Ахметов А., Ахметова Г


еңбек  дауларын  шешуге  қатысты  қатынастар



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

еңбек  дауларын  шешуге  қатысты  қатынастар.  Бұлар 

қызметкерлердің  еңбек  жағдайларын  жəне  еңбек  заңдарының 

нормаларын 

белгілеу 

мəселелеріне 

қатысты 


реттелмеген 

келіспеушіліктерді  еңбек  дауларын  қарайтын  органдардың 

шешуімен 

байланысты 

туындайды. 

Бұл 


қатынастардың 

қатысушылары  болып  бір  жағынан  қызметкер – жұмыс  беруші, 

еңбек  ұжымы – жұмыс  беруші  табылса,  екінші  жағынан – еңбек 

дауларын  қарау  жөніндегі  орган  табылады.  Бұл  қатынастар  іс 

жүргізушілік  сипатқа  ие,  себебі  олар  еңбек  дауын  шешудің 

материалдық  жағына  емес,  оны  шешудің  процедурасына  қатысты 

болады. 

Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пəні болып 

табылады.  Ал  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  арасындағы  еңбек 

қатынастары  еңбек  құқығының  басты  пəні  бола  отырып,  өзімен 

тығыз  байланысты  өзге  де  қатынастардың  туындауына  əсер  етеді. 

Бұл  қатынастардың  кейбіреулері  еңбек  қатынастарымен  қатар 

туындап,  тоқтатылады.  Ал  басқалары  (мысалы,  еңбек  дауларына 

қатысты 


қатынастар) 

қызметкердің 

қызметі 

барысында 

туындамауы  да  мүмкін.  Мұндай  қатынастар  (мысалы,  еңбек 

дауларына 

қатысты) 

қызметкердің 

жұмысы 

барысында 



туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек 

көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады. 

Сонымен,  қазіргі  кезде  еңбек  құқығының  пəнін  қоғамдық 

қатынастардың екі тобы құрайды: 



1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі; 

2)  еңбек  қатынастарымен  тығыз  байланысты  жəне  солардан 

туындайтын өзге де қатынастар. 

Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары. 

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз 

байланысты  болады.  Олар  қызметкердің,  жұмыс  берушінің, 

өндірістің, қоғамның жəне  мемлекеттің мүдделерін білдіреді. 

Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда 

еңбек  қатынастарына  түседі,  бұл  ретте  олардың  əрқайсысы  өз 

мақсаттарын  көздейді.  Сондықтан,  еңбек  құқығының 

негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек 

үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі 

тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен 

нормалар  өндірістің  міндеттеріне  жауап  береді,  қызметкерлердің 

еңбегін,  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғайды,  жұмыс  беруші  мен 

қызметкердің  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерінің  жүзеге  асуын 

жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. 

Сөйтіп,  еңбек  құқығы  толығымен  еңбек  қатынастарының 

салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек 

құқықтарын  қорғауға  бағытталған.  Бұдан  шығатын  қорытынды, 

еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. 

Сонымен  қатар,  еңбек  құқығының  рөлі  өндірістің  тиімділігіне 

жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, 

қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан 

көрініс табады. 

Еңбек  құқығының  міндеттері,  ең  алдымен,  еңбекті  құқықтық 

реттеудің  мақсаттарына – еңбектің  тиімділігін  арттыруға,  еңбек 

жағдайының 

жоғары 


деңгейіне 

жетуге, 


қызметкерлердің 

құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған. 

Еңбек  құқығының  функциялары – бұл  еңбек  құқығы 

нормаларының  күшінің  негізгі  бағыттары.  Оларға  жоғарыда 

аталған  реттеуші  жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының 

ерекше  функцияларының  қатарынан  əлеуметтік,  қорғаушы, 

шаруашылық-өндірістік, 

тəрбиелеу 

жəне 

өндірістік 



демократияны дамыту функцияларын атауға болады. 

Əлеуметтік  функция  халықты  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз 

етеді,  еңбекке,  еңбектің  қауіпсіз  жағдайларына  жəне  еңбекті 

қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. 



Қорғау  функциясы  еңбек  жағдайының  жоғары  деңгейін,  еңбек 

заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз 

етуге,  еңбек  заңдарының  бұзылған  ережелерін  қалпына  келтіруге, 

еңбек дауларын шешуге бағытталған. 

Шаруашылық-өндірістік 

функция 


өндірістің 

тиімділігін, 

еңбектің  өнімділігін  көтеруді,  еңбек  ресурстарын  ұтымды 

пайдалануды,  еңбек  тəртібін  нығайтуды  қамтамасыз  етуге 

бағытталған. 

Тəрбиелеу  функциясы  еңбек  тəртібін  сақтауды  талап  етуден, 

материалдық  жəне  моральдық  жауапкершілік  мəселелерінен 

көрініс табады. 

 

Еңбек 

құқығының 

сабақтас 

құқық 

салаларынан 

айырмашылығы.  Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  құқығына 

қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне 

жер  құқықтары,  əкімшілік  құқық  жəне  əлеуметтік  қамтамасыз  ету 

құқықтары табылады. 

Еңбекті 

қолдануға, 

оның 

жағдайларына 



жəне 

ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек 

құқығының  пəніне  жататындығын  немесе  даудың  өзге  құқық 

салаларының  нормаларымен  қарастырылатынын  анықтау  үшін 

еңбек  қатынасының  белгілерін  талдау  қажет.  Бұның  маңызы  өте 

зор,  себебі,  осындай  талдаудың  нəтижесінде  тиісті  құқықтық 

салдар туындайды. 

Еңбек  заңдары  азаматтық  заңдармен  өте  тығыз  байланысты. 

Азаматтық  заңдар  қатысушылардың  теңдігіне  негізделген  тауар-

ақшалық  жəне  өзге  де  қатынастарды,  еңбекпен  жəне  оның 

нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни, 

азаматтық  құқықтың  пəніне  белгілі  бір  жұмысты  орындаумен 

немесе  қызмет  көрсетумен  (тұрмыстық  мердігерлік  шарты, 

тапсырма,  əдеби  тапсырыс  жəне  т.б.)  байланысты  қатынастар 

кіреді.  Бұл  қатынастар  еңбек  қатынастарына  өте  жақын  жəне 

оларға  ортақ  сипаттар  тəн:  олар  еңбекпен  байланысты,  еңбек 

шартына  (келісіміне)  негізделеді,  ақылы  сипатқа  ие.  Жеке 

меншіктің  туындауына  жəне  өсуіне  байланысты  жұмыс  істейтін 

тұлғалар  еңбек  қатынастарына  жалданбалы  қызметкер  ретінде  де, 

өндірістің меншік иесі ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне 

мүліктік  қатынастарының  белгілі  бір  деңгейде  бірігуіне  əкеледі. 


Алайда,  олардың  қандай  құқық  саласына  жататынын  анықтайтын 

өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. 

Бұл қандай айырмашылықтар екен? 

Біріншіден,  еңбек  қатынастарының  пəні  жəне  негізгі  мазмұны 

болып  еңбек  үрдісі,  ал  азаматтық  қатынастардың  (тұрмыстық 

мердігерлік,  тапсырма,  əдеби  тапсырыс  шарттары  бойынша)  пəні 

болып  еңбектің  өнімі  табылады.  Екіншіден,  қызметкер  еңбек 

қатынастарында  белгілі  бір  жұмысты  (белгілі  бір  мамандық, 

біліктілік,  лауазым  бойынша)  істеуге  міндеттенеді.  Үшіншіден, 

қызметкер  өзінің  жұмысын  белгілі  бір  ұжымның  шеңберінде 

атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының 

режимін  сақтауға,  ішкі  еңбек  тəртібінің  ережелеріне  бағынуға 

міндеттенеді. 

Ал  азаматтық  қатынастарда  аталған  талаптарды  орындау 

міндетті  емес.  Яғни,  қызметкер  еңбек  ұжымының  құрамына 

кірмейді, оған  еңбек  шарасын  орындау,  ұйымның  жұмыс режимін 

сақтау,  ішкі  еңбек  тəртібінің  белгіленген  ережелеріне  бағыну  қажеттігі 

таралмайды. Басқаша  айтар  болсақ,  азаматтық  қатынастарда  кімнің, 

қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс 

істейтіні  емес,  мұнда  белгілі  бір  жұмысты  сапалы  жəне  уақтылы 

орындау  маңызды  болып  табылады.  Мысалы,  қоршау  жасаудың 

қажеттігі  туды  делік.  Еңбек  заңдарының  нормаларына  сəйкес 

шартқа  тұрған  қызметкер  ғана    осы  жұмысты  орындауы  қажет. 

Сонымен  қатар,  ол  еңбек  тəртібін  сақтай  отырып,  ішкі  еңбек 

тəртібінің  ережелеріне  бағына  отырып  (белгілі  бір  ауысымда), 

белгілі  бір  ұжымда  жұмысты  орындауы  қажет  жəне  еңбек 

нормасын  күнделікті  орындауы  тиіс. Азаматтық  қатынастарда бұл 

жұмысты  қызметкердің  өзі  немесе  оның  бригадасы  не  оның 

қызметкері  не  барлығы  кезектесе  отырып  орындай  алады.  Олар 

күндіз  немесе  түнде,  күн  сайын  не  белгілі  бір  уақыт  өткен  сайын 

жұмыс  істеуі  мүмкін – бұлардың  барлығы  маңызды  емес.  Ең 

маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс. 

Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-

құқықтық  қатынастарды  ажырату  олардың  мазмұнына  қарай 

жүргізіледі.  Егер  еңбек  құқығының  пəні  болып  тірі  еңбек 

барысындағы  еңбек  қатынастары  табылса,  азаматтық  құқықтың 

пəні  болып  заттандырылған  еңбек  немесе  еңбек  өнімі,  оның 

нəтижесі  табылады.  Алайда,  еңбек  жəне  азаматтық  қатынастарды 

ажыратуға  қатысты  даулы  жағдайларда  еңбек  құқығының 


нормалары  үстемдікке  ие  болады.  Қазақстан  Республикасы 

Азаматтық  кодексінің 1-бабына  сəйкес,  бұл  қатынастар  еңбек 



заңдарымен  реттелмеген  жағдайда  ғана,  еңбек  қатынастарына 

азаматтық заңдар қолданылады. 

Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік 

қатынастарды 

реттейді, 

алайда, 


еңбек 

үрдісі 


кезіндегі 

қатынастарды  реттемейді.  Еңбек  заңдары  еңбек  үрдісін  реттейді 

жəне  қызметкер  үшін  белгілі  бір  құқықтық  режимді,  құқықтық 

кепілдіктерді белгілейді. 

Жер  құқығы  мен  аграрлық  құқықтың  да  еңбек  құқығына  ұқсас 

сипаттары  көп,  олар  бірлескен  еңбекті  реттейді,  оларға  еңбекті 

жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек 

құқығы  мен  бұл  құқық  салаларының  арасында  бірқатар 

айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы) 

еңбекке  негізделетін  еңбек  қатынастарын  реттейді.  Жер  жəне 

аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі 

болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің 

қатарына 

жатпайтын 

кооператор-қызметкерлердің 

еңбек 


қатынастарын реттейді. 

Еңбек  құқығына  қатысты  сабақтас  құқық  салаларының 

қатарынан  əкімшілік  құқықты  да  атауға  болады.  Басқарушылық 

топтың  еңбегін  ұйымдастыру,  кəсіпорындар,  ұйымдар,  мекемелер 

басшылығының 

жəне 


мемлекеттік 

қызметшілердің 

құқық 

субъектілігі  мəселесіне  келгенде,  бұл  екі  құқық  саласының  ортақ 



жері  көп.  Кəсіби  қызметтің  бұл  түрі  бір  мезетте  еңбек  жəне 

əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл 

қатынастар  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңымен  де,  ҚР  «Мемлекеттік 

қызмет туралы» заңымен де реттеледі. 

Соған  қарамастан,  еңбек  жəне  əкімшілік  құқықтарының 

өздеріне  тəн  айырмашылықтары  да  бар.  Олар  реттеу  пəні  мен 

əдістеріне  қатысты.  Егер  еңбек  құқығы  қызметкер  мен  жұмыс 

берушінің  еңбек  үрдісіндегі  қатынастарын  реттесе,  əкімшілік 

құқық  тиісті  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне  қатысты, 

қызметке  алу  мен  босатумен,  тəртіптік  жазалар  тағайындаумен 

жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді. 

Енді  еңбек  құқығының  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  құқығымен 

арақатынасын  қарастырып  өтелік.  Əлеуметтік  қамтамасыз  ету 

құқығы  дербес  құрылым  ретінде,  құқық  саласы  ретінде 

салыстырмалы  түрде  жақында,  өткен  ғасырдың 60-70 жылдары 


қалыптасты.  Бұған  дейін  əлеуметтік  қорғау  нормаларының  басым 

көпшілігі  еңбек  құқығы  саласына  кіретін.  Осылай,  бұл  екі  құқық 

саласын  тарихи  түп-тамыр  байланыстырады.  Сонымен  қатар, 

оларды  құқықтық  реттеудің  пəні  мен  əдістерінің  ортақ  сипаттары 

да байланыстырады. 

Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс 

берушінің  арасындағы  еңбек  қатынастары  табылса,  əлеуметтік 

қамтамасыз  ету  құқығы  азаматта  қандай  да  бір  себептермен 

жұмысқа  қабілеттігін  уақытша  не  тұрақты  жоғалтқан  немесе 

зейнеткерлік  жасына  жеткен  жағдайда,  оларды  материалдық 

қамтамасыз  ету  үрдісінде  қалыптасатын  қоғамдық  қатынастарды 

реттейді.  Əдетте  бұл  қатынастар  еңбек  қатынастарымен  тығыз 

байланыста  болады.  Мұндай  жағдайда  азаматтарды  материалдық 

қамтамасыз  етудің  мөлшері  олардың  еңбек  қатынастары  үрдісінде 

алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі. 

Сонымен  қатар  бірқатар  айырмашылықтар  да  бар.  Оларды 

мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек  

құқығын жүзеге асырады, ал əлеуметтік қорғау құқығының реттеу 

пəні  болып  материалдық  қамтамасыз  етуге  қатысты  құқықты 

жүзеге  асыру  болып  табылады.  Еңбек  қатынастары  үрдісінде 

жалақы  төлеу  қызметкер  жұмыс  істейтін  кəсіпорынның,  ұйымның 

немесе  мекеменің  қорынан  жүзеге  асырылады.  Ал  əлеуметтік 

қамтамасыз  ету  құқығы  жəрдемақылар  мен  зейнетақыларды 

орталықтандырылған  қорлардан  төлеуді  көздейді.  Сонымен 

қатар,  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  құқығына  еңбек  құқығындағы 

материалдық төлемдердің шарттық əдісі тəн емес. Құзыретті органдар 

қабылдаған  құқық  нормаларының  негізінде  азаматтар  материалдық 

қамсыздандырылады,  сондықтан  мұндай  шараларды  өзгертуге  жəне 

тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды. 

Еңбек  құқығы  саласының  жүйесі.  Əрбір  құқық  саласының, 

соның  ішінде,  еңбек  құқығының  да  өз  жүйесі  бар.  Еңбек  құқығы 

саласының  жүйесі – бұл  оның  нормаларының  құрылымы  жəне 

орналасу  тəртібі.  Бұл  кезектілік  еңбек  құқығы  қатынастарының 

туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай құрылады. 

Еңбек  құқығы  қатынастары – бұл  еңбек  құқығының 

нормаларымен  реттелген  еңбек  қатынастары,  бұл  қызметкер  мен 

жұмыс  берушінің  арасындағы  қызметкердің  еңбегін  пайдалану 

жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге 


міндетті,  ал  жұмыс  беруші – тұрақты  түрде  жалақыны  төлеп 

отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті. 

Еңбек  құқығы  саласының  жүйесі  екі  бөлімнен  тұрады:  жалпы 

жəне ерекше бөлімдер. 



Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне 

жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық 

жəне  салалық  тиістілігіне  қарамастан,  олардың  (қызметкерлердің) 

еңбегін  пайдалану  жəне  ұйымдастырудың  жалпы  мəселелерін 

реттейтін нормалар жатады. 

