Ахметов А., Ахметова Г



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

Жұмыс  уақытының  режимі.  Жұмыс  уақытының  режимі 

ретінде жұмыс уақытын тəуліктер немесе өзге де күнтізбелік кезең 

ішінде  бөлу  тəртібі,  күнделікті  жұмыстың  басталу  жəне  аяқталу 

уақыты,  күнделікті  демалуға  жəне  тамақтануға  арналған  үзілістің 

басталу  жəне  аяқталуы  танылады.  Жұмыстың  жəне  үзілістің 

басталу  жəне  аяқталу  уақыты  жұмыс  берушінің  актісімен 

белгіленеді  жəне  ішкі  еңбек  тəртібінің  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады. 

Заңдарға  сəйкес  жұмыс  уақытын  күндік,  апталық  жəне 

жинақталған  есепке  алумен  байланысты  режимдерді  ажыратуға 

болады. 


Жұмыс  уақытын  күндік  есепке  алу  режимі  кезінде 

қызметкерлер бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезінде 

жұмыс  берішінің  актісімен  белгіленген  жұмыс  сағаттарының 

ауқымында жұмыс істейді, яғни қызметкердің əр күн сайын істеген 

жұмыс  уақыты  есепке  алынады.  Екі  жағдайда  да  жұмыстың 

басталу  жəне  аяқталуы  уақыты  ауысым  кестесімен  немесе  ішкі 

еңбек тəртібінің ережелерімен белгіленеді. Жұмыс уақытын есепке 

алудың  мұндай  түрі  кезінде  жекелеген  күндерде  артық  істеген 

жұмыстар мен жеткіліксіз жұмыстар бір-бірін өтей алмайды. 

Екі  немесе  одан  да  көп  ауысым  кезінде  жұмыс  уақытының 

режимі  ауысым  кестесіне  сəйкес  белгіленеді.  Оларда  ауысымның 

саны,  олардың  ұзақтығы,  əрбір  ауысымдағы  жұмыстың  басталу 

жəне  аяқталу  уақыты,  бір  ауысымнан  екінші  ауысымға  ауысу 

тəртібі көрсетілуі тиіс. Ауысымдық жұмыс кезінде де қызметкердің 

əрбір  жұмыс  ауысымында  (əрбір  жұмыс  күнінде)  істеген  жұмыс 

уақыты ескеріледі. 



Жұмыс уақытын апталық есепке алу режимі бес күндік жұмыс 

аптасы кезінде қолданылуы мүмкін. Егер ауысымдардың ұзақтығы 

аптаның əр түрлі күндерінде сағаттардың апталық нормасын сақтай 

отырып,  өзгеше  болса  да,  жұмыс  уақытын    апталық  есепке  алу 

қолданылады. 

Жұмыс уақытын жинақтап есепке алу кезінде белгілі бір уақыт 

– жыл, тоқсан, ай – кезеңінде жұмыс уақытының айлық, тоқсандық 

немесе  жылдық  ұзақтығы  анықталады  жəне  жинақталады.  Жұмыс 

уақытын  бұлай  есепке  алуға  тек  заңдарда  белгіленген,  өндіріс 

жағдайлары  бойынша  жұмыс  уақытының  апталық  немесе  күндік 

ұзақтығын  сақтау  мүмкін  емес  жұмыс  түрлерін  орындау  кезінде 

ғана  жол  беріледі.  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 52-бабына 

сəйкес  жұмыс  уақытын  жинақтап  есепке  алуды  үздіксіз  жұмыс 

істейтін  ұйымдарда,  өндіріс  жағдайлары  бойынша  жұмыс 

уақытының  апталық  немесе  күндік  ұзақтығын  сақтау  мүмкін  емес 

жұмыс  түрлерінде,  жекелеген  өндірістерде,  цехтарда,  учаскелерде 

қолдануға  рұқсат  беріледі.  Жұмыс  уақытын  жинақтап  есепке  алу 

вахталық  əдіспен  жұмыс  кезінде  де,  яғни  жұмыс  қызметкерлердің 

тұрғылықты  жерінен  тыс  болған  жəне  қызметкерлерді  жұмыс 

орнына  күн  сайын  апарып-əкелуді  қамтамасыз  ету  мүмкін 

болмаған  жағдайда  қолданылуы  мүмкін.  Жұмыстың  бұл  əдісі 

кезінде  қызметкерлер  белгілі  бір  есепке  алу  кезеңінде  жұмысты 



орындау  орнында  уақытша  тұрады.  Бұл  кездегі  күнделікті 

жұмыстың ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиіс. 

Жұмыс  уақытының  режимінен  ұйымның  жұмыс  режимін 

ажырата білген жөн. Өндірістің сипатына, экономикалық жəне өзге 

де  талаптар  тұрғысынан  жұмыс  режимі  үздіксіз  жəне  үзілмелі 

болуы мүмкін. «Сіздің ұйымынызда жұмыс режимі қандай?» деген 

сұраққа «Бізде үздіксіз өндіріс» деп жауап беруге болады. 

              

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



10  Т А Р А У 

 

ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ



 

 

Демалыс уақытының түсінігі жəне түрлері. Еңбек құқығында 

демалыс  уақыты  ретінде  қызметкердің  еңбек  міндеттерін 

орындаудан  бос  уақыты  танылады.  Бұл  уақытты  олар  өз  қалауы 

бойынша  пайдалана  алады.  Заңдарда    қызметкерге  демалу  жəне 

тамақтану үшін үзіліс белгіленген. 

Еңбек  туралы  заңдарда  демалыс  уақытының  келесі  түрлері 

белгіленген: 

· күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер; 

· жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы демалыс күндері; 

· апта сайынғы демалыс күндері; 

· жыл сайынғы мереке күндері; 

· жыл сайынғы еңбек демалысы. 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 53-бабы 



 

Демалуға жəне тамақтануға арналған үзіліс: 

1.  Күнделікті  жұмыс  (ауысым)  ішінде  қызметкерге  демалу 

жəне тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан 

кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына 

енгізілмейді  жəне  қызметкер  оны  өз  қалауы  бойынша 

пайдаланады. 

2. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзактығы жұмыс берушінің 

актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. 

3.  Өндіріс  жағдайлары  бойынша  үзіліс  беру  мүмкін  емес 

жұмыстарда  жұмыс  беруші  қызметкерге  жұмыс  уақытында 

демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 

Мұндай  жұмыстардың  тізбесі,  демалу  жəне  тамақтану  тəртібі 

мен орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. 

Демалуға  жəне  тамақтануға  арналған  үзілістер  əдетте, 

жұмыс  басталғаннан  бастап  төрт  сағаттан  кейін  беріледі. 

Демалыстың  бұл  түрінің  жинақтап  алғандағы  ұзақтығы  бір 

сағаттан кем болмауы тиіс. Үзілістің басталуы мен аяқталу уақыты 

ішкі  еңбек  тəртібінің  ережелерімен  белгіленеді.  Бұл  үзіліс  жұмыс 

уақытына  енгізілмейді  жəне  қызметкер  оны  өз  қалауы  бойынша 

пайдалана  алады.  Үзіліс  беру  уақыты  мен  оның  ұзақтығы  жұмыс 


берушінің  актілерінде,  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда 

белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес 

жұмыстарда (мысалы, үздіксіз өндіріс жағдайында) жұмыс беруші 

қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін 

қамтамасыз  етуге  міндетті.  Мұндай  жұмыстардың  тізбесі,  демалу 

жəне  тамақтану  тəртібі  мен  орны  жұмыс  берушінің  актілерінде 

белгіленеді. 

Жұмыс  күні  немесе  ауысымы  барысында  қызметкерлерге 

демалу  жəне  жеке  қажеттіліктері  үшін 5-10 минуттық  қысқа 

мерзімдік  үзілістер  берілуі  мүмкін.  Алайда,  мұндай  үзілістер 

жұмыс  істеу  нормасын,  қызмет  көрсету  уақытын  белгілеген  кезде 

жұмыс уақытына қосылады. Олар үшін ақы төленеді. 



