Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Байтұрсыновтың, Құдайберген Жұбановтың, Халел Досмұхамедұлының



Pdf көрінісі
бет7/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Байтұрсыновтың, Құдайберген Жұбановтың, Халел Досмұхамедұлының 
еңбектерi оралуы да заңды. 
Алайда мәдениет те, ғылым да бiр сәтте пайда бола қалмайтыны мәлiм. 
Қазақ филологиясының түп-тамыры да әрiден бастау алатыны анық. 
Әдебиеттiң халықтық үлгiлерiнде кездесетiн эстетикалық ойларды 
есептемегеннiң өзiнде, хатқа түскен, филологиялық сипаты айқын, тамыры 
қазақ топырағына тартатын еңбектер де баршылық. Нақты деректерге 
жүгiнер болсақ, әлем тарихындағы ұлы философтардың бiрi Әбу Насыр әл-
Фарабидiң (870 – 950 жылдар) бiрыңғай әдебиет мәселелерiне арналған 
“Өлең ырғағы туралы”, “Ырғақ пен өлең туралы сөз”, “Поэзия өнерiнiң 
негiздерi туралы трактат”, “Өлең кiтабы” атты шығармалары филология 
ғылымының қазақ танымы үшiн кеңес дәуiрiмен iлесе келген жаңа нәрсе 
болмағанын айғақтаса керек. Ол аз болса, әл-Фараби өзiнiң “Аристотель 
еңбектерiне 
түсiндiрме” 
деген 
еңбегiнде 
Аристотельдiң 
әйгiлi 
“Поэтикасына”, “Риторикасына”, “Софистикасына” талдау жасайды. Араб 
ғалымы Ибн Аби Усайбиа (1203 – 1270 ж.ж.) әл-Фарабидiң “Өлең және 
ұйқас туралы сөз” деген еңбегi болғанын айтады.   



Өзiмiз жоғарыда әңгiмелеп өткен европалық филология тарихында 
сөздiктер жасау iсi XVI ғасырдың орта шенiнен бастау алса, түркi тiлдерiнiң 
алғашқы ғылыми грамматикасы болып табылатын Махмұд Қашғаридың 
әйгiлi “Түркi сөздерiнiң жинағы” (”Диуани лұғат ит-түрк”) атты еңбегi XI 
ғасырдың еншiсiнде.
Сондай-ақ, Қашғаридың замандасы Жүсiп Баласағұнның “Құтты 
бiлiк” (“Құтадғу бiлiг”), XIII – XIV ғасырларда жазылған “Қыпшақ тiлiнiң 
сөздiгi” (“Кодекс Куманикус”) аталатын еңбектердi қазақ филологиясының 
қасиеттi iргетасы деуге болады. Бұл еңбектерде философия, жаратылыстану, 
тарих, логика, этнография, әлеуметтану, қоғамтану, музыка, этика, т.б. да 
көптеген салаларға қатысты мәселелердiң филологиялық ойлармен қатар 
өрбiп отыруы – сол дәуiрлердегi барлық ғылыми iзденiстерге ортақ сипат. 
Сұрақ. Европалық ғылым дамуында да осы үлгiдегi үрдiс болғаны 
филология тарихын сөз еткен тұста байқалып отырған. Ал ендi қазiргi 
филологияның бiтiмiн байқататын маңызды сипаттардың қатарына қандай 
мәселелердi қосамыз?
Жауап. Зерттеу нысанына алынған қандай да бiр құбылысқа келудiң 
негiзгi екi түрлi жолы болатыны ғылым тарихынан баршамызға жақсы 
таныс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет