Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық бастама көтердік. Елге қомақты инвестиция әкелдік. Ұлы Жібек Жолының бойында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырдық. Заманауи өндіріс орындарын салып, сан түрлі жаңа өнім шығара бастадық. Тұрғын-үй құрылысының қарқынын күшейттік. Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейін стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік. Түрлі бағыттар бойынша ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырдық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды қолға алдық. Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды. О наших впечатляющих успехах в государственном строительстве, повышении благосостояния народа убедительно говорят конкретные цифры и факты. Благодаря масштабным реформам объем отечественной экономики в реальном выражении увеличился в 2,5 раза. Валовый внутренний продукт на душу населения в долларовом эквиваленте вырос более чем в 13 раз и обеспечил нашей стране безусловное лидерство в Центральной Азии. В Казахстан привлечено более 370 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций. По этому показателю на душу населения мы опережаем все постсоветское пространство и ряд восточноевропейских стран. Международные резервы Казахстана составляют свыше 90 миллиардов долларов. Серьезных успехов наша страна достигла в развитии регионов, транспортной инфраструктуры, социальной сферы. Построено и реконструировано 13 тысяч километров автодорог и 2500 километров железнодорожных путей.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Өндіріс саласына серпін берілді. Аумағы 180 миллион шаршы метрден астам үй салынды. Соның нәтижесінде бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 1999 жылдан бері 10 есе өсті. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам мектеп салынды. 21 Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Біз кадр дайындаудың жаңа тәсіліне көштік. Мемлекеттік білім беру тапсырысы жыл өткен сайын көбейіп келеді, соңғы 20 жылда оның саны 5 есе өсті. Күрделі кезеңге қарамастан «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Білім беру саласының ең озық мекемесіне айналған Назарбаев университеті құрылды. Ғылым саласын дамытуға арналған қаржы көлемі бірнеше есе артты. Соның арқасында жаңа институттар мен ғылыми орталықтар ашылуда, жас ғалымдардың қатары көбеюде. Денсаулық сақтау – ұлттың бәсекеге қабілетін арттыратын маңызды саланың бірі ретінде жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды. Елордамызда медицина кластері құрылды. Қомақты инвестицияның арқасында фармацевтика саласында маңызды қадам жасалды. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті. Коронавирус індетіне қарсы отандық вакцина жасап шығарылды. Бұл жетістік ұлттық медицина ғылымының әлеуеті зор екенін көрсетті.
Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдағы мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр, олардың жалақысы және қосымша төлемақысы көбейтілуде. Ал, ұлт саулығын сақтау үшін мемлекетімізде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасалуда. Елімізде 38 спорт нысаны бой көтерді, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды.
Тәуелсіздік кезеңінде төл мәдениетіміз жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, қайта өрлеу кезеңіне қадам басты. Ауқымды «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Көптеген құнды жәдігеріміз елдің игілігіне айналды. Тарихи-мәдени мұралар инфрақұрылымы біртіндеп кеңейтілуде. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды. Үздік әдеби туындыларымыз алғаш рет әлем тілдеріне аударылды. Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды. Ұлт киносы әлемге таныла бастады. Қазақ мәдениетінің жаңа шоғыры әйгілі сахналарда өнер көрсетуде. Армиямыз қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етіліп, еліміздің қорғаныс қабілеті нығая түсті. Сот және құқық қорғау жүйесінде маңызды реформалар жасалып, азаматтардың құқықтары тиімді қорғалуда. Олардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс белсенді жүргізілуде, тиісті заңнамаларды жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды.
Наши достижения неразрывно связаны со сбалансированной, прагматичной, многовекторной внешней политикой. Фундаментальные основы международной стратегии Казахстана остаются неизменными. Они опираются на такие незыблемые приоритеты, как защита суверенитета и территориальной целостности нашего государства, продвижение национальных интересов на мировой арене. Историческим по своей сути достижением Казахстана и его Лидера, Первого Президента – Елбасы является законодательное оформление государственной границы. Этот международный акт стал надежной юридической и политической гарантией Независимости нашей страны. Казахстан привержен своим обязательствам в рамках международных организаций и на двустороннем уровне. Яркое свидетельство эффективности такого подхода – признанное лидерство Елбасы в глобальном антиядерном движении.
Высокую оценку международного сообщества получило действенное посредничество в урегулировании различных межгосударственных и гражданских конфликтов. Востребованной на глобальном уровне оказалась инициатива Елбасы по проведению регулярных Съездов лидеров мировых и традиционных религий. Своеобразной визитной карточкой казахской дипломатии стал уникальный форум – Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии. Показателем результативности внешней политики Казахстана явилось председательство в ОБСЕ в 2010 году и непостоянное членство в Совете Безопасности ООН в 2017-2018 годах. Можно с уверенностью сказать: за годы Независимости в Казахстане была создана прочная основа социально-экономического развития в новых исторических и геополитических условиях. Преодолев мировые финансово-экономические потрясения последних десятилетий, успешно противостоя невиданной ранее пандемии, мы, граждане Республики Казахстан, продолжаем двигаться вперед, уверенно смотрим в будущее.
Тридцать лет Независимости – это целая эпоха. Это эпоха упорного преодоления тяжелейших трудностей и испытаний, эпоха, сравнимая с протяженной тернистой дорогой в неизведанное. Это эпоха созидания, по своим достижениям и значению ставшая поворотной в истории нашего народа. Поэтому от имени граждан нашей страны хочу выразить Нурсултану Абишевичу Назарбаеву сердечную благодарность за его титанический труд в деле строительства Независимого Казахстана!
По мере развития и укрепления Независимости наш народ все глубже осознает ее бесценное, сакральное значение как нашего вечного достояния. Наша святая обязанность – сохранить Независимость для будущих поколений, которым предстоит превзойти наши достижения. Нынешнее поколение руководителей страны сделает все возможное, чтобы открыть, прежде всего для молодежи, широкие перспективы всестороннего роста в различных областях общественной жизни.