Арнаулы  үзілістер  (ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 54-бабы) 

жылдың  суық  мезгілінде  ашық  далада,  жылу  берілмейтін  жабық 

үй-жайларда  жұмыс  істейтін,  жүк  тиеу-түсіру  жұмыстарымен 

айналысатын  қызметкерлерге  жылыну  жəне  демалу  үшін  арнаулы 

үзілістер 

беріледі. 

Олар 

еңбекті 


қорғау 

мақсаттарында 

белгіленетіндіктен  де  арнайы  үзілістер  деп  аталады.  Арнаулы 

үзілістер жұмыс уақытына қосылады жəне олар үшін ақы төленеді. 

Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынуы жəне демалуы үшін 

белгіленеді. Мұндай үзілістердің саны жəне олардың ұзақтығы ішкі 

еңбек тəртібінің ережелерімен анықталады. 

Жұмыс  беруші  өз  қалауы  бойынша    өзге  де  жұмыстарда 

арнаулы үзілістерді белгілей алады. 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 55-бабы  



 

Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 

 

Жұмыстың  бітуі  мен  оның  келесі  күнде  (ауысымда) 

басталуы 

арасындағы 

қызметкердің 

күн 

сайынғы 

демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. 

Күн  сайынғы  демалыс – бұл  жұмыс  күні  (немесе  ауысым) 

аяқталғаннан  бастап  келесі  жұмыс  күніне  дейінгі  аралықтағы 

үзіліс. 


Күн  сайынғы  демалыстың  ұзақтығы  ішкі  еңбек  тəртібінің 

ережелерінде  анықталады,  ал  оның  ұзақтығы  (бір  жұмыс  күні 

аяқталғаннан  бастап  келесі  жұмыс  күніне  дейінгі  аралықтағы 

кезең)  жұмыс  уақытының  режиміне  байланысты  белгіленеді. 



Алайда,  күн  сайынғы  демалыстың  ұзақтығы  демалуға  жəне 

тамақтануға  арналған  үзілісті  қоса  алғанда 12 сағаттан  кем 

болмауы  тиіс.  Мысалы, 7 сағаттық  жұмыс  күні  жəне 1 сағаттық 

түскі  үзіліс  жағдайында  күн  сайынғы  демалыстың  ұзақтығы 16 

сағатты  құрайды  (мысалы,  егер  жұмыс  уақыты  сағат 9.00-де 

басталып, 17.00-де  аяқталатын  болса,  онда  күн  сайынғы 

демалыстың ұзақтығы 16 сағатты құрайды). 

         

«ҚР еңбек туралы» заңының 56-бабы 

 

Демалыс күндері     

 

 



1.  Қызметкелерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз 

демалыс уақыты) беріледі. 

2.  Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге 

аптасына - екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс 

күні беріледі. 

3.  Жалпы  демалыс  күні  жексенбі  болып  есептеледі.  Бес 

күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  екінші  демалыс  күні  жұмыс 

берушінің  актісімен  немесе  жұмыс  кестесімен  белгіленеді.  Екі 

демалыс күні де, əдетте қатарынан беріледі. 

4.  Мерекелік  күндер  жұмыс  күндеріне  сəйкес  келген 

жағдайда 

жəне 

жұмыс 

уақытын 

ұтымды 

пайдалану 

мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  демалыс 

күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. 

5.  Осы  Заңның 59-бабында  көздеген  жағдайларды 

қоспағанда, қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға 

оның келісімімен ғана жол беріледі. 

 

Демалыс  күндері  (апта  сайынғы) – бұл  аптаның  жұмыстан  бос 

күндері,  яғни,  апта  сайынғы  үздіксіз  демалыс  уақыты.  Апта 

сайынғы демалыстың ұзақтығы демалыс күніне дейінгі жұмыс күні 

аяқталған  сəттен  бастап  демалыс  күнінен  кейінгі  жұмыс  күні 

басталған  сəтке  дейінгі  уақытты  құрайды. 5 күндік  жұмыс  аптасы 

жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс 

аптасында  бір  демалыс  күні  беріледі.  Жалпы  демалыс  күні 

жексенбі  болып  есептеледі.  Бес  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде 

екінші  демалыс  күні  жұмыс  берушінің  актісімен  немесе  жұмыс 

кестесімен  белгіленеді.  Екі  демалыс  күні  де,  əдетте  қатарынан 


беріледі.  Егер  еңбек  жағдайы  бойынша  бұл  мүмкін  болмаған 

жағдайда, демалыс күндері аптаның басқа күндерінде беріледі. 

Мерекелік  күндер  жұмыс  күндеріне  сəйкес  келген  жағдайда, 

жұмыс  уақытын  ұтымды  пайдалану  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  демалыс  күндерін  басқа  жұмыс 

күндеріне ауыстыруға құқылы. 

Жұмыс  беруші  бүкіл  ұйым  үшін  демалыс  күндерін  ауыстыра 

жəне жоя алмайды. Мұндай құқық тек Қазақстан Республикасының 

Үкіметіне тиесілі. 

Өндірістік-техникалық  жағдайлары  бойынша  немесе  халыққа 

үнемі  үзіліссіз  тұрақты  қызмет  көрсету  қажет  болуы  себепті 

демалыс  күндері  жұмысты  тоқтату  мүмкін  болмайтын  ұйымдарда 

(мысалы, көлік, байланыс ұйымдары, кинотеатрлар, мейрамханалар 

жəне  т.б.),  сондай-ақ  үзіліссіз  өндіріс  жүргізілетін  ұйымдарда 

жұмыс  берушінің  актісімен  бекітілген  ауысым  кестесіне  сəйкес, 

қызметкерлердің  əрбір  тобына  демалыс  күндері  аптаның  əр  түрлі 

күндерінде кезекпен беріліп отырады. 

Демалыс 


күндері 

жұмыс 


істеуге 

жол 


берілмейді. 

Қызметкерлерді  демалыс  күндерінде  жұмысқа  тартуға  оның 

келісімімен  ғана  жол  беріледі («ҚР  еңбек  туралы»  заңның 56-б.4-

т.). 


Демалыс  күндеріндегі  жұмыс  үшін  ақы  екі  еседен  кем  емес 

мөлшерде  төленеді  немесе  тараптардың  келісімі  бойынша  басқа 

демалыс  күні  берілуі  мүмкін.  Демалыс  күндеріндегі  жұмысқа 

еңбекті  қорғау  мақсатында  қызметкерлердің  кейбір  санаттары 

тартылмайды. 

Еңбек туралы заңдарда қызметкерлерді олардың келісімінсіз де 

мереке  күндерінде  жұмысқа  тартудың  жағдайлары  көзделген. 

Мұндай  жағдайлар  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 59-бабында 

аталған. Бұлар: 

1)  


төтенше  жағдайларды  немесе  дүлей  апатты,  өндірістік 

аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 

2)  

 

жазатайым  оқиғаларды,  мүліктің  жойылуын  немесе 



бүлінуін болғызбау жəне оны тергеу үшін; 

3)  


тұтас алғанда ұйымның

 

немесе оның жеке бөлімшелерінің 



одан  əрі  қалыпты  жұмыс  істеуі  тез  орындалуына  байланысты 

болатын  шұғыл,  алдын  ала  күтпеген  жұмыстарды  орындау  үшін 

жол беріледі. 


Қызметтік  іссапарда  жүрген  қызметкерлер  демалыс  күндерін 

іссапар  орнында  пайдаланады.  Оларға  өздері  іссапарда  жүрген 

ұйымның  жұмыс  уақыты  режимі  таралады.  Бұл  күндерінде  олар 

жұмыс  істемейді  жəне  демалыс  күндерін  өз  қалаулары  бойынша 

пайдаланады. 

Қызметтік 

іссапардан 

оралғаннан 

кейін 

пайдаланбаған    демалыс  күндері  үшін  қосымша  демалыс  күндері 



берілмейді. 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 58-бабы 



 

Өндірістік-техникалық 

жағдайлары 

бойынша 

немесе 

халыққа  үзіліссіз  тұрақты  қызмет  қажет  болуы  себепті 

демалыс  күндері  жұмысты  тоқтату  мүмкін  болмайтын 

ұйымдарды 

қоспағанда, 

Қазақстан 

Республикасында 

белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді. 

  

Мереке  күндері.  Қазақстан  Республикасында  белгіленген 

мереке  күндерінде  жұмыс  жүргізілмейді.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы  № 2534 заң  күшіне  ие 

жарлығына сəйкес мына күндер мереке күндері болып табылады: 

1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл; 

2) 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні; 

3) 22 наурыз – Наурыз мерекесі; 

4) 1 мамыр – Қазақстан халқының ынтамақтастық күні; 

5) 9 мамыр – Жеңіс күні; 

6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; 

7) 25 қазан – Республика күні; 

8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні. 

Мереке  күндерінде  қызметкерлерді  жұмысқа  тартуға  жол 

берілмейді. 

Өндірістік-техникалық  жағдайлары  бойынша  немесе  халыққа 

үзіліссіз  тұрақты  қызмет  көрсету  қажет  болуы  себепті  демалыс 

күндері  жұмысты  тоқтату  мүмкін  болмайтын  ұйымдарда  мереке 

күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі («ҚР еңбек туралы» заңының 

58-бабы).  Мереке  күндерінде  мұндай  ұйымдардың  қызметкерлері 

олардың  келісімінсіз  ауысым  кестесіне  сəйкес  жұмысқа  тартылуы 

мүмкін. 

Егер  мұндай  жұмыстардың  туындауын  алдын-ала  білу  немесе 

болжау  мүмкін  болмаса,  қызметкерлер  белгіленген  кестелерге 


сəйкес немесе жұмыс берушінің өкімі бойынша мереке күндерінде 

жөндеу, апат, жүк тиеу-түсіру жұмыстарына тартылуы мүмкін. 

Мереке  күндеріндегі  жұмыс  үшін  ақы  екі  еседен  кем  емес 

мөлшерде  төленеді.  Тек  қызметкердің  қалауы  бойынша  ғана  оған 

үстемақының

 

орнына қосымша демалыс күні берілуі мүмкін. 



 

Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы – бұл 

жылдағы  белгілі  бір  күнтізбелік  күндер  ішінде  жұмыс  орны 

(лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып белгіленетін 

үздіксіз демалыс (жұмыс уақытынан бос уақыт). 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 60-бабы 



 

 

1.  Жеке  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істеушілерге  жұмыс 

орны  (қызметі)  мен  орташа  жалақысы  сақтала  отырып,  ақы 

төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. 

2.  Еңбек  демалысына  ақы  төлеу  ол  басталғанға  дейін 

күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. 

3. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, 

ұжымдық  шарттарда  жəне  жұмыс  берушінің  актілерінде 

қызметкерлердің 

жекелеген 

санаттары 

үшін 

өзгеше 

көзделмесе,  қызметкерлерге  ұзақтығы  кемінде  күнтізбелік  он 

сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. 

4.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  қосымша  еңбек  демалысы 

уəкілетті  мемлекеттік  орган  белгілейтін  өндірістердің, 

жұмыстардың,  кəсіптер  мен  кызметтердің  тізбесіне  сəйкес 

ауыр  дене  жұмыстары  мен  еңбек  жағдайлары  зиянды  жəне  қауіпті 

жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі. 

5.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  берудің 

талаптары мен тəртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. 

6.  Қатарынан  екі  жыл  бойы  еңбек  демалысын  бермеуге 

тыйым салынады. 

 

Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  шығу  құқығы 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  кепілденген 

құқықтар  санатына  жатады.  Жеке  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс 

істейтін  əрбір  қызметкер  ақы  төленетін  жыл  сайынғы  демалысқа 

шығуға  құқылы.  Яғни,  еңбек  демалысына  шығу  құқығы  еңбек 

құқығы қатынастарымен қатар туындайды. 


Жеке  еңбек  шартын  жасасу  қызметкерде  ақылы  еңбек 

демалысына шығу құқығының пайда болуына басты негіз болады. 

Егер  қызметкер  жеке  еңбек  шартын  жасаспаған  болса,  онда 

қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  арасында  еңбек  қатынастары 

туындамайды,  яғни,  бұл  жерде  ақы  төленетін  еңбек  демалысына 

құқық та орын алмайды. 

Сонымен  қатар,  азаматтық-құқықтық  мердігерлік  шартына 

сəйкес жұмыс істейтін немесе жеке еңбек қызметімен айналысатын 

тұлғалар  да  ақы  төленетін  еңбек  демалысына  шығу  құқығына  ие 

болмайды.  Мұндай  тұлғалар  қашан  демалысқа  шығатынын  өздері 

шешеді жəне бұл мəселеге мемлекет араласпайды. 

ҚР  Конституциясы  жəне  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңдары  қызметкерді  ақы  төленетін  еңбек  демалысына  шығу 

құқығынан  айыруға  негіз  болатындай  ережелерді  көздемейді. 

Сонымен,  жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысына  шығу 

құқығына жұмыс уақытының ұзақтығына (толық, жартылай немесе 

қысқартылған),  еңбек  ақысының  нысанына,  лауазымына  немесе 

қызметіне,  еңбек  функциясын  орындайтын  орынға  (кəсіпорында 

немесе  үйде),  жеке  еңбек  шартының  мерзіміне  қарамастан  кез 

келген  меншік  нысанындағы  (жеке,  мемлекеттік),  кез  келген 

ұйымдастырушылық-құқықтық 

нысандағы 

(серіктестіктер, 

акционерлік  қоғамдар,  кооперативтер  жəне  т.б.)  кəсіпорын,  ұйым, 

мекемелерде  жеке  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  барлық 

қызметкерлер ие болады. 

Қызметтерді  қоса  атқаратын  қызметкерлер  негізгі  жұмысы 

бойынша еңбек демалысына шыққан кезде қоса атқаратын жұмысы 

бойынша да еңбек демалысына шығуға құқылы. 

Штаттан  тыс  қызметкерлер  ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысына жалпы негіздерде шығады. 

Сонымен қатар, жеке еңбек шартының негізінде үй қызметкері, 

хатшы,  күтуші,  жүргізуші  жəне  т.б.  қызметтерді  атқаратын 

тұлғалар да ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына шығуға 

құқылы. 

«ҚР  еңбек  туралы»  заңңың  түсіндірмесінде  (авторлары: 

Е.Нұрғалиев,  А.Нұрмағамбетов)  аталып  өткендей,  тек  уақытша 

жəне  маусымдық  қызметкерлер  ғана  ақы  төленетін  жыл  сайынғы 

еңбек  демалысына  шығу  немесе  пайдаланбаған  демалыс  үшін 

ақшалай өтемақы алу құқығына ие емес. 



Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы жеке еңбек шарты 

бойынша  жұмыс  істеушілерге  жұмыс  орны  (қызметі)  мен  орташа 

жалақысы  сақтала  отырып  беріледі.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы 

еңбек  демалысы  демалу,  еңбекқабілеттігін  қалпына  келтіру  жəне 

күшейту,  емделу  жəне  денсаулығын  нығайту  жəне  қызметкердің 

өзге де қажеттіліктері үшін беріледі. 

Кəсіпорынның 

толығымен 

таратылған 

жағдайларын 

есептемегенде,  еңбек  демалысы  кезінде  қызметкерді  басқа 

жұмысқа  ауыстыруға,  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша 

қызметінен босатуға жол берілмейді. 

Еңбек  заңдарында  еңбек  демалыстарының  келесі  түрлері 

белгіленген:  ақы  төленетін  жыл  сайынғы  (негізгі  жəне  қосымша), 

əлеуметтік 

мақсаттағы 

жəне 


оқу 

демалыстары. 

Еңбек 

демалыстарының  басым  көпшілігінде  жалақы  сақталады.  Еңбек 



демалыстарының  кейбір  түрлері  қызметкердің  өтініші  бойынша 

жалақысы сақталмай берілуі мүмкін. 

Ұжымдық  шарттарда  еңбек  демалыстарының  өзге  де  түрлері 

көзделіп  өтуі  мүмкін.  Мысалы,  мемлекеттік  жəне  қоғамдық 

міндеттерді  орындағаны,  қандай  да  бір  қосымша  жұмыстарға 

қатысқаны жəне т.б. үшін көтермелеу демалыстары. 



Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жеке  еңбек  шарты  бойынша 

жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы 

сақтала  отырып  беріледі.  Қызметкердің  еңбек  демалысына  шығу 

құқығы жұмыс орнына, атқаратын еңбек функциясына, кəсіпорын, 

ұйым,  мекеменің  меншік  нысанына,  еңбек  шартының  мерзіміне 

қарамастан  жүзеге  асырылады.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысына шығу құқығын қызметті қоса атқаратын қызметкерлер, сонымен 

қатар  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  штаттан  тыс  қызметкерлер,  үй 

қызметкерлері, үйде жұмыс істейтін қызметкерлер де иеленеді. 

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс жылында бір рет беріледі (жұмыс 

жылы  қызметкердің  кəсіпорынға,  мекемеге,  ұйым-ға  жұмысқа 

тұрған  күнінен  бастап  саналады).  Ақы  төленетін  жыл 

сайынғы  еңбек  демалысын  берудің  жағдайлары  мен  тəртібі  жеке 

еңбек,  ұжымдық  шарттармен  белгіленеді.  Еңбек  демалысына  ақы 

төлеу  ол  басталғанға  дейін  күнтізбелік  үш  күннен  кешіктірілмей 

жүргізіледі. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысының  ұзақтығы  күнтізбелік  он 

сегіз  күннен  кем  болмауы  тиіс.  Күнтізбелік  он  сегіз  күн – бұл  заңда 

белгіленген  ең  аз  мөлшердегі  ақылы  еңбек  демалысы.  Еңбек 


заңдары  қызметкерлердің  жекелеген  санаттары  үшін  ұзартылған 

еңбек  демалыстарын  көздейді.  Қазіргі  кезде  заңдарға  сəйкес 

ұзартылған еңбек демалысын келесі тұлғалар пайдаланады: 

·  мемлекеттік  қызметшілер  (ҚР  «Мемлекеттік  қызмет  туралы» 

заңының 22-б.1-т.). 

Аталған 


бапқа 

сəйкес 


мемлекеттік 

қызметшілерге  ұзақтығы  күнтізбелік  отыз  күндік  еңбек  демалысы 

беріледі; 

· педагогикалық қызметкерлер (ҚР «Білім туралы» заңының 41-

б. 3-т.).  Аталған  нормативтік  құқықтық  актіге  сəйкес  орта, 

бастауыш  кəсіби,  орта  кəсіби,  жоғары  кəсіби  жəне  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  кəсіби  білім  беру

 

мекемелерінің  педагогикалық 



қызметкерлері  жəне  оларға  теңестірілген  қызметкерлер  ұзақтығы 

күнтізбелік 56 күндік еңбек демалысына, ал мектепке дейінгі жəне 

мектептен  тыс  ұйымдардың  педагогикалық  қызметкерлері 

ұзақтығы күнтізбелік 42 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы; 

·  ішкі  істер  органдарының  қызметкерлері  ұзақтығы  күнтізбелік 

30  күндік,  ал  қызметін  жоғары  таулық  аймақтарда,  ауыр  жəне 

қолайсыз  табиғат  жағдайындағы  аймақтарда  өткерген  ішкі  істер 

органдарының  қызметкерлері  еңбек  өтіліне  қарамастан  ұзақтығы 

күнтізбелік 45 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы; 

·  судьялар  ұзақтығы  күнтізбелік 30 күндік  еңбек  демалысына 

шығу құқығына ие; 

· прокуратура органдары қызметкерлері ұзақтығы күнтізбелік 30 

күндік еңбек демалысына шығуға құқылы. 

 Жұмыс  беруші  өз  қаражаты  есебінен  еңбек  демалысының 

ұзақтығын күнтізбелік 18 күннен асатындай етіп ұзарта алады. 

Еңбек 


демалыстары 

бүкіл 


жыл 

бойында 


беріледі. 

Қызметкерлерге  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарын  берудің 

кезектілігі  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда,  демалыс  кестесінде, 

жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді. 

Заңдарға сəйкес жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бөлігі) тек 

қызметкердің  келісімімен  немесе  оның  өтініші  бойынша  ғана 

ұзартылуы  немесе  келесі  жұмыс  жылына  ауыстырылуы  мүмкін. 

Ауыстырылған  еңбек  демалысы  тараптардың  келісімі  бойынша 

келесі  жылға  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердің 

өтініші  бойынша  басқа  уақытта  жеке  берілуі  мүмкін.  Алайда, 

қатарынан  екі  жыл  бойы  еңбек  демалысын  бермеуге  тыйым 

салынады («ҚР еңбек туралы» заңның 60-б. 6-т.). 



Еңбек  заңдары  қызметкерді  еңбек  демалысынан  шақырып  алу 

мүмкіндігін  де  көздейді.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жұмыс 

берушінің ұсынысы бойынша жəне қызметкердің келісімімен үзілуі 

мүмкін («ҚР еңбек туралы» заңның 64-бабы). Еңбек демалысының 

осыған  байланысты  пайдаланылмаған  бөлігі  тараптар  арасындағы 

келісім  бойынша  ағымдағы  жұмыс  жылы  ішінде  беріледі  немесе 

қызметкердің  қалауы  бойынша  келесі  жұмыс  жылындағы  еңбек 

демалысына қосылады, не өтемақы төленеді. 

Еңбек  демалысы  күндеріне  дəл  келетін  мереке  күндерін 

есептемегенде,  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарының  ұзақтығы, 

қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, 

күнтізбелік  күндермен  есептеледі.  Жыл  сайынғы  еңбек 

демалысына құқық беретін еңбектегі стажына мыналар қосылады: 

· жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт; 

· жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт; 

· еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған емделуде 

болған уақыт. 

Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстары  үшін 

орташа  жалақыны  есептеу  немесе  пайдаланылмаған  еңбек 

демалысы  үшін  өтемақы  төлеу  тəртібі  ҚР  Үкіметінің 1997 жылғы 13 

қаңтардағы № 51 қаулысында белгіленген. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек 

демалыстары  үшін  орташа  жалақыны  есептеу,  сонымен  қатар 

пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу осы кезеңде 

белгіленген қосымша ақыларды жəне сыйақының орташа мөлшерін 

ескере отырып, күнтізбелік 12 айдағы орташа жалақының есебінен 

жүзеге асырылады. 

Заңдарда  ақы  төленетін  жыл  сайынғы  қосымша  еңбек 

демалыстары да көзделген. Еңбек демалысының бұл түрі зиянды 

жəне  қауіпті  еңбек  жағдайларындағы  жұмыста  жəне  ауыр  дене 

жұмыстарында 

жұмыс 


істейтін 

қызметкерлерге 

уəкілетті 

мемлекеттік  орган  анықтайтын  өндірістер,  жұмыстар,  кəсіптер 

жəне  лауазымдар  тізіміне  сəйкес  беріледі.  Қосымша  еңбек 

демалысы – бұл  негізгі  еңбек  демалысының  құрамына  енбейтін 

бірнеше жұмыс күні барысындағы үздіксіз демалыс. 

Сонымен  қатар,  ақы  төленетін  қосымша  еңбек  демалысына 

шығу  құқығын  уəкілетті  мемлекеттік  орган  анықтайтын  тізімнің 

тиісті  бөлімдерінде  өндірістер  жəне  цехтар  бойынша  көзделген 

кəсіптер  жəне  лауазымдар  иелері  болып  табылатын  қызметкерлер 

де  пайдаланды.  Бұл  ретте  осы  өндірістер  мен  цехтардың  қайда 



жəне қандай жұмыс берушіге тиесілі екеніне қарамастан, қосымша 

еңбек  демалыстары  тиісті  қызметкерлерге  берілуі  тиіс.  Ескеріп 

өтетін  бір  жайт,  қосымша  еңбек  демалысы  қатаң  түрде  тізімге 

сəйкес  тиісті  өндірістер  мен  цехтарда  тікелей  жұмыс  істейтін 

қызметкерлерге  беріледі.  Қосымша  еңбек  демалысының  ұзақтығы 

тізімде анықталады. 



 

«ҚР еңбек туралы» заңының 65-бабы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет