Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет156/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

а) Кәпірлердің жағдайы 
Бірінші: Аллаһ тағала олардың қабірден қор болып, көздері 
төмен қарап, сүмпиіп, өздеріне қасірет айтып тұратынын: «Сол 
күнде олар қабірлерінен тез шығып, тігулі көмбеге 
жүгіргендей жүгіреді. Олардың көздері төмен қарап, өздерін 
қорлық басады. Міне, бұл – оларға уәде етілген күн»
2

«(Мұхаммед!) Ендеше, олардан бет бұр. Шақырушы жаман 
бір іске шақырған күні олар қабірлерінен көздерін сүлмитіп, 
таралған шегірткеге ұқсап шығады. Шақырушы жаққа 
жүгірген кәпірлер: «Бұл ауыр күн», – дейді»
3

«Сүр үрілсе, сонда олар қабірлерінен Раббыларына 
жүгіреді. «Әттеген-ай! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды 
екен?», – дейді»
4
, – деп хабарлайды. 
Сондай-ақ бастарына түскен тауқыметтен кәпірлердің көздері 
шарасынан шығып, кірпіктерін қақпай, оң-солына қарай алмай, 
жүректері боп-бос болып, ештеңе ұқпай қалатыны жайлы:
«(Мұхаммед!) Аллаһ залымдардың істегендерінен қаперсіз 
деп әсте ойлама! Шынында, Аллаһ оларды көздері 
шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеуілдетеді. (Сол 
күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздері өздеріне де 
1
«Инфитар» сүресі, 2-аят. 
2
«Мағариж» сүресі, 43-44 аяттар. 
3
«Қамар» сүресі, 6-8 аяттар. 
4
«Ясин» сүресі, 51-52 аяттар. 


176
 
 
қайырылмай және жүректері ұшып, жүгіріп бара жатады»
1
, – 
деп құлағдар етеді. 
Кәпірлердің жүректері жұтқыншаққа келетінін баяндап: 
«(Мұхаммед!) Оларға жақындаған Қиямет күнін ескерт. Сол 
уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қайғыға толы 
болады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет