едік. Рас, өзіміз де азғын едік», – дейді. Ал рас, олар сол күні
азапқа ортақ болады. Сөз жоқ! Күнәкарларға осылай
істейміз. Расында, олар: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ»
деп айтылған кезде тәкаппарланған еді»
1
, – деген.
3. Әлсіздер мен паңсынғандар арасындағы айтыс туралы
Аллаһ тағала: «Барлығы Аллаһтың құзырына шығып, сонда
әлсіздері паңсынғандарына: «Біз сендерге ерген едік. Ал енді
сендер бізден Аллаһтың азабынан бір нәрсе кетіре аласыңдар
ма?» – дейді. Олар: «Егер Аллаһ бізді оңғарған болса еді,
әрине, біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та,
шыдасақ та бәрібір. Құтылар жеріміз жоқ!» – дейді»
2
;
«Сол
уақытта
олар
тозақта
керіседі.
Әлсіздері
паңсынғандарына: «Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді
сендер бізден оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» – дейді.
Паңсынғандар: «Расында, бәріміз тозақтамыз. Күдіксіз Аллаһ
құлдарының арасына үкім беріп қойған», – дейді»
3
;
«Ол
залымдарды,
Раббыларының
құзырында
тұрғызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең:
әлсіздер паңсынғандарға: «Сендер болмағанда біз иман
келтіретін едік», – дейді. Паңсынғандар әлсіздерге: «Өздеріңе
тура жол келгенде, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше,
өздерің күнәкар едіңдер», – дейді. Әлсіздер паңсынғандарға:
«Күндіз-түні қулықпен Аллаһқа қарсы келуімізді, Оған
теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер», – деп айтады.
Сондай-ақ азапты көрген кезде ішінен өкінеді: қарсы
1
«Саффат» сүресі, 19-35 аяттар.
2
«Ибраһим» сүресі, 21-аят.
3
«Ғафыр» сүресі, 47-48 аяттар.
182
Достарыңызбен бөлісу: |