Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», –
дейді»
2
, – деген.
Біздің бұл дүние-тіршілігіміз білген жанға бар-жоғы бір тұтам
ғана уақыт. Олай дейтініміз, Құранда: «Аллаһ оларға: «Сендер
жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн
немесе одан аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді.
«Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар», – дейді»
3
, – деп
баяндалады.
Қиямет күні болатын жағдайлар
Аллаһ тағала Қиямет күні дүниедегі жер, тау, аспан,
жұлдыздар, күн мен ай басқаша көрініс табатынын хабарлаған.
Бірінші: Аллаһ тағала: «Олар Аллаһты, шын мәнінде,
бағалай алмады. Негізінде, Қиямет күні жер бүтіндей Оның
уысында және көктер де оң қолымен бүктеледі»
4
;
«Ол күнде көкті кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де,
әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – бізге бір міндет.
Шынында, біз орындаймыз»
5
, – деп жерді уысына алып,
аспанды бүктейтінін білдіреді.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ Қиямет күні жерді уысына алады.
1
«Назиғат» сүресі, 46-аят.
2
«Таһа» сүресі, 103-104 аяттар.
3
«Муминун» сүресі, 112-114 аяттар.
4
«Зумәр» сүресі, 67-аят.
5
«Әнбия» сүресі, 104-аят.
173
Аспанды оң қолымен бүктеп тұрып: «Мен – Патшамын!
Жердің патшалары қайда?» – деп айтады», – деген
1
.
Екінші: Құран Кәрімде Аллаһ тағала: «Сонда бір рет сүр
үрілген сәтте жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген
сәтте, міне, сол күні Қиямет уақиғасы болады. Сол күні
Достарыңызбен бөлісу: |