«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список используемой литературы



Pdf көрінісі
бет64/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Список используемой литературы: 
1. И.К.Терновой, Р.К. Есетова. Жизнь, озаренная борьбойКостанай : б.н., 1998. 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – АҒАРТУШЫ - ПЕДАГОГ 
 
 
Каженова Гульбаршын Амирхамзиновна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Кадыр Каримов атындағы
жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ақын, 
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. XX ғасырдың басында 
қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да 
бастан кешіп, еліміздің азаттығы, болашағы үшін тер төккен, ұлт намысын қорғаған 
қайраткерлеріміздің бірі де, бірегейі. Қазақтың көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, 
халық жанашырының биыл туылғанына 150 жыл толғалы отыр. 


135 
Әке ұлы емес, халық ұлы болған Ахмет Байтұрсыновтың ел-жұртқа сәулесі көп 
түскен, туған халқы үшін адал қызмет еткен. Ол қазақ халқының жазу-сызуына реформа 
кіргізіп, қазақ тілі мен әдебиеті білімінің негізін салып, ана тілінде мектептер ашып, оған 
оқулықтар мен оқу құралдарын жазыпқана қойған жоқ. Оның зор еңбегі қазақ әдебиетін 
айтар өнегесі мол аударма шығармаларымен, ұлттық поэзиясын жан тебірентерлік сырлы 
жырлармен байытумен, қазақ баспасөзін қалыптастырумен ғана шектелмейді. Ол басқа да 
игі істердің ұраншысы, күн тәртібіне қоюшысы болған. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ 
алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш әліппесін, тіл 
құралын, әдебиет танытқышын сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін 
салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» (1913-1918) тұрақты 
редакторы, Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, 
аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, КазПИ-дің
профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы. 
1925 жылдың 15-19 сәуір күндерінде жаңа астанамызда Қазақ АССР-і Советтерінің
5 съезі шақырылды. Сонда Ахаң тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің тарихи
«қазақ» деген атын қайтаруды, республикамызды Қазақтың Автономиялық Социалистік 
республикасы деп атауды ұсынды [«Ақ жол» газеті, 17.4.25]. Бұдан кейін Ахаң ұлттық 
атауымыздан айырған қиянатқа көп жыл бойы төзіп келгенімізге, бөркімізді баса киіп, 
көнбістік көрсеткенімізге реніш білдірді. Мұны мұнан әрі мойындауға болмайтынын 
ескертіп, тарихымызды білуді талап етті.
Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет 
Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Ұлттық мәдениет 
пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына 
демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың 
зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, 
қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден 
басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани көсемі» (М. Әуезов). Ахмет 
Байтұрсынұлы секілді қайраткердің ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына шығуының
өзіндік себептері де бар болатын. 1867-68 жылғы «Жаңа низам» ережесі әбден күшіне еніп, 
белең алған, жер-су мемлекет меншігі деп жарияланып, құнарлы жерлердің бетке шығары 
переселендерге таратылып беріліп, көшіп «көшпелі» болып, отырып «отырықшы» болып 
жарымаған, патшаның отаршылдық саясатының темір бұғауы мойнынан қысса, ел әкімдері 
мен бай-феодалдардың қанауы белін жаздырмаған қазақ қауымы екі ғасырдың тоғысында 
халық мұңын мұңдаған бір топ күрескерлер шоғырын тудырды. Бұл қайраткерлердің орыс 
тарихындағы декабристер секілді көбіне көп оқу-білімге қолы жеткен үстем тап өкілдерінен
ауқатты ортадан шыққан болатын. 
1895-1909 жылдары ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқыта жүріп, Ахмет 
Байтұрсынұлы үлкен тәжірибе жинақтайды, қазақ балалары сауатын ашып жүрген түрлі 
қазақ, татар тілдеріндегі «Әліпби» құралдарының кемшіліктерін өз көзімен көреді. 
Қарапайым ұстаздықтан күрескер ағартушылыққа қол созған ол алдына қазақ алфавитін 
жетілдіру мақсатын қояды.
Қазақ жазуын жетілдіру үшін, алдымен қазақ тілінің ішкі табиғатын танып, жүйесін 
түсініп алу қажеттігі туады. Бұл қазақ тілін ғылыми зерттеу, яғни, фонетикалық жүйесі мен 
граммматикалық құрылысын танып-білу деген ұғым еді. Осылайша, Омбыда жүрген кезінде 
тұңғыш қазақ журналы «Айқапта» алғашқы зерттеулерінің қорытындысы ретінде «Жазу 
тәртібі» атты мақаласын (1912, № 4 -5) жариялайды. 
«Оқу құралдарының ең ұлылығы бала оқытатұғын кітап: оның жақсы болып 
балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт.Тәртіпті жазу деп айтамыз: 
тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс 
басына арналған белгі жоқ, бір белгімен әлденеше түрлі дыбыстарды жазамыз... Балаларға


136 
Һәр түрлі айтылатұғын сөзді, бір түрлі айтып жазып қойып, Һәр түрлі айтып оқу керек 
дегеніміз зорлық емес пе? Бірдей жазылған сөзді қалай һәр түрлі оқысам дұрыс болады деп 
бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін
түзетіп жөнге салу керек. Сонан соң жөнменен құрал сайлау керек»,- деп ғалым қазақ 
жазуындағы арабтың басы артық әріптерін алып тастауды, жіңішке дауысты дыбыстарды 
білдіруге арналған белгіні енгізуді т.б. жаңашыл жаңалықтарын ұсынды. 
Осы мақаланың түрткі болуымен «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттері беттерінде 
үлкен пікірталас, айтыстар болды. Көпшіліктің көкейіне қонған осы өзгеріс, реформалар көп 
даусыз 1912 жылдан бастап-ақ орныға бастайды. Өйткені, бұлар қазақ тілінің табиғатын 
зерттеп, ғылыми дәлелдеп айтылған оң ұсыныстар еді. Осылайша, Ахмет Байтұрсынұлы
араб әріпті қазақ жазуының жаңа реформаланған үлгісін жасады. Бұл реформаның барлық 
түркі халықтары жазу мәдениетінде кеңінен қолданылғаны сол кезде өткен жиын, 
конференциялардың бәрінде үнемі аталып тұратын. Ахмет Байтұрсынұлы өзі түрлеген жазу 
үлгісі негізінде жүйелі түрде қалың қазақтың, ауыл балаларының сауатын ашу үшін
1912 жылы Орынборда «Әліппе» бастырып шығарды. Революцияға дейін де, кейін де 
ондаған рет жарық көріп, талай буынның «қара танып» көзін ашқан тұңғыш әліппені 1926-
1928 жылдары жетілдіре түсіп, суретті түрінде жария етті. 
Қазақтың мәдени өмірінде Ахмет «Әліппесінің» қандайлық орны болғандығын 
көрсету үшін өз кезінде айтылған мына пікірге назар аударалық: «Ахметтің 7 рет басылған 
бұрынғы «Әліпбиі» (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді. Бұрынғы 
«Әліпбиі» қазақ мұғалімдерін ең алғаш Еуропа оқу әдістерімен таныстырудың үстіне, кезінде 
әрі жаңа, әрі төте жол салып, қазақ арасында оқу жөніндегі ескілікті жойған еді. Бірақ соңғы 
кезде жаңа тәртіп шыға бастағаннан кейін ол «Әліпбиі» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да 
ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да артық. Бұл «Әліпбидің» 
мазмұны, қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді 
болып шыққан. Сөздері баланың ұғымына аса қолайлы тәртіппен құрылған. Бұл «Әліпби» 
дыбыс әдісімен де, Америка әдісімен де оқуға қолайлы. Шығарушының үлкен шеберлігі 
байқалып тұр. Оқушыға бұл «Әліпби» аса қызықты, баланы өздігінен білуге, өздігінен 
үйренуге ұмтылдыратын түрде жазылған. Сыртқы көрінісіне қарағанда, тұтас сөздер 
әдісімен жазылған сықылды. Бірақ тәжірибесі аз мұғалімдер мұнымен дыбыс әдісі бойынша 
да оқыта алады. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық, мазмұн жағынан да, 
әдіс жағынан да артық кемшілік таба алмадық... «Білім кеңесі» [1926 ж., 5-6 б]. 
Сонымен бірге оның қаламынан туған «Үлкендерге арналған әліппе» (Орынбор, 
1924), «Қызыл әскерге арналған әліппе» (Семей, 1926), қазақ тілін оқыту методикасы 
бойынша мұғалімдерге арналған «Баяншы» (Қазан, 1920), қазақ тілінің практикалық курсы 
«Тіл жұмсар», «Хрестоматия» секілді көптеген еңбектері болғанын осы тұста атап көрсете 
кеткен орынды. 
Ағартушының сөз өнері, әдебиет теориясы туралы ой-түйіндерін «Әдебиет 
танытқыш» атты көлемді (286 б.) зерттеу еңбегінде топтастырған. «Әдебиет танытқышында» 
ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдаланған ғалым қазақ фольклорын жинап, бастыру ісіне де 
белсене кіріседі. Мәскеуден 1923 жылы «Ер Сайын» жырын 1926 жылы қазақтың төрт жүз 
жылдық тарихын қамтитын «23 жоқтауды» бастырады. Қазақ мақал- мәтелдерін, ырым-
жырымын, жерлеу дәстүрін т.б. қызғылықты этнографиялық деректерді кейінгі ұрпақ үшін 
хатқа түсірді.
Ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық 
саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін 
ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб 
жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген дарынды тұлға деп мақтанышпен айта 
аламыз. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына, теориясы мен 
сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану 
ғылымының жүйесін жасады. Сондай-ақ, ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті 


137 
үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Байтұрсынов ұйымдастырып, бас редактор болған 
«Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. Байтұрсынов - 
әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары 
ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. 
Ахмет өмір ғұмырында әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз 
әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, 
ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Ахмет әліпбиі қазақ тілінің табиғатына 
бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Байтұрсынов қазақ мектептерінің 
мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар 
жазды. Оның үш бөлімнен тұратын қазақ тілінің тұңғыш «Тіл - құрал» атты оқулығының 
фонетикаға (1915), морфологияға (1914) және синтаксиске (1916) арналған бөлімдері 
жарық көрді. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы 
ұғымдарға анықтамалар берді. «Тіл – құрал» кітабына Ахмет өзі көшбасшы болған. Бұл кітап
қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі тюркологиялық әлемде атақ - абырой әперген, ондаған 
рет басылған. Ахмет Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы 
ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды.
Ахмет Байтұрсынов ашқан қазақ мектебі, ол түрлеген ана тілі, әдебиеттегі елшілдік 
ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ 
баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты тарих мәңгі 
ұмытпайтын жұмыстар. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің ұлт болашағы үшін маңызы
орасан зор. 
Тіл білімі институты, Қостанай университеті А.Байтұрсынов есімімен аталады. 
Алматыда Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылған, сонымен қатар 
ақынның туған жерінде де ақын құрметіне игілікті іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі.
Осы биылғы 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде 
атап өтіледі. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы әлемнің бірнеше елінде, 
әрине, алдымен қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет