Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет34/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   255
 
 
ақидасының түсіндірмесінде: «Бұлар бір нәпсі, оның сипаттары 
бар. Негізінде, ол – жамандыққа бұйырушы нәпсі
1
, егер оған 
(нәпсіге) иман қарсылық көрсетсе, ол жазғырушы нәпсіге 
айналады
2
. Ал егер иман күшейсе
3
, ол тыным тапқан нәпсі болып 
табылады» делінген. 
Демек, жан (рух) – нәпсі мен рух деген екі атауды иеленген 
бір ұғым. 
Рухтың тәннен ажырауы 
Рух тәннен түрлі жолдар арқылы ажырайды. Олардың ең 
негізгісі – рухтың тәннен өлім жағдайындағы ажырауы. Бұл 
жағдай «кіші қиямет» деп аталады. Кімде-кім өлсе, оның мерзімі 
бітеді, қияметі келеді. Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
етілген хадисте, бірде далалық арабтар келіп, Пайғамбарымыздан 
(с.а.с.) қиямет жайлы сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың 
араларындағы ең жасы кішілеріне қарап: «Егер мынау өмір 
сүрсе, сендердің қияметтерің келгенге дейін оған кәрілік 
жетпейді», – деген
4
.
Ибн Кәсир бұл хадисті түсіндіре: «(Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
бұл сөзінен) мақсат – осы ұрпақтың ғасырларының бітуі
5
және 
олардың ақырет әлеміне енулері. Кімде-кім өлсе, ол ақыреттің 
үкіміне кіреді. Сол үшін де адамдар «Кімде-кім өлсе, оның 
қияметі келіпті» дескен. Бұл сөз осы мағынада дұрыс болады», – 
деген. 
Демек, қаза табу – «кіші қиямет» деп аталатын өлім. 
1
Бұл нәпсі адамды жамандыққа, бұзықтықтарға итермелейді. 
2
Бұл нәпсі адам күнә істегенде жазғырады. 
3
Яғни иманы берік болып, күнәларды тастаса. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 
5
Яғни олардың ғасырларының аяқталуы – олардың қияметтері. Әрбір 
пенденің қияметі – оның өлімі. 


40
 
 
Ұйқы – кіші өлім 
Сондай-ақ кіші қаза бар, онда рух тәннен басқаша көріністе 
ажырайды. Яғни, рух тәннен шыққанмен, түбегейлі ажырап 
кетпей, жеңіл байланыста болады. Бұл жағдайда тән ояу 
кезіндегідей сезім, қалауға ие болмағанымен, тірі болады. Айтып 
отырған кіші қазамыз, міне, осы ұйқы. Өйткені ұйқы да өлімнің 
бір түрі болып табылады. Ал ұйқыдан ояну, ол – қайта тірілу. Сол 
үшін де ұйқыдан тұрған адамның Пайғамбарымыздан (с.а.с.) 
жеткен дұға бойынша: «Әлхамду лилләһилләзи ахйәнә баъдә мә 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет