Байланысты: Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы 1. Сабақтастық ұғымы 2. Мектеппен дене тәрбиесі мазмұнымен сабақтастығы 3. Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмы
Мектепке дейінгі мекеме, мектеп, отбасында дене тәрбиесі бойынша сабақтастықты жүзеге асыру формалары
№
Формалары
1
2
1
Сабақтастық мәселесіне байланысты біріккен сабақтар, педагогикалық Кеңес, отырыстар, дөңгелек үстелдер өткізу.
2
Педагогтар үшін ғана емес, ата-аналар үшін психологиялық-коммуникативтік, педагогикалық-коммуникативтік тренингтер,әдістемелік жұмыс формаларын (семинар, баяндама, дөңгелек үстел, т.б.) ұйымдастыру
3
Бірінші сыныпқа қабылдауды мектепке дейінгі ұйым базасында ұйымдастыру.
4
Болашақ бірінші сыныптықтарды диагностикалау және психо-педагогикалық паспорт жасақтау, оны мектепке жіберу.
5
Бастауыш мектепке мектеп жасына дейінгі балалар үшін (ата-аналарымен бірге) «Ашық есік күнін» өткізу.
6
Мектепалды даярлық тобында болашақ оқушыларды 1-сынып мұғалімдерімен қарым-қатынасқа түсіру.
7
Мектепалды даярлық тобы мен бірінші сыныптықтар үшін кіріктірілген, біріккен сабақ өткізу.
8
Мектепалды даярлық тобы мен бірінші сыныптықтар үшін балабақша мен мектепте күнтізбелік-мерекелер ұйымдастыру.
9
Мереке, ойындарды біріккен жағдайда өткізу
10
Мектепалды тобы (МДҰ) мен бастауыш мектептің (бірінші сынып) өзара байланысын үнемі қамтамасыз ету.
12
Өзара сабаққа қатысу.
Бұл қызметтер сабақтастық сақталған жағдайда нәтижелі болмақ.
Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз десек білім беруде, соның ішінде мектепке дейінгі ұйым, отбасы, мектеп сабақтастығы сақталып көрсетілген формалармен жұмыс жасайтын болса, бала дамуы мен тәрбиесі (дене тәрбиесі) табысты болары сөзсіз. Сабақтастықтың бір формасы біріккен сабақтар өткізу. Төменде біріккен сабақ үлгісі ұсынылып отыр.