Біз жаңа Қазақстанның негізін қалап, іргесін кеңейтуге бүкіл халық болып жұмылдық. Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Біздің барлық жетістігіміз – түрлі кәсіп иелерінің ерен еңбегінің жемісі. Ұстаздарымыз ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа белеске жол ашты. Дәрігерлеріміз ұлт саулығы үшін барлық күш-жігерін салып еңбек етті. Әсіресе, пандемия кезінде адам өміріне араша түсіп, індетпен аянбай күресті. Әскери қызметшілер ел шебін қас қақпай күзетті. Тәртіп сақшылары тыныштығымызды, қауіпсіздігімізді қорғады. Төтенше жағдай қызметкерлері қатерден қаймықпай, талай жанды аман сақтап қалды. Зиялы қауым мәдениетімізді байытып, ғылыми әлеуетімізді арттырды. Мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет етіп, елдігіміздің тұғырын бекіте түсті. Құрылысшылар миллиондаған шаршы метр үй, мыңдаған шақырым жол салып, өрісімізді кеңейтті. Диқандар дән егіп, шопандар төрт түлігін өргізіп, ырысымызды көбейтті. Мұнайшылар қара алтын өндіріп, қазынамызды байытты. Кеншілер жер қойнауын игеріп, игілігімізді еселеді. Өнерпаздар әлемді мойындатып, Тәуелсіз Қазақстанды жер жүзіне танытты. Спортшылар дүбірлі додаларда туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті. Кәсіпкерлер өндіріс орындарын ашып, жұртты жұмысқа тартты. Еңселі ел болуымызға барлық саланың, түрлі мамандықтың өкілдері және барша азаматтарымыз бір кісідей атсалысты. Түптеп келгенде, Тәуелсіздікті нығайту дегеніміз – елге пайдасы тиетін нақты жұмыстарды жүзеге асыру. Қазақстан сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің арқасында зор жетістікке жетті. Мен осы мерейлі сәтте Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлесі үшін дүйім жұртқа алғыс айтамын!
30-летний юбилей Независимости – это время подведения итогов и осмысления уроков пройденного пути. Народ Казахстана в полной мере воспользовался историческим шансом, успешно построив суверенное государство. Однако в условиях новых глобальных и региональных вызовов для приумножения достижений Независимости нам следует удвоить и даже утроить усилия. Другими словами, почивать на лаврах ни в коем случае нельзя. Предстоит напряженный каждодневный труд буквально во всех сферах социально-экономической жизни.
Чтобы наши усилия были продуктивны, мы должны расширять горизонты развития нации и иметь четкое представление о перспективах будущего нашего государства. Важно реально оценивать свои возможности, действовать максимально прагматично с учетом фундаментальных интересов страны. Перед нами стоят новые задачи, касающиеся повышения качества жизни граждан. Мы будем четко следовать основополагающему принципу «не человек для государства, а государство для человека». С большими надеждами наше общество восприняло концепцию «Слышащего государства». Поэтому государственные служащие должны приложить максимум усилий, чтобы оправдать ожидания и учесть пожелания каждого гражданина. Исполнительная власть, включая руководителей регионов, городов, районов, обязана упорно и продуктивно трудиться на благо народа. Наша главная цель состоит в том, чтобы все граждане Казахстана ощущали на себе практическую пользу от экономического развития, потому что для людей важны реальные блага. Ведь успех страны складывается из успеха каждого ее гражданина. Как известно, мир вступил в эпоху кардинальных перемен. В условиях растущей геостратегической турбулентности, давления внешних факторов нам нужно сохранить и укрепить наше великое достояние – единство народа. Наш народ известен всему миру своей религиозной, культурной, языковой толерантностью. Обязанность государства – культивировать это ценнейшее качество среди молодежи, которую следует воспитывать в истинно патриотическом, интернациональном духе.
Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін, ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы – жауапты. Осыны жете түсінетін кез келді. Біз әрдайым кеңпейіл болып, өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытуымыз керек. Сонда ғана берекелі бірлігімізді сақтап, тату-тәтті өмір сүреміз.
Казахстан никогда не стоял на месте, наша страна всегда была на марше, осуществляя необходимые преобразования и реформы. Теперь же перед нами стоит задача оперативного строительства экономики будущего. Ее основой станут новые технологии, искусственный интеллект, высокая производительность труда, творческая инициатива. И в этой работе решающее слово именно за молодежью. Государство в своих действиях всегда будет опираться на ответственных граждан, целенаправленно развивая конструктивный диалог и сотрудничество внутри общества. Мы продолжим последовательную политическую модернизацию, но не допустим социального антагонизма, скатывания в популизм, дестабилизации внутренней ситуации. В стране должен царить закон как твердая основа гармонии и порядка. В предстоящем десятилетии ключевым приоритетом государственной политики будет улучшение экологии. Казахстан усилит всестороннее внедрение цифровых технологий. Нам нужно и дальше укреплять в обществе дух и практику предпринимательства, не словами, но делами подтверждать реноме нации созидателей.
Қазақстанның жиырма, отыз жылдан кейінгі болашағы еліміздің әрбір азаматына, яғни әрқайсымызға тікелей байланысты. Бұл – айрықша тарихи маңызы бар мәселе. Алдағы онжылдық Отанымыздың жаңа белеске көтерілетін кезеңі болады деп сенемін.
Бүгінгі ауқымды жоспарларымыз жүзеге асып, толағай табысқа жетеріміз анық. Тұңғыш Президентіміз ұзақмерзімді стратегиясында еліміздің бағыт-бағдарын айқындап берді. Біз осы бағдарды ұстанып, Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртуға, экономикамызды жан-жақты дамытуға және жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға арналған. Недавно Нурсултан Абишевич Назарбаев очень емко сформулировал «Семь столпов государственности». Эта своеобразная ценностная матрица нашей нации близка и понятна каждому гражданину. Представленный свод фундаментальных принципов послужит важнейшему делу консолидации нашего народа во имя новых свершений
Елбасымыз жуырда жариялаған мақаласында Тәуелсіздіктің мән-маңызы мен қадір-қасиетін барынша ашып көрсетті. Егемендік жолымыз бүгін де жалғасуда. Осы күрделі жолда кедергілер, қиыншылықтар аз болмасы анық. Оны еңсеруге біз бәріміз әрқашан дайын болуымыз қажет. Осы тарихи шындықты, жауапкершілікті терең сезіне білуіміз керек. Бұл ұстаным мемлекеттік стратегиямыздың өзегіне айналуға тиіс. Сонда ғана ел бірлігі, татулығы нығая бермек
Только вместе мы сможем построить эффективное государство и справедливое общество. Только вместе мы обеспечим последовательный рост благосостояния всех граждан. Только вместе мы возвысим здание нашей священной Независимости, укрепим суверенитет и влияние нашей страны в стремительно меняющемся мире.
Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда отыз жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі. Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны міндетті түрде жалғастыра береміз. Ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтай білуіміз қажет. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінетін болады. Біздің мақсатымыз – осы. Бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздікке жету үшін күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін күреседі. Біз бүгінгі елдік істерді жастарға аманаттаймыз. Қазіргі ауқымды жұмыстың бәрі жарқын болашақ үшін жасалуда. Егемендік кезеңінде ойы азат, рухы биік Тәуелсіздік перзенттері өсіп-жетілді. Шын мәнінде, олардың әлеуеті өте зор, мүмкіндіктері орасан. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, біздің үмітімізді ақтайды деп сенемін. Жолдарыңыз кедір-бұдырсыз болмайды, сондықтан, көп білім алып, рухани жағынан байып, нағыз азамат ретінде қалыптасу керек.
Уақыт тынысын дөп басып, заман талабына бейімделе білген жұрт ешқашан ұтылмайды. Кез-келген сынаққа дайын тұрады. Біз күш-қуаты мен қарым-қабілеті сай кемел халық болуымыз керек. Күнде өзгеріп жатқан құбылмалы кезеңде бұл мақсатқа жету күрделі екені анық. Қазір әлемге тұрақсыздық факторлары әсер етуде. Оның үстіне, пандемияға байланысты жаңа сын-қатерлер пайда болды. Бірақ, жұртымыз қиындықтың бәрін еңсере алатынына сеніміміз зор. Себебі, тұғыры мызғымас мықты мемлекетіміз бар.
Даму жолымызды нақты нұсқап тұрған стратегиялық мақсаттарымыз бар. Еліміз өзінің сара жолынан айнымай, алға қадам баса береді. Біз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Осы баға жетпес құндылығымызды қастерлеп, қуатты Қазақстанды дамыту үшін бәріміз жұмылып, бір ел болып аянбай еңбек етейік.
Tags: qazaqstan30 meninqazaqsta