Еңбек  құқығы  саласының  ерекше  бөлімі  институттарға,  яғни, 

еңбек  құқығы  қатынастарының  туындау  жəне  жүзеге  асырылу 

деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың 

топтарына  сəйкес  құрылады.  Ерекше  бөлім  халықты  жұмыспен 

қамтумен  жəне  жұмысқа  орналастырумен  басталады,  одан  кейін 

орталық  институт – жеке  еңбек  шарты,  оның  туындауы,  өзгеруі 

жəне  тоқтатылуы,  содан  соң – жұмыс  уақыты  жəне  демалыс 

уақыты  институты,  жалақы  институты,  кепілдік  жəне  өтемақылық 

төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау 

институты  орналасқан.  Ал  бұлардан  кейін  еңбек  қатынастары 

тараптарының 

келтірген 

зияндары 

үшін 

материалдық 



жауапкершілік  институты,  еңбек  даулары  институты,  еңбектегі 

қадағалау жəне т.б. институттары орын алған. 

Сала  ретіндегі  еңбек  құқығының  жүйесінен  еңбек  заңдарының 

жүйесін  ажырата  білген  жөн.  Олар  мазмұн  жəне  нысан  ретінде 

өзара  байланыста  болады.  Еңбек  заңдарының  жүйесі  нормативтік 

құқықтық  актілерден,  олардың  преамбулаларынан,  баптарынан, 

қорытынды  ережелерінен  жəне  т.б.  тұрады.  Сол  себепті,  еңбек 

құқығының  жүйесі  еңбек  заңдарынан  көрініс  табады,  ал  еңбек 

заңдары  еңбек  құқығының  қайнар  көзі  болып  табылады  деген 

тұжырымға келуге болады. 

    

Тақырып бойынша сұрақтар: 

 

1. Еңбек дегенеміз не? Еңбектің қандай түрлерін білесіз? 

2.  Құқық,  соның  ішінде,  еңбек  құқығы  жөнінде  не  білесіз? 

Құқық нені реттейді? 

3. Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді? 

4. Қандай қатынастар еңбек қатынастары деп аталады? 



5.  Еңбек  қатынастары  меншіктің  қандай  түрлеріне  негізделуі 

мүмкін? 


6.  Еңбек  құқығының  пəнін  атаңыз  (яғни,  еңбек  құқығы  қандай 

қатынастарды реттейді, оларды атаңыз)? 

7.  Еңбек  құқығының  пəнінде  қай  қатынастар  басты,  жетекші 

рөлге  ие,  қайсылары  алдымен  туындайды,  қандай  қатынастар 

əрқашан  орын  алады,  қандай  қатынастар  қызметкердің  жұмысы 

барысында туындамауы да мүмкін? 

8. Еңбек қатынастарының ерекше белгілері қандай? 

9.  Құқықтың  қай  салалары  еңбек  құқығымен  сабақтас  болып 

табылады? Олардың ұқсастығын жəне айырмашылықтарын атаңыз. 

10. Еңбек құқығының міндеттері мен функцияларын атаңыз. 

11.  Еңбек  құқығының  жүйесі  неше  бөліктен  тұрады?  Олардың 

əрқайсысы туралы айтыңыз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



2  Т А Р А У 

 

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

Еңбек  құқығының  негізгі  қағидаларының  түсінігі  жəне 

мəні.  «Қағида»  сөзінің  өзі  латын  тіліндегі «principium» cөзінен 

туындаған жəне оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. 

Осылай, «қағида»  түсінігі  басшылыққа  алынатын  идеяны,  негізгі 

ережені,  бастаманы  білдіреді.  Құқықтық  түсініктер  жүйесінде 

қағида  басты  түсінік  болып  табылады,  себебі,  ол  бүкіл  құқықтық 

жүйенің  негізін  құрайды  жəне  осы  құқықтық  жүйенің  барлық 

қасиеттерін өзіне сіңіреді.  Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының 

қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы. 



Еңбекті  құқықтық  реттеудің  негізгі  қағидалары – бұл 

қолданыстағы  еңбек  заңнамасының  мəнін  қысқаша  көрсететін 

басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды 

жəне дамуды бағыттайды. 



Еңбек  құқығының  қағидалары  ретінде  еңбек  құқығы 

нормаларының  мəнін  жəне  мемлекеттің  еңбек  қатынастарын 

құқықтық  реттеу  саласындағы  саясатының  басты  бағыттарын 

көрсететін,  қолданыстағы  заңнамада  бекітілген  негіздемелік 

бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады. 

Еңбек  құқығының  қазіргі  кездегі  қағидалары  еңбекті 

ұйымдастыру  саласындағы  қоғамдық  қатынастардың  қалыптасқан 

жүйесінен  көрініс  береді.  Олар  объективтік  экономикалық 

заңдардың күшіне тығыз байланысты. 

Еңбек  құқығының  қағидалары  заңнамадан  көрініс  табады  жəне 

заңнамалық  тұрғыда  бекітілген,  себебі,  осы  қасиет  бұл 

қағидалардың  құқықтық  қағида  деп  аталуына  негіз  болады.  Еңбек 

құқығының  негізгі  қағидалары  ҚР  Конституциясында  жəне  осы 

құқық  саласының  маңызды  заң  шығарушы  актілерінде  бекітілген. 

Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабының 1-тармағында 

республика  қызметінің  негіздемелік  қағидалары,  ал 2-бөлімде   

еңбек бостандығы  қағидасы  бекітілген. 

Қолданыстағы  заңнамаға  талдау  жасайтын  болсақ,  еңбек 

құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн: 

·  олар  экономикалық  жəне  саяси  жағдайлармен  байланысты, 

себебі,  қағидалардың  өзі  мемлекеттік  саясаттың  негізінде 

анықталады; 



·  олардың  мазмұнына  ортақтық  тəн,  себебі,  қағидалар 

əрқашанда  құқықтың  бір  ғана  емес,  бірқатар  нормалар  тобының 

мəнін көрсетеді; 

· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет 

құқық  нормаларында  бекітеді  жəне  санкциялайды,  қағидалар  

ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық 

идеялар болып табылады; 

· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық 

нормасының  белгілі  бір  құқық  жүйесінің  шегіндегі  өзге 

нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады; 

· 

мақсаттылыққа 



ие, 

себебі, 


құқық 

нормаларының 

динамикадағы,  қозғалыстағы,  белгілі  бір  мəселелерді  шешудегі 

мəнін көрсетеді; 

·  тұрақтылыққа  ие,  себебі,  құқық  қағидалары  ұзақ  уақыт  бойы 

əрекет  етеді  жəне  өзінің  табиғаты  бойынша  құқық  нормаларына 

қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие. 

Ұзақ  уақыт  бойы  оқу  əдебиеттерінде  еңбек  құқығы  саласының 

қағидалары  өте  қарапайым  тұрғыда  түсіндірілді.  Оларды,  ең 

алдымен,  ҚР  Еңбек  туралы  заңдар  кодексінің 2-бабының 

мазмұнымен  байланыстырды,  бұл  бапта  қызметкердің  негізгі 

құқықтары  мен  міндеттері  анықталған  болатын.  Алайда, 

қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана 

құқықтары  мен  міндеттерімен  байланыстыруға  болмайды. 

Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда əлдеқайда кеңірек, себебі, 

олар  өздерінің  реттеушілік  əсерімен  еңбек  құқығының  барлық 

субъектілерін  (қызметкерлерді,  жұмыс  берушілерді,  еңбек 

ұжымдарын  жəне  олардың  өкілдік    органдарын)  қамтиды.  Бұл 

жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары 

мен  міндеттерін  жариялап  қана  қоймауы  тиіс,  сонымен  қатар, 

олардың  шын  мəнінде  жүзеге  асырылуын  да  қаматамасыз  етуі 

қажет. 


Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада: 

1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының 

басты  мазмұнын  көрсетеді,  сол  арқылы  еңбек  заңанамасының 

мəнін  жəне  оның  экономикамен,  саясатпен,  қоғамдық  моральмен 

байланысын түсінуге көмек береді; 

2)  еңбек  заңнамасының  одан  əрі  дамуына,  жетілуіне  бағыт 

береді; 


3)  еңбек  құқығының  нормаларын  қолдануға  көмек  береді, 

себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы 

басшылыққа алуға болады; 

4)  жекелеген  нормаларды  еңбек  құқығының  жүйесіне 

біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары 

бойынша топтастыруға мүмкіндік береді; 

5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін 

анықтайды,  олардың  еңбекке  қатысты  негізгі  құқықтары  мен 

міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет