Ақырет өткелдері


бе?» – дейді. Сонда Иса: «Бүгін Раббым бұрын-соңды



Pdf көрінісі
бет181/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

бе?» – дейді. Сонда Иса: «Бүгін Раббым бұрын-соңды 
кездеспейтін түрде қатты ашуланды. (Риуаят етуші үзірін 
айтпаған.) Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. 
Мұхаммедке барыңдар», – дейді. 
Сонда (адамдар) Мұхаммедке келіп: «Ей, Мұхаммед! Сен – 
Аллаһтың елшісісің, пайғамбарлардың соңғысысың, Аллаһ 
сенің өткен және алдыңғы күнәларыңды кешірген. Бізге 
Раббыңның алдында шапағатшы бол. Біздің халімізді, 
басымызға не күн туғанын өзің көріп тұрсың», – дейді. Сонда 
(Пайғамбар (с.а.с.)): «Сөйтіп, (Аллаһтың) аршысына келіп, 
Раббым үшін сәждеге жығыламын. Сосын Аллаһ маған менен 
бұрын ешкімге ашпаған түрде Өзінің мақтауларын, Өзіне 
арналған көркем дәріптеулерді ашады
1
. Сол кезде (Аллаһ тағала 
жауап қатып): «Ей, Мұхаммед! Басыңды көтер, сұра, тілегің 
қабылданады, шапағат ет, саған шапағат құқы беріледі», – 
дейді. Мен басымды көтеріп: «Үмбетім, уа, Раббым! Үмбетім, 
уа, Раббым! Үмбетім, уа, Раббым!» – деймін. Сонда (Аллаһ 
тағала): «Жаннаттың қақпаларының оң жақтағысынан 
үмбетіңнен есепке алынбайтындарды кіргіз», – деп айтады...»
– деген»
2

1
Яғни білдіреді. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 


201
 
 
Осылай Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатымен үмбетінен 
жетпіс мың адам есеп-қисапсыз жаннатқа кіреді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) Аллаһ тағаладан есепті бастауын өтінеді. Оның тілегі 
қабыл алынып, есеп басталады. 
Шапағаттың түрлері 
Шапағат екіге бөлінеді. Қабыл етілетін шапағат пен қабыл 
етілмейтін шапағат. Қабылданатын шапағаттың бірнеше түрі бар. 
Бірінші: Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеке ғана нәсіп болатын 
шапағат. Ол үшке бөлінеді: 
1) Ұлы шапағат. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бүкіл 
адамзатқа есеп-қисаптың басталуы үшін жасайтын шапағаты. Ол 
жайлы жоғарыда келтірілді; 
2) Жаннаттықтардың жаннатқа кіруіне шапағат етуі; 
3) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкесі Әбу Талибке тозақтағы 
ең жеңіл азап берілуіне жасайтын шапағаты. 
Екінші: 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
бен 
басқа 
да 
пайғамбарлардың, періштелердің, мүмін пенделердің шапағаты. 
Оның түрлері: 
1) Тозаққа кіруге лайық болған, бірақ Аллаһқа серік қоспаған 
күнәкар мұсылмандардың тозаққа кірмеуі үшін жасалатын 
шапағат. Бұған жаннатқа кіретін адамдар жайлы әңгіме 
қозғағанымызда кеңірек тоқталамыз; 
2) Тозаққа түскен күнәкар мұсылмандардың қайта шығулары 
үшін жасалатын шапағат; 
3) Кейбір жаннаттықтардың жаннаттағы дәрежесін көтеру 
үшін жасалатын шапағат. 
Бұл шапағаттардың қабыл болуының екі шарты бар: 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет