255
Осылайша, «Аллаһты бір» деп таныған әрбір адам шапағатқа
қол жеткізіп, тозақтан құтылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жүрекке үміт шоғын салатын мына бір хадисіне құлақ салсақ,
онда:
«Кім: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып, жүрегінде арпа
дәнінің салмағындай жақсылық болса, тозақтан шығады. Кім:
«Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып, жүрегінде бидай дәнінің
салмағындай жақсылық болса, тозақтан шығады. Сондай-ақ
кім: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып, жүрегінде тозаңның
салмағындай жақсылық болса, тозақтан шығады», – деп
айтылған
1
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) тозақтан ең соңғы болып шығып,
жаннатқа кіретін адамды да сипаттап берген. Ол кісі (с.а.с.):
«Жаннатқа ең соңғы кіретін ер адам. Ол бірде жүрсе, бірде
(жер бауырлап)
еңбектейді. (Шыға берген кезінде)
оны бір рет
от шалып қалады. Ол шыққан кезінде (тозаққа)
бұрылып
қарап: «Мені сенен құтқарған аса Ұлы Аллаһ маған әуелгілер
Достарыңызбен бөлісу: