Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет11/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

 
Екiншi әңгiме 
немесе 
Лингвистика және әдебиет 
 
Сұрақ. “Филологияның негiзгi тiрегi – мәтiн, филологтың пiкiр-
тұжырымы мәтiнге негiзделуi шарт” дедiк. “Мәтiн –адам ойының 
ескерткiшi, мәдениет жәдiгерi” деген пiкiр айтылды. Демек, бiздiң қайта-
қайта ауызға алып отырған “мәтiнiмiздiң” әдеттегi түсiнiгiмiзде қалыптасып 
үлгерген “қаламгер шығармасының мәтiнi” деген мағынадан сәл де болса 
айырмашылығы бар болғаны ма? 
Жауап. Олардың арасында айырмашылық бар. Бiз “мәтiндi” тек көркем 
шығармаға ғана қатысты алып отырған жоқпыз. Бұл тұстағы “мәтiн” 
ұғымын арғы-бергi “жазба ескерткiштердiң тiлдiк мазмұны” мәнiнде 
қабылдаған ләзiм.
Сұрақ. Сөз күнделiктi қарым-қатынаста да ұдайы қолданыста болады. 
Соған орай “Адам ойының сыртқы көрiнiсi – сөз. Сөз – тiлдiк бiрлiк. Тiл – 
адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы” деген де түсiнiк бар. Сонда 
мәтiн құрамынан тыс қалған сөздердiң жайы қалай болмақ? 
Жауап. Бұл сұрақ сөздi зерттеу нысанасы еткен түрлi ғылымдар 
жайында қысқаша болса да, әңгiме етуге жетелейдi. Себебi – тiлдi 
қарастыратын ғылым салалары аз емес. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы 
тiлдi зерттеудегi мақсатына байланысты. Мәселен, логика тiлдi ойлау 
формаларының логикалық жүйесiне қатысты, психология тiлдi адам 
психикасының қалыптасуы мен қызметiндегi орнына қатысты қарастырса
семиотика үшiн тiл – қандай да бiр белгiлер жүйесi болып табылады. Бұл 
орайда тiлдi әдеби шығармашылық материалы және әдеби мәтiндi 
көркемдеушi құралдар жүйесi ретiнде қарастыратын әдебиеттану мен тiлдi 
қарым-қатынас құралы ретiнде зерттейтiн лингвистика жайына арнайы 
тоқталып өту артық болмасы анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет