Ажарлау ажарлау аспаптарының пішіндері



бет4/6
Дата05.06.2023
өлшемі397,53 Kb.
#98692
1   2   3   4   5   6
Беттерді ажарлау

Ажарлау түрлері мен тәсілдері. Ажарлаудың ең көп тараған түрлеріне дөңгелек, сыртқы, ішкі және жазық ажарлау жатады.


Дөңгелек ажарлаудың түрлері: осциллирлейтін және кірекесетін. Осциллирлейтін ажарлау – абразивті аспап немесе дайындама айналмалы қозғалыспен қатар ілгермелі-қайтармалы қозғалыс жасайтын ажарлаудың түрі. Кіріп кесетін ажарлау – беріліс қозғалысы тек қана өңделетін бетке перпендикуляр бағытта жүретін ажарлаудың түрі.
Осциллирлейтін ажарлау кезінде деталь 2 немесе дөңгелек 1 өз осі бойынша ілгерілемелі-қайтармалы қозғалыс жасайды, бұл кезде қосарлы жұмыстық жүрістен соң тереңдікке беріліс беріледі. Бір жұмыстық жүрісте ажарлау кезінде кіші бойлық беріліспен берілген припускінің z(мм) барлығы немесе барлығына дерлік алынады, мұнда ажарлау дөңгелегінің сатылы немесе конусты түрі қолданылады.
Кірекесетін ажарлау кезінде дөңгелек биіктігі өңделетін бет ұзындығына тең (немесе үлкен) болуы тиіс; припускіні алу дөңгелектің радиалды бағытта үздіксіз немесе периодты берілісі кезінде жүзеге асырылады.

1.1-сурет. Дөңгелектік ажарлау тәсілдері: а – қосарлы жұмыстық жүрістің тереңдігіне бойлық жүріспен беру; ә – кесу тереңдігіне дөңгелекпен; б – өңдеу еніне радиальді бағытта кесіп беру; в – кемерлерді радиалды беріспен тізбектеп кесу; 1 – ажарлау дөңгелегі; 2 – деталь; t – ажарлау тереңдігі


5
Ал ішкі ажарлау бойлық және көлденең беріліс әдісімен жүргізіледі. Бойлық беріліспен ажарлау кезінде беріліс дөңгелектің детальді бір айналғандағы биіктігінің төрттен үш бөлігінен аспауы тиіс. Өңделетін бетке перпендикуляр бағыттағы беріліс столдың әрбір жеке немесе қосарлы жүргісіне үздіксіз немесе үзіліспен беру арқылы орындалады.

1.2-сурет. Дөңгелек жиегімен жазықтық ажарлау тәсілдері: а – көлденең берусіз кесу; ә – тереңдікке беру (көп) және өңделетін бетке перпендикуляр бағытта (аз) беру; б – дәл сол тереңдікке аз беріспен және өңделетін бетке перпендикуляр бағытта көп беріспен беру

Қатты шақтамалы детальдарды абразивті өңдеу тұрпайы ажарлау және таза ажарлау операциясы болып бөлінеді. Тұрпайы ажарлау әдетте ірі түйіршікті дөңгелекке тереңдікте үлкен бойлық беріліс беру арқылы орындалады. Таза өңдеуге арналған 74 припускіні ажарлауға берілген барлық припускінің 10...30%-ы есебінде қабылдайды. Таза өңдеу кезінде кіші берілістерді таңдайды.


Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау. Дөңгелекті ажарлау станоктарында көбінесе дайындаманы жылжымайтын центрлерге орналастырады. Станок центрлері мен дайындаманың центрдегі тесіктерінің күш көтеретін беттері станоктың жылжу сызығына параллель бір осьтің бойында жатуы және де олардың конустарының бұрыштары сәйкес болуы тиіс. Ажарлау станоктарында дайындамаларды көбінесе центрлік және консольдік құралбіліктерге бекітеді. Құралбіліктердің түрлері: қатты, қысқыш, жылжымалы элементтермен, гидравликалық қысыммен.


6


1.3-сурет.Ажарлау үшін дөңгелек құралбіліктері: а – гильза белбеулерін ажарлау үшін центрлік; ә – цангалы қысқыш; б – гидропластпен; 1 –гильза; 2,4,8 – гайкалар; 3 – құралбілік; 5 – цанга; 6 – конус; 7 –дайындама; 9,14 – бұрандалар; 10 – втулка; 11 – тығынжыл; 12 – центрлегіш втулка; 13-гидропласт

Қабырғасы жұқа дайындамаларды ажарлау үшін, мысалы, гильза, втулка т.б., дайындаманы осьтік бағытта әсер ететін күштермен қысып бекітетін қысқылар қолданылады. Центрлік