жүгіріп бара жатады» 2 , – деген.
Ол күннің қорқынышынан жүректер жұтқыншаққа келеді.
Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Оларға жақындаған Қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қайғыға толы болады. Залымдарға дос та, бағынылатын шапағатшы да жоқ» 3 , – деген.
Ол күні күнә істемеген сәбидің шашы ағарып кетеді. Құранда:
«Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтіп сақтанасыңдар? Ол күннің зардабынан көк жарылады, Аллаһтың уәдесі орындалады» 4 , – делінген.
Үшінші: Қиямет күні туысқандық байланыс жоғалады. Аллаһ
тағала: «Қашан сүр үрілсе, сол күні олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды» 5 , – деп
айтқан.
Ол күні әркім өз ісімен әлек, бір-біріне қарамайды. Тіпті ең
сүйікті адамынан қашады. Аллаһ тағала: «Ал енді қатты дауыс 1
«Хаж» сүресі, 1-2 аяттар.
2
«Ибраһим» сүресі, 42-43 аяттар.
3
«Ғафыр» сүресі, 18-аят.
4
«Муззәммил» сүресі, 17-18 аяттар.
5
«Муминун» сүресі, 101-аят.
170
келген сәтте, сол күні кісі бауырынан қашады, шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан (қашады). Ол күні әркімнің өзіне жетерлік ісі бар» 1 ;
«Ей, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар және әкенің балаға себі тимейтін, сондай-ақ баланың да әкеге себі тимейтін күннен қорқыңдар! Күдіксіз Аллаһтың уәдесі хақ» 2 ;
«Біреу үшін ешкімнің қайыры тимейтін және одан шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен де өтеу алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен қорқыңдар!»