Ақырет өткелдері


әмәтәнә уә иләйһин-нушур (Сондай бізді өлтіргеннен кейін



Pdf көрінісі
бет35/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   255
әмәтәнә уә иләйһин-нушур (Сондай бізді өлтіргеннен кейін 
қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болсын және біз Оған 
қайтамыз)», – деп айтуы лазым делінген
1

Аллаһ тағала: «Ол (Аллаһ) сондай түнде сендерді өлтіреді 
(яғни ұйықтатады). Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан 
соң сендерді белгіленген мерзім өтуі үшін (ұйқыдан) қайта 
тірілтеді. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан 
кейін Ол істеген амалдарыңды түсіндіреді»
2
, – деген. 
Яғни ұйқыда адамдардың рухы алынады. Бірақ түбегейлі емес, 
басқаша бір өзіндік көріністе уақытша тәннен шығарылады. Бұл 
қажет болса, Аллаһ тағаланың қалауымен біржолата іске асып
оның арты өлімге айналуы мүмкін. Немесе рух тәнге қайтып, 
адам бейне бір қайта тірілгендей болып ұйқыдан оянады. 
Жағдайдың бұлайша өрбуін Құранда Аллаһ тағала: «Аллаһ өлер 
уақытта жандарды алады
3
. Ал өлмегендердің (жандарын) 
ұйқыда алады
4
. Сосын (ұйқыда) өлімге үкім етілгендердің 
(жандарын) ұстайды
5
да, басқалардікін белгілі бір мерзімге 
1
Әл-Бұхари. 
2
«Әнғам» сүресі, 60-аят. 
3
Бұл үлкен қаза, яғни өлім. 
4
Бұл кіші қаза. 
5
Бұл ұйқының өлімге айналуы. 


41
 
 
дейін жібереді
1
. Сөз жоқ, мұнда ойланған ел үшін белгілер 
бар»
2
, – деп сипаттаған. 
Яғни адам ұйқыда жатқанда, кіші өлім (ұйқы) үлкен өлімге 
айналып, тән тіршілігін тоқтатуы мүмкін. Әлбетте, бұл – Аллаһ 
тағаланың әмірімен ғана орындалатын нәрсе. Жоғарыдағы аятта 
айтылғандай, Оның әмірімен бір рухтар ұсталып, қалғандары 
белгілі бір мерзімге дейін қайтарылады. Сондықтан да біз жатар 
алдында: «Субханәкә Рабби, уадаъту жәнби, уә бикә арфаъуһу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет