Жарғы негізінде әрекет ететін "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, басқарма төрағасы-ректоры атынан _________________________________________________________________________________________________________________________________, бір жағынан және азамат ________________________________ (жеке куәлік нөмірі _____________, берілген ___________________), бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын екінші жағынан, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 683-бабына сәйкес төмендегілер туралы осы Шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1.1 Осы ақылы қызмет көрсету шарты бойынша Орындаушы Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша дуальды оқыту элементтерімен білім алатын студенттер үшін тәлімгерлік қызметін көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Орындаушының міндеттері:
2.1.1 _______________ дейінгі мерзімде осы Шарттың 1.1 тармағында көзделген қызметтер шеңберінде Тапсырыс берушінің тапсырмаларын орындайды.
2.1.2. Тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік береді.
2.2. Тапсырыс берушінің міндеттері:
2.2.1. Орындаушының өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты ұсынады.
2.2.2. Осы Шарт бойынша Орындаушының қызметтеріне уақытылы ақы төлейді.
3. Шарттың бағасы, ақы төлеу тәртібі, көрсетілген қызметтерді қабылдау және тапсыру 3.1. Тапсырыс беруші Орындаушының көрсеткен қызметіне (_________________________________ _________________________________________________________________________________) теңге мөлшерінде ақы төлейді.
3.2. Орындаушының қызметтеріне ақы төлеу дуальды оқыту элементтерімен білім алатын студенттер үшін көрсетілген тәлімгерлік қызметі мәліметтері негізінде Орындаушы көрсеткен есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүргізіледі. Ақша қаражаты Орындаушыға міндетті зейнетақы жарналарын, жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықты және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сомаларын шегергенде заңнамада белгіленген тәртіппен төленеді.