Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет182/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
– Аллаһтың шапағат етушіге рұқсат беруі. Аллаһ тағала: 
«Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?»
1
– 
деген. 
– Шапағат етілушіге Аллаһтың разы болуы. Аллаһ тағала: 
«Олар Аллаһтың разы болған кісісіне ғана шапағат ете 
алады»
2
, – деген. 
Сол үшін де Аллаһтың сүйікті пайғамбары Ибраһим (аләйһис-
сәләм) өз әкесіне шапағат еткенде, одан қабыл болмайды. 
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні Ибраһим әкесі Азарды 
кездестіреді. Азардың жүзі қарайып, шаң басқан болады. 
Ибраһим оған: «Маған қарсы келме деп айтпап па едім 
саған?» – дейді. Әкесі: «Енді бүгін саған қарсы келмеймін», – 
дейді. Ибраһим: «Уа, Раббым! Расында, Сен қайта тірілер 
күні мені қорламауға уәде бергенсің, енді алыстатылған 
әкемнен асқан қандай қорлық бар?»
3
– дейді. Аллаһ тағала: 
«Расында, Мен жаннатты кәпірлерге харам еткенмін», – 
дейді. Сосын: «Ей, Ибраһим! Екі аяғыңның астындағы не?» – 
делінеді. (Ибраһим) қараса, қанға бөккен қорқау жатыр екен. 
Оны аяқтарынан ұстап тозаққа лақтырады», – деген
4

Осылайша, Ибраһимнің әкесі қорқау қасқырға айналып, 
кәпірлік танытқаны үшін отқа тасталады. Аллаһ разы болмаса, 
Оның кешірім жасауы үшін тіпті пайғамбардың әкесіне ара түсуі 
де жеткіліксіз. Сөйтіп, Ибраһим әкесінен бойын аулақ салады. 
1
«Бақара» сүресі, 255-аят. 
2
«Әнбия» сүресі, 28-аят. 
3
Бұл жерде Ибраһим (аләйһис-сәләм) әкесінің Аллаһтың мейірімінен 
алыстатылғаны, басқаша айтқанда, мәңгілік азапта лағынетке ұшыраған 
түрде қалатыны өзі үшін ең ауыр қорлық деп есептеген. 
4
Әл-Бұхари. 


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет