ҚАЗАҚ – ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
АҚЫЛДЫЛАР МЕН АЛҒЫРЛАР
ӘДЕБИ ОЙЫНЫ
Жетекші:Ерекешова Г.А.
Тобы:
АҚТӨБЕ 2023ж
Сайыстың өту кезеңдері:
II. Әуенді тап.
III. Ойлан тап.
IV. Өз өнерін көрсету.
V. Ғұлама сөз, жаңылтпаш, мақал-мәтел.
VI. Жоғалған бөлшектерді табу.
VII. Топ басшыларға сұрақ.
VIII. Ребусты шешу.
IX. Қорытынды.
«Ақылдылар мен алғырлар» әдеби ойыны
Мақсаты: Оқушылардың өзара пікір талас кезінде, өз ойларын жеткізіп айта білуге дағдыландыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін іс-жүзінде шыңдау.Бір-бірін тыңдауға ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа баулып, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыру.
Армысыздар құрметті көрермендер! «Ақылдылар мен Алғырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі мына сайысымыз 3 топтың жарысы түрінде өтпек.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер қазылар ортамызда,
Сіздерге қошеметпен қол соғады.
Әділдікті ту еткен қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Ғылыми-әдістеме бөлімінің меңгерушісі:
2. Өнер бөлімінің меңгерушісі:
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Ал енді «Ақылдылар мен Алғырлар» сайысының бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 9 кезеңнен тұрады.
I.Таныстыру (Әр топ оқушылары өз топтарының атауын, ұранын, эмблемасын таныстырады)
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып алайық, ̶ деп әр топты өздерін таныстырудан бастайық.
Таныстыру сайысын біз бастайық.
Көрерменді бір селпілтіп тастайық
Өзіңіздің кім екеніңді атап шық,
Білгендерді ду қол соғып қостайық.
(Әділ қазы алқасынан ұпай саны сұралады)
Достарыңызбен бөлісу: |