жұмыс іздеп жүрген жəне оған кірісуге дайын, еңбекке
қабілетті жастағы азаматтар». Жұмыссыз мəртебесін иелену
үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда тіркелу
қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері
бойынша, жеке куəлігі, əлеуметтік жеке кодты (ƏЖК) беру туралы
куəлік, еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куəландыратын
өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар,
тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу
нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген
азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса
шетелдіктің ықтиярхатын жəне азаматтығы жоқ адам тұрғылықты
жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куəлігін табыс
етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу
жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мəжбүрлі
көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен
жұмыс іздеп жүргендер жəне бір жылдан астам уақыт жұмыс
іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды.
Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10
күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уəкілетті
органда тіркелген жұмыссыз адамдар – күнтізбелік күн
ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал селолық елді
мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына кемінде бір рет поселке,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде белгіленуі тиіс.
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
- 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
- зейнеткерлік жасына жеткен жəне еңбек өтілі бойынша
зейнетке шыққан зейнеткерлер.
Мүгедектер
медициналық-əлеуметтік
комиссия
берген
қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас
тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған
кəсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның
ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын
екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар,
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде
дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар
оларды тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде
халықты жұмыспен қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз
ретінде тану туралы қайтадан жолдана алады.
Көрнеу жалған мəліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен
қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету
жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде
тіркеуге алынбайды.
Жұмыссыздың құқықтық мəртебесі. Жұмыссыз тұлғаның
құқықтық мəртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен
тұрады:
- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен
міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек
құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз
тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда
тіркелген сəтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР
«Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы).
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды
жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты
жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда жұмыссыз ретінде
тіркелген тұлға иеленеді.
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 13-бабы
Азаматтар халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа
орналастыру саласында мыналарға құқылы:
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі
уəкілетті органға немесе жеке агенттікке тікелей
жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге жəне жұмысқа
орналасуға;
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек
көрсететін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті
органдардан жəне жеке агенттіктерден ақпарат жəне кеңес
алуға;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне
олардың
лауазымды
тұлғаларының
əрекеттерін
(əрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда
немесе сотта шағымдауға;
- мақсатты əлеуметтік көмек алуға;
- оның келісімімен уəкілеттік органдардың кəсіби
дайындықтан жəне қайта дайындықтан өтуге жіберуіне.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының
арасында аса маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын
атауға болады. Азамат бұл құқықты жұмыс берушіге – жалданбалы
еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаға тікелей жолдануы
арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық уəкілеттік
органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен
де жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, азаматтар уəкілетті органдарда немесе халықты
қамту жөніндегі жеке агенттіктерде қызметтің, жұмысқа
орналасудың, кəсіби білім алудың түрін таңдау мақсатында кеңес
жəне ақпараттар алуға құқылы. Азаматтар уəкілетті органның
жолдамасы бойынша кəсіби бағыттылыққа, кəсіби дайындыққа,
қайта дайындықтан өтуге жəне біліктілігін көтеруге құқылы.
Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар өз бетімен жұмыс іздеп,
шетелде жұмысқа орналасу құқығын иеленді. Бұл құқықты жүзеге
асыру үшін мемлекет мемлекетаралық келісімдерді жасасады.
Бұларда көшіп-қонушылардың саны, олардың біліктілік құрамы,
еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі.
Жұмыссыздардың құқықтары:
- мақсатты əлеуметтік көмек алу;
- зейнеткерлік жасына жеткенде жəне талап етілетін еңбек
стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
- кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде
жұмыссыз тұлға стипендия алады;
- жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уəкілетті орган оны
төленетін қоғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның
жұмыссыз мəртебесі сақталады;
- басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға
құқылы.
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 17-бабы
Жұмыссыздардың
жұмыспен
қамту
саласындағы
міндеттері:
- ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын сақтауға;
- уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын
жəне мерзімдерін сақтауға;
- уəкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі
бойынша жұмыс берушіге өтініш жасауға;
- уəкілетті органға:
- тұрғылықты жерін ауыстыруды;
- тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-
құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
- кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;
- ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына
қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ кұрылтайшы)
болуды;
- мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
- зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса
алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тəртібіне
ықпал ететін өзгерістер туралы мəліметтерді дер кезінде (бес
жұмыс күні ішінде) табыс етугс міндетті.
Жұмыссыздыққа байланысты əлеуметтік кепілдіктер мен
өтемақылар
Мемлекет
жұмыссыздар
үшін
олардың
материалдық
жағдайының негізін құрайтын белгілі бір əлеуметтік кепілдіктер
мен өтемақыларды белгілеген.
Жұмыссыздарды əлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек
етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік
органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық жəне өзге де көмек
ретінде түсіндіруге болады.
Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сəйкес
əлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі:
1) заңдарда белгіленген жағдайлардағы жəне мөлшердегі
материалдық көмек;
2) кəсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру жəне қайта
дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу;
3) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жəрдем беру;
4) қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу;
5) əлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз
тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру.
Белгіленген тəртіп бойынша уəкілетті органда тіркелген жəне
жұмыссыздың
мəртебесін
иеленген
жұмыссыз
азаматтар
материалдық көмекке ие болады. Материалдық көмекті алудың
жағдайлары мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді.
Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе
азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін
жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен уəкілетті
органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға
құқылы. Жұмыссыздарға кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан
өту жəне біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін əлеуметтік
дайындықтың жағдайлары жəне тəртібі заңдарда көзделген.
Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен
жүргізіледі.
Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жəрдем беру жəне
оларды жұмысқа орналастыру да əлеуметтік қорғаудың түрлерінің
бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді жəне жұмысқа
орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті
орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа
орналастыруға қатысты тыйым салынбаған.
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу
де оларды əлеуметтік қорғауға жатады. Бұл жағдайда ақының
мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, жұмыссыздарды əлеуметтік қорғау ретінде
əлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз
тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады.
Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері.
Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың
кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының
аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- кəсіп түрін таңдау еркіндігін;
- лайықты жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасауда
халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның немесе
жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды;
- кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің бос жұмыс
орындары туралы мəліметтерді беруін;
- халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның
жолдамасы бойынша жаңа кəсіпке (мамандыққа) оқудың,
біліктілігін көтерудің, дайындықтан немесе қайта дайындықтан
өтудің тегіндігін;
- қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды.
Азаматтардың еңбек нарығындағы жəне халықты жұмыспен
қамту саласындағы құқықтық жағдайы олардың (азаматтардың)
уəкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне,
əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне шағымдану құқығымен де
кепілденеді. Азаматтар бұл құқықтың негізінде халықты қамту
жөніндегі жоғары тұрған уəкілеттік органдарға немесе сотқа
жолдана алады. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уəкілетті органның жолдамасымен келген азаматпен
жеке еңбек шартын жасасудан бас тартса да, азаматтар сотқа
шағымдануы тиіс. Бұл ретте азаматтар өздерінің құқықтары
бұзылған кез келген жағдайда халықты қамту жөніндегі жоғары
тұрған уəкілеттік органдарға шағымдануға құқылы. Сотта
азаматтардың шағымдарын қарау бұл мəселелердің соттың
құзыретіне (ведомстволығына, соттылығына) жататындығын
анықтаған соң жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдардың ережелерін бұзған
тұлғалар
Қазақстан
Республикасының
заңдарына
сəйкес
жауапкершілікке тартылады. Келтірілген зиянның мөлшеріне
немесе кінəнің дəрежесіне қарай кінəлі тұлға материалдық,
тəртіптік, əкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
8 Т А Р А У
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 9-бабы.
Жеке еңбек шартының мазмұны
1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттері:
- жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы жəне
орналасқан жері, жұмыс беруші- заңды тұлғаның құрылтай
құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты;
- жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, əкесінің аты
(егер жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне
қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның
тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын
куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
- қызметкердің тегі, есімі, əкесінің аты (егер жеке басын
куəландыратын
құжатта
көрсетілсе),
жеке
басын
куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
əлеуметтік жеке кодының нөмірі (ƏЖК), салық төлеушінің
тіркелу нөмірі (СТН);
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кəсіп
бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге
ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда
жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу жəне ұзарту тəртібі;
11) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге
де жағдайлардың енгізілуі мүмкін.
Жеке еңбек шартының түсінігі жəне белгілері.
Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек
тəртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі
бір мамандық, біліктілік жəне кəсіп бойынша жұмысты) орындау
міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы жəне толық
көлемде жалақы төлеп отыру жəне қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім.
Қазіргі кезде азаматттардың еңбекке қатысты өз құқықтарын
жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап
өтсе болады. Себебі, еңбек шарты ғана еңбектің жалдау
сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының
талаптарына анағұрлым толық жауап береді.
Сонымен қатар, жеке еңбек шарты ұғымымен қоса «контракт»
ұғымы да теңдей танылды. Кең мағынада контракт дегеніміз кез
келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың (субъектілердің)
арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кəсіпкерлік жəне басқа
да қызмет саласында жаппай пайдаланылады жəне де əр түрлі
құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді.
Еңбек қатынастары саласында «контракт» ұғымы анағұрлым
тар, ерекше мағынада қолданылады жəне еңбек шартының
айрықша нысаны ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек
шартына қарағанда контракттың өзгешелігі болады. Жеке еңбек
шартының ережелері заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал
контракттың мазмұнында заңмен көзделмеген жағдайлар да көрініс
табуы мүмкін. Мысалы, контракт бойынша келісілген жағдайларға
қол жеткізілгенде қызметкерге пəтер, автокөлік, бала-бақшадан
орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша
көзделуі мумкін. Əдетте, контракт ірі кəсіпорындардың
басшыларымен, спортшылармен, мəдениет қызметкерлерімен,
оқытушылармен жəне т.б. жасалынады.
Жеке еңбек шартының белгілері. Жеке еңбек шарты
белгілерінің бірі болып шарт пəнінің өзгешелігі табылады. Жеке
еңбек шартына сəйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне
жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын
мамандықты,
кəсіпті,
біліктілікті,
лауазымды
орындауға
міндеттенеді.
Кəсіп – бұл белгілі бір қызметтің сипаты жəне мақсатымен
анықталатын еңбек қызметінің бір түрі. Мысалы, дəрігер,
оқытушы, заңгер, құрылысшы....
Мамандық – бұл қызметкердің мейлінше тиімді еңбек етуіне
мүмкіндік беретін терең жəне жан-жақты білімдері мен дағдылары
көрініс тапқан белгілі бір кəсіптің бағыты, нақты бір түрі. Мысалы,
дəрігер кəсібі бойынша хирург, педиатр, терапевт мамандықтары;
заңгер
мамандығы
бойынша
прокурор,
адвокат,
судья
мамандықтары.
Біліктілік – бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дəрежесі,
арнайы дайындық пен тəжірибенің деңгейі. Біліктілік нақты бір
қызметкердің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатынын
көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дəрежемен, санатпен
анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург.
Жұмыс беруші жеке еңбек шартына сəйкес қызметкерден жеке
еңбек шартында көрсетілген нақты бір кəсіп, мамандық жəне
біліктілік бойынша жұмысты (белгілі бір еңбек функциясын)
орындауды талап етуге құқылы. Тек жекелеген жағдайларда ғана
қызметкерді жұмысқа қабылдаған кездегі оның негізгі қызметінің
түріне жатпайтын басқа да жұмысты орындауды талап етуге
болады.
Жеке еңбек шартында белгілі бір еңбек функциясын көрсетудің
тəжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты қызметкердің бір
қызметтен екінші қызметке оның келісімінсіз ауысуы (егер мұндай
ауысу басқа жұмысқа ауысу деп саналмаса) жүзеге асырылады. Бұл
ретте жалақының мөлшері, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалысының ұзақтығы, жеңілдіктердің берілуі өзгеріссіз қалады.
Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып өндірістік
қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл
қызметкердің кəсіпорын немесе ұйымның штатына енуін жəне
осы кəсіпорынның немесе мекеменің өндірістік қызметіне
тартылуын білдіреді. Жеке еңбек шартында нақты қызметкердің
еңбекке қатысты барлық жеке қабілеттері ескерілетіндіктен, бұл
қызметкерді жұмыс берушінің келісімінсіз ауыстыруға жол
берілмейді.
Қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағынуы жеке еңбек
шартының келесі белгісі болып табылады. Кез келген мекеме,
кəсіпорын белгілі бір еңбек тəртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл,
өз кезегінде, ұжымның нақты жəне үйлескен жұмысын қамтамасыз
етеді. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерін сақтау қызметкердің міндеті
болып табылады. Алайда, ескеретін бір жайт, бұл ережелер барлық
қызметкерлерге таралмайды. Жекелеген қызметкерлерге олардың
жұмысының сипаты мен ерекшеліктеріне сəйкес бұл ережелер
таралмауы мүмкін. Кейбір ережелер тек нақты бір қызметкерлерге
ғана таралады да, қызметкерлердің қалған бөлігіне қатысы да
болмайды. Мұндай мəселелердің барлығы жеке еңбек шартында
көзделіп өтуі мүмкін.
Жеке еңбек шартының ерекшелігі болып жұмыс берушінің
қызметкерге жалақы төлеу міндеті табылады (ҚР «ҚР еңбек
туралы» заңның 70-бабы). Жалақының келесідей ерекшеліктері
болады:
· еңбекті бағалаудың бірыңғай талаптарына негізделе отырып,
еңбектің сапасына жəне санына қарай төленеді;
· жалақы төлеу алдын-ала белгіленген нормаларға сəйкес
жүргізіледі;
· төлемдердің негізгі бөлігі (тарифтік ставкалар жəне
лауазымдық жалақылар) кəсіпорынның тапқан табысына тəуелді
емес, ал қосымша бөлігі (сыйақылар жəне өзге де төлемдер)
кəсіпорынның табысына белгілі бір дəрежеде тəуелді болады (бұл
ерекшелік бюджеттік ұйымдарға қатысты орын алады);
· ақшалай нысанда жүргізіледі;
· заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс;
· белгілі бір мөлшермен шектелмейді.
Жұмысқа қабылдауға жол берілетін жас ҚР «ҚР еңбек туралы»
заңының 11-бабы
Достарыңызбен бөлісу: |