Ахмет Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі дүниетаным А. Е. Алимбаев



Pdf көрінісі
Дата01.01.2017
өлшемі162,13 Kb.
#916

Ахмет Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі дүниетаным 

 

А.Е.Алимбаев, 



магистрант 

Қазақстан, Астана 

 

Қараханид  дҽуіріне  қатысты  ҽдеби  ескерткіш  –  Ахмет  Йүгнекидің  «Һибат-ул 

хақайиқ»  («Ақиқат  сыйы»)  атты  еңбегі.  Зерттеуші-ғалымдардың  жобалауынша,  ХІІ 

ғасырдың  аяғы  –  ХІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  жарық  кҿрген  туынды.  Бұл  еңбек  негізінен 

мораль,  этика,  адамгершілік  тақырыбына  арналған.  Мақсаты  –  ақыл-кеңес  беру,  үлгі-

насихат айту. 

Ахмет Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі адам баласын тҽрбиелеуде таптырмайтын 

туныдылардың бірі. Қазақ халқы ұрпақ тҽрбиесіне кҿп мҽн берген. «Ата кҿрген оқ жонар, 

шеше  кҿрген  тон  пішер»  деген  мақал  бар.  Осы  мақал  отбасындағы  ҽке  мен  шешенің 

орнын  айқындап  тұрғандай.  Ал,  ұрпаққа  берілетін  тҽлім-тҽрбие  сҿзінің  мағынасы  қазақ 

тілінің түсіндірме сҿздігінде мынадай мағына береді: 

Тҽлім - үлгі, ҿнеге, тҽрбие. Тҽлім алды, үлгі алды, дҽріс алды, білім алды . 

Тҽрбие  -  отбасы,  мектеп,  қоршаған  ортада  қалыптасқан  адамның  қоғамдық  жҽне 

жеке  ҿмірде  байқалатын  тҽртіп  пен  мінез-құлық  дағдысы.  Сол  дҽуірдегі  ҽдеби  дҽстүр 

бойынша  ҽуелі  Алла  дҽріптеліп,  Мұхаммед  пайғамбар  мен  оның  тҿрт  досына  мақтау  сҿз 

айтылған. Бұл орайда туындының бүгінгі қоғамдағы ислам дінінің құндылығын жас ұрпақ 

бойына сіңіруге септігі мол. 

«Уа, Жаратушы, сені шексіз дҽріптеймін. 

Алдымен сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін. 

Саған лайық мақтау айтуға тілім жете ме? 

Шамам келгенше аянбаймын, маған жҽрдем бер!» [1,346]. 

Жаратушыға  шамасы  келгенше  мадақ  айтатын  пенде,  жақсылықтан  кенде 

қалмайсын  дегенді  меңзеп,  туындының  кіріспесін  осылай  бастайды.  Бұл  да  бір 

Жаратушыға  құрмет  кҿрсете  алған  адам  баласы  адамзатты  құрметтеуді  үйренетіні 

шындық.  Жаратушыны  сүйіп,  адамзатты  құрметтеуді  адам  баласы  дүние  есігін  ашқан 

күннен  бастап  үйрену  қажет.  Ҽр  ана  баласы  бойына  біткеннен  күнен  бастап,  оған  деген 

махаббаты оянса, ол бала болашақта мейірімді, қайырымды азамат болары анық. 

Ахмет  Йүгнеки  бұл  туындының  жазылу  себебін  баяндайды.  Ол  Тат  Ыспаһсалар 

Бектің  есімін  мҽңгі  тарихта  қалдырып  жҽне  оның  адамгершілігін  келер  ұрпаққа  үлгі  ету 

жайын баяндайды. 

Адам  бойына  тҽрбиені  ҽлбетте  ата-анасы  дарытады.  Уақыт  ҿте  келе,  жасы  ҿскен 

сайын ҿзін қоршаған ортасы яғни, балабақша, мектеп, колледж, ЖОО жҽне тағы да басқа 

ҽлеуметтік  институттар  адамды  тҽрбиелеуге  ықпал  жасайды.  Ал,  сол  кҿптеген  жақсылы, 

жаманды  ҽсер  етуші  факторлардан  дұрысын  таңдап  бойыңа  сіңіруді  үйрену  үшін,  ҽрине, 

білімнің алатын орны орасан зор. Алып жатқан білімнің дұрыс-бұрысын анықтап беретін 

ұстаз.  


Ұстаз  рҿлін  атқарып,  бүгінгі  мақаламызға  арқау  болып  отырған  «Ақиқат  сыйы» 

туындысында білім-ғылым жайлы мҽселе ҿте ұтымды қозғалған.  

«Уа, дос, ҿзіңді білімдіге жақын тұт. 

Бақыт жолы білім арқылы білінеді. 

Білім ал. Бақыт жолын ізде» [1.348]. 

Бақытқа  жетудің  жолы  білімде,-  деп  айтуының  себебі,  кҿзі  ашық,  кҿкірегі  ояу 

адамның жақсы мен жаманды ажырата білуінде. Бүгінгі біз  ҿмір сүріп жатқан қоғамдағы 

адамдарды  білімсіз  деп  айтуымыз  мүлдем  қате  болар  еді.  Ҿйткені  елімізде  сауатсыз 

адамдар  жоқтың  қасы.  Ҽрине,  сауатты  мен  білімді  адамды  салыстыруға  болмайтын 

шығар.  Сауатын  ашқан  адам,  ҽрине,  білім  жолына  бет  бұратыны  да  ақиқат.  Бұл  жердегі 

мҽселе  сауат  ашуға  дейін  алған  тҽрбиесіне  байланысты  болып  тұр.  Тҽрбиесіз  де  білімді 


меңгере беруге болады, бірақ, ол адам бақытқа жете алмайды. Білімсіз де тҽлім-тҽрбиені 

бойына  сіңіре  беруге  болады.  Ал,  бұл  жағдайда  бақытқа  жетуге  мүмкіндік  бар.  Бірінші 

жағдайда бақытқа жеттім деп ҿз-ҿзін алдауы жҽне шын бақытты түсінбеуі мүмкін. Қанша 

дегенмен де, білім мен тҽрбиені егіз деп қарастырған тұста қоғам ізгіленеді. Бұл екеуінің 

бір-бірінсіз  күні  жоқ  десе  де  болады.  Жеке  тҽрбиенің  ҿмір  сүруі  мүмкін  бірақ,  тҽрбиесіз 

алған білім құр тҽрбиені жұтып жіберері хақ.  

«Білім сияқты пайдалы ҿзге нҽрсе бар ма? 

Білімнің арқасында ғылым жоғары кҿтерілді. 

Білім жоқ адам тҿмен құлдырады. 

Білім ал, салғыртсынбай үйрен, Алланың елшісі: 

«Білім кімде болса – соны ізде», - дейді [1.348]. 

Ҽрине  білім  жолын  қуған  адам,  түбі  ғылымға  тіреледі.  Ғылым  да,  дін  сықылды, 

тазалықты  сүйеді.  Бүгінгі  Қазақстан  қоғамындағы  ғылым  мҽселесі  сын  кҿтермейтін 

жағдайда. Сын кҿтермеуінің себебі тҽрбиесіз білімде деп білеміз. 

«Ғылымды  шында  болса  да  іздеп  тап»  деп  бұйырып  отырған  Ахмет  Йүгнеки 

білімді адамның артықшылығын тҿмендегідей суреттейді: Білімді адам бақытты; білімді 



адам  қымбат  динар  сияқты;  білімді  әйел  –  ер;  білім  алған  ер  халыққа  белгілі  болады; 

білімді  адамның  өзі  өлгенмен  аты  өлмейді;  білімді  бір  кісіге  білімсіз  мың;  білімді  кісі 

білімнің  парқын  айырады;  білімнің  пайдасын,  білімді  біледі;  білім  қадірін  адамға  білімді 

білдіреді; білімді кісі істің жөнін біледі; білімді керек сөзді айтады; білімдінің сөзі үгіт, 

насихат, үлгі-өнеге [1]. 

Білімсіз  адамды  автор:  білімсіз  надан  –  құны  жоқ  бақыр;  надан  еркек  –  әйел; 



білімсіз  кісінің  жайы  майы  жоқ  сүйек  сияқты;  білімсіз  тірісінде  көрде  жатқан  өлік 

сияқты;  надан  –  тірі  дегені  болмаса,  аты  өлік;  білімі  жоқ  адам  төмен  құлдырады; 

білімсіз  ноқай  білімді  не  қылсын;  білімсізге  шын  сөз  ащы  тиеді,  оған  үгіт,  насихат 

пайдасыз;  қандай  кір-қоныс,  жуса  тазарады,  надан  –  жуғанмен  тазармайтын  лас; 

қандай  іс  істесе  де,  білімсіздің  еншісі  Өкініш.  Оған  одан  басқа  енші  жоқ;  білімсіз  не 

айтса  да ұқпай,  түсінбей  айтады;  білімі  болмағандықтан  бір  қауым  халық  Өз  қолынан 

пұт жасап: «Құдайым бұл», - деді[1]. 

Бұл  жерде  білмді  мен  білімсіздің  айырмашылығын  айқын  кҿре  аламыз.  Білімді 

адам  бағындырған  асуды,  бүгінгі  таңда  білімсіздер  де  бағындырып  жатқаны  шындық. 

Дегенмен, түбі опық жеп қалуы ҽбден мүмкін. Сондықтан да ҽр істі кҿкірек кҿзімен кҿріп, 

оймен пайымдап, кҿңілге кестелі, кҿркем қылып тоқу ҽр адамның ҿз еншісіндегі шаруа. 

Ахмет Йүгнекидің сҿзімен айтатын болсақ: 

«Малы жоққа – білім түгесілмейтін мал, 

Қаржысы жоққа  білім таусылмайтын қаржы» [1.349]. 

Жалпы  білім  мен  ғылым  мал  табудың  кҿзі  болмауы  керек.  Ғылым  тұрмысты 

түзетуге арналған қызметке айналған тұста ғылымда даму болмайды  деген ойды  шегелеп 

айтып отырған Ахмет Йүгнекидің бұл ойы бүгінгі таңда ҿзекті мҽселелердің бірі. 

Тҽрбиелі,  білімді  адам  еш  уақытта  қиянат  жасамайтыны  ақиқат.  Тҽрбиелі  адам  – 

ҽдепті  адам.  Ал,  ҽдептілік  жайында  «Ақиқат  сыйы»  еңбегінде  былай  баяндалады. 

«Ҽдептіліктің  басы  –  аузын  бағу»  яғни,  он  күнҽнің  тоғызы  тілден  дегендей,  сҿйлеп 

отырған адам ҿз сҿзін ҿзі бағып отыруды насихаттайды. Қазақта «Айтылған  сҿз, атылған 

оқ» деген мақал бар, сол айтқандай, атылған оқтың қайтып келмесі ақиқат болса, айтылған 

сҿздің салмағы атылған оқтан бірде кем емес. «Таяқ еттен, сҿз сүйектен ҿтеді» дейді қазақ. 

Сҿз қадірін  түсінген қазақтай халыққа қатты  сҿйлеп,  сҿгіс алу қазақ баласына үлкен сын 

болуы керек.  

Жоғарыда қазақ халқының екі мақалын келтірдік, бұл мақалдармен үндесіп жатқан 

туындыдағы мына жолдар дҽлел. 

«Беталды сҿйлей берме, тіліңді тый. 

Тіліңнің жүгенсіздігі бір күні басыңа жетеді. 

Тілін тартпаған кісіні ақылды деуге бола ма? 



Тіл мен сҿздің бостығы талай басты жеді. 

Адамды тіліңмен ҿшіктірме. Біліп қой.  

Тіл жарасы жазылмайды, оқ жарасы жазылады» [1.350]. 

Ахмет  Йүгнекидің  тіл  жайлы  жазған  ойлары  ұрпақ  тҽрбиесінде  таптырмайтын 

ҽдістеме. Адам баласы тілді тыю арқылы екі дүниеде де шапағатқа бҿленері хақ. 

Жұмыр  басты  пенде  үшін  бұл  дүние  –  жалған  дүние,  бұл  ҿмірде  біз  қонақпыз, 

бҽріміз  уақытша  жүрген  адамдармыз  деп  айтатын  қазақ  үшін  жоғарыдағы  барлық 

қозғалған  мҽслелердің  мҽңгі  еместігін  түсінген.  Бұл  дүниенің  есігін  ашқан  адам  баласы 

бұл  ҿмірден  о  дүниеге  аттанғанда,  қонаққа  барғанда  қандай  дайындықпен  барған  болса, 

дҽл  сондай  дайындықты  бақи  ҽлемде  пендеден  соны  күтеді  яғни,  рухани  дайындықпен 

барған абзал. Рухани дайындық дегеніміз - адамның ішкі жан дүниесінің баюы. 

 «Бұл дүние керуен түсетін сарай сияқты, 

Керуен-сарайға түскен кҿш одан ҽрі сапар шегу үшін түседі. 

Ҽдепкі керуен қозғалып, жолға шығып ұзап кетті, 

Тағы да жол тартып кҿшетін керуен қаншама» [1.351]. 

Бұл  дүниенің  уақытша  екендігі  туындыда  осылай  кҿрініс  табады.  Сол  кетіп  бара 

жатқан керуеннің артынан қуып, дүниені жинау адамға бақ емес, сор ҽкеледі дейді. Дүние 

қолдың кірі жуғанда кетіп қалатын деп уағыздайды. Мал да сол сықылды, таңертен келсе, 

кешке қайтадан кетеді. Бұдан мынадай қорытынды жасаса болатын  сияқты.  Адам да бұл 

ҿмірде мҽңгі тұрақтамайды.  

«Байлық пен кедейлік Алланың ісі 

Азық жоқтығын «кедейлік» - деп айтпа. 

Бұл дүние мүлкінен тамақ пен киімді 

Артық тілеме. Обал жүктейсің, 

Пайғамбар дүниені егінжай деп айтты, 

Егінжайға жаныңды салып игілі ет» [1. 351]. 

Адам  баласы  бұл  дүниеге  келгеннен  кейін,  кҽдімгі  диқаншы  егін  еккендей  жан-

жағына  шапағат  нұрын  шашып  жүруі  қажет.  Сол  шапағат  нұрын  шашуды  үйрену  үшін 

тҽлім-тҽрбие  беретін  отбасы  институтының  негізі  мықты  қаланған  қоғам  бақытты  қоғам. 

Отбасы институтының құлдырауы бұл біздің қоғамның кемшін тұсы.  

Тҽлім-тҽрбиенің  қатып  қалған  механизмі  жоқ,  білім  ол  болса  кестеге  түскен 

күнтізбедей белгілі бір жолмен жүрген адам білім-ғылымды игеріп кетеді. Тҽрбиеде ондай 

болмаған соң адам ҿмірінде ең қиыны  ҿзінің ұрпағын тҽрбиелеу. Ҽрине, білім мен тҽрбие 

еңбектенсең  ғана  шарықтап  даму  шегіне  жететін  дүние.  Сондықтан  бала  тҽрбиесіне  ала -

құла, үстіртін қарауға болмайды.  

Адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі  – жомарттың қайырымдылығы. Жомарттық 

дегеніміз  не?  Жалпы  жомарт  сҿзі  қазақ  танымына  ҿте  жақын  сҿз.  М.Мырзахметов 

Абайдың  38-қара  сҿзіндегі  жҽуанмҽртлік  сҿзінің  мағынасы  осы  жомарт  сҿзімен  үндеседі 

деп  жазады  [2].  Бұған  дҽлел  ретінде  қазақ  ауыз  ҽдебиетінде  жиі  ұшырасатын  Атымтай 

жомарт  немесе  Қорқыт  жайлы  деректер  мен  Ыбырай  Алтынсарин  хрестоматиясындағы 

«Жомарт»  ҽңгімесінде  сҿз  болатын  мырзалық,  ҽділеттілік,  қанағат,  ізгілік,  ақылдылық 

сияқты  адамгершілікке  тҽн  ұғымдардың  шығар  кҿзі  де  жҽуанмҽртлікпен  сабақтас,  үндес 

келуі кездейсоқ құбылыстар болмаса керек.  Ал, жҽуанмҽртлік дегеніміз  Абайдың «толық 

адам»  дҽрежесіне  жетудің  бір  сатысы  болып  есептеледі.  Яғни,  жомарттылықты  бойына 

сіңіре білген адам баласы «толық адам» дҽрежесіне бір саты жақындамақ.   

Ал, осы жомарттық жайлы Ахмет Йүгнеки былай деп жазады: Егер мақтағың келсе 



жомарт ерді мақта; барлық ер жомарттың жақсылығын айтады; жомарттық барлық 

айыптың кірін жуады; жомарт бол. Саған сөз де, сөгіс те келмейді; сөз келетін жолды 

жомарттық  тыяды;  жібімейтін  көңіліңді  жомарт  кісі  жібітеді;  қол  жетпейтін 

мұратқа  жомарттың  қолы  жетеді;  жомарттықты  әрі  зиялы,  әрі  қарапайым  халық 

мақтайды;  жомарт  білімді  жете  меңгереді;  жомарттың  арқасында  қорғансыздар 

жақсы  өмір  кешті;  жомарт  ер  –  халықтың  құрметтісі;  жомарттық  абырой-

атағыңды, ажар-көркіңді арттырады; жомарттық сені сүйіспеншілікке бөлейді [1]. 

Жомарттық  –  сараңның  айнасы  деп  ақын  жомарттыққа  қарама-қарсы  сараңның 

неден  құр  қалатындығы  жайлы:  сараңға  бөрі  сияқтандырып  оғыңды  кезе;  сараңдықты 

мақтайтын  тіл  бар  ма?;  сараң  арам  жолмен  көп  алтын,  күміс  жинады;  байлықты 

жинап  бермеген  кісі  –  жек  көрінішті  әрі  жаман  атты;  сараңдық  –  емдегенмен 

жазылмайтын  ауру;  біреуге  келгенде  сараңның  қолы  тастай  берік;  сараңның  көзінің 

сұқы,  көңілі  толмайды;  сараң  –  нағыз  ұятсыз;  сараң  жияды,  ішпейді,  жемейді,  тістеп 

ұстайды [1]. 

Ахмет  Йүгнеки  жомарт  адам  мен  сараң  адам  нені  ұтады,  неден  ұтылатының 

оқырман қауымға ұғынықты, қарапайым түрде жеткізе білген.  

«Ақиқат  сыйы»  дастанында  сондай-ақ  тҽкаппар,  паң,  ҿр  кҿкірек  жандарды  жер-

жебіріне  жеткізе  сынайды.  Автор  оқушысын  қарапайым,  момын  болуға  үндейді. 

Шығармада  ақын  тҽкаппарлықты  қарапайымдылыққа  қарсы  қойып  суреттейді. 

Менмендік, ҿр кҿкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды 

адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп кҿрсетеді. Ал қарапайымдылық  – кез келген 

адамға жарасатын, оның бедел-мҽртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді.  

Ақын  дастанда  дүниеқорлық,  адалдық,  арамдық  жайлы  жырлайды.  Ол  жақсы  мен 

жаман  қасиеттерді  салыстыра  отырып  кҿркем  тілмен  ҽсерлі  суреттейді.  «Дүниеқор 

ақырында  мақрұм  қалады»,  «Адам  баласы  егер  екі  уысы  толы  алтын  болса,  үшіншісі 

тағы болса дейді», «Жақсының игі қылығы, дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы» деп автор 

дастаның тҽрбиелік мҽнін арттыра түседі [1].  

Дастанда  мынадай  тамаша  бір  ой  айтылады  «Тікен  ексең,  жүзім  шықпайды».  Бұл 

жерде  ақын  адам  баласына  қандай  қастандық  жасасаң  да  арты  жақсылыққа  апармайды 

деген  ойды  астарлы  түрде  жеткізеді.  Ұрпақ  тҽрбиесіне  ұтымды  пайдалануға 

таптырмайтын сҿздің асылы. 

Ақын  ҽрбір  іс  Алланың  бұйрығымен  болатынын  да  ескертеді.  Жоғарыдағы 

айтылған барлық жаман қасиеттері үшін адам баласы жауапсыз қалмайтындығын, жақсы 

қасиеттері  үшін  екі  дүние  нығметіне  бҿленетіндігін  айтады.  «Аяққа  тікен  де 

бұйырықпенен  кіреді»  деген  жолдардан  опасыз  бұл  жалғанда  себепсіз  ештеңе 

болмайтындығын  жҽне  ол  іс-ҽрекет  Алланың  қалауымен  болатынына  бізге  дҽлел  ретінде 

ұсынып отыр. 

Бұл туындыны насихаттау арқылы біз айналамыздағы жамандық пен жақсылықты, 

пайда  мен  зиянды,  халал  мен  харамды  (Алла  Тағала  рұқсат  берген  жҽне  тиым  салған 

нҽрселер)  ажырата  білу.  Бұл  білімді  үйренбей  ҿмір  сүруге  болмайды.  Себебі,  рухани 

 құндылықтар  қай  заман  болса  да  ескірмейді,  жоғалмайды.  Дүниеде  материалдық 

құндылықтар ғана жаңарып, ҿзгеріске түседі. Ал адамгершілік пен жауыздық, жомарттық 

пен  сараңдық,  кеңпейілділік  пен  қызғаншақтық,  байлық  пен  кедейлік,  аманатқа  қиянат, 

ата анаға құрмет т.б. адамның сипаттары қай уақытта болсын пендемен бірге. 

Егер  адам  баласы  ҿздігінен,  еш  қиындықсыз  жақсы  нҽрселерді  ажыратып,  істеп 

кете  беремін  десе  ҽлбетте,  ол  қателеседі.  Себебі  адамда  нҽпсі  бар  жҽне  оны  азғырушы 

шҽйтҽн  ражим  бар.  Ислам  ғалымдары  айтады:  «Адам  асылында  (негізінде)   жақсы,  бірақ 

оны  нҽпсі  жамандыққа  итермелейді.  Ал,  нҽпсіні  Пайғамбарымыздың  сүннетімен 

тҽрбиелеу керек». 

Дастанды  қорытындылай  келе  ақын  «Сҿздің  аяқталғанына  кешірім  сұраймын»,  - 

деп  оқырмандарына  дастанның  ҿлмейтіндігін  ескертіп,  болашаққа  рухани  азық  боларын 

сҿз  етеді.  Дегенменде,  ақын  болашақ    ұрпақтың  дастанды  қажет,  не  жарамсыз  етуін    ҿз 

таңдауына  қалдырады.  Яғни  күштеп  адам  санасына  ештене  қондыра  алмайсын  дегенді 

меңзегендей. Бұған дҽлел ақынның мына бір шумақтары: 

«Атым – шайыр Ахмет, сҿзім – ҿнеге, ҿсиет, 

Сҿзім дүниеде қалады, ҿзім ҿлемін. 

Күз келеді, жаз кетеді, бұл ҿмір ҿтеді. 



Бұл ҿмірде жазым кҿзім түгесіді. 

Сондықтан осы түркіше кітапты шығардым. 

Қажет ет мейлің, ей, дос, мейлің сҿк» [1,359]. 

Жаһандану  дҽуірінде  ҿмір  сүріп  жатқан  мына  біздер  үшін  бұл  еңбек  ұрпақ 

тҽрбиесіне  жҽне  адам  баласы  ҿз-ҿзін  тҽрбиелеуге  таптырмайтын  құрал.  Бұл  шығармада 

педагогиканың,  психологияның,  философияның  жҽне  ҽдебиеттану  ғылымдарының  

үндестігін кҿре аламыз.  Бұл ғылым  салалары адамды зерттейтіні анық, сондықтан  Ахмет 

Йүгнекидің  «Ақиқат  сыйы»  дастаны  мҽңгі  ҿлмейтін  тарихи  туынды.  Адамзат  баласына 

ізгіліктің, туралықтың жолын сілтеуші компастың ролін атқарып тұрған шығарма. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Ҽдеби  жҽдігерлер.  Жиырма  томдық.  Т.6.;  Қожа  Ахмет  Иассауи.  Даналық  кітабы. 

Ахмет  Йүгнеки.  Ақиқат  сыйы/  құраст.:А.Ҽлібекұлы,  С.Дҽуітұлы,  Б.Сағындықұлы.  –А.: 

Таймас, 2008. – 488 б. 

      2.   Мырзахметұлы М.  Абай жҽне Шығыс. –А.: Қазақстан, 1994. –208 б. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет