Байланысты: Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы, мектеппен дене тәрбиесіндегі сабақтастығы 1. Сабақтастық ұғымы 2. Мектеппен дене тәрбиесі мазмұнымен сабақтастығы 3. Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмы
3. Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмыс
1 Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз – сабақтастықтың оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу қажеттілігі мақсатында оның аралас буындары арасында өзара байланыс орнату. Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының, оны жүзеге асыру әдістерінің өзара байланысты болуын көздейді. Н.К.Крупская балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын көрсете келіп: «Eгер біз балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз мектепті неғұрлым жоғары сатыға көтереміз...», - деп айтты. Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтықтың қажеттігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие рөлінің едәуір артуына байланысты да мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие - халыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны. Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балаларды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын көздейді.