіл жағы,
2) ішкі пікір жағы.
Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді:
1) шығарманың тілінің ғылымы,
2) шығарманың түрінің ғылымы.
Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді». Бұдан шығатын түйін — Байтұрсынұлы ең алдымен шығарманың семантикалық құрылымына назар аударып отыр. Шығарманы мазмұндық жағынан қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деп бөлуі соның айғағы.
Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-шіжылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты
Зейнолла Қабдолов (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор.