7.6. Осы Шарттың 7.3, 7.4 және 7.5-тармақтар бұзылған жағдайда, Тапсырыс берушінің Қызметтерге қолжетімділігі ескертусіз өшіріледі.
7.7. Тапсырыс беруші /білім алушы, келесі жағдайда шығарылуы мүмкін:
- жасалған Шарттың талаптарын орындамағаны үшін;
- тәртіпсіздік, үлгерімсіздік немесе оқуға құлықсыздық үшін;
- дәлелді себепсіз сабақты 3 (үш) реттен артық өткізгені үшін;
- Орындаушының қызметкерлеріне, оқыту бойынша серіктеске құрметсіздігі үшін;
- қызметтер құнын төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін;
- үй тапсырмасын, тапсырманы, емтиханды көшіргені үшін.
7.8. Орындаушы Тапсырыс беруші/ білім алушы үшін Ақпараттық қызметтерде қамтылған ақпараттың практикалық қолданылуы мен құндылығы үшін, ақпаратты практикалық қолданумен байланысты қандай да бір нәтижелерге қол жеткізгені үшін жауапты болмайды. Ақпараттық қызметтерде қамтылған кез келген ұсынымдарды Тапсырыс беруші өз тәуекеліне жүзеге асырады.
7.9. Тапсырыс беруші/білім алушы грант немесе стипендия алу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушыға, оның қызметкерлеріне немесе өкілдеріне наразылық білдірмеуге келіседі, өйткені Тапсырыс беруші / білім алушы Орындаушының Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына, стипендияларына немесе қаржылық көмектің басқа түрлеріне қатысу үшін грант алуға 100% кепілдік бермейтінін мойындайды және келіседі.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 8.1. Орындаушы міндетті:
8.1.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес сапалы, тиісті түрде, толық көлемде қызмет көрсету;
8.1.2. Қызметтер үшін төлем төлегеннен кейін Тапсырыс берушіге/білім алушыға Орындаушы платформасында қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
8.1.3. сыпайы, ұстамды, тәртіпті болуға, Telegram, WhatsApp чатында/ тобында өзара құрмет пен бағыныстылықты сақтауға міндетті;
8.1.4. білім алушы Орындаушының ішкі тәртіп ережелерін орындаған жағдайда офлайн қызмет көрсету кезінде білім алушының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болуға. Орындаушы білім алушының өмірі мен денсаулығына қатер оның кінәсінен туындаған жағдайда жауапты болмайды. Белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларды, ережелер мен талаптарды сақтауға.