Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді». Бұдан шығатын түйін — Байтұрсынұлы ең алдымен шығарманың семантикалық құрылымына назар аударып отыр. Шығарманы мазмұндық жағынан қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деп бөлуі соның айғағы.
Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-шіжылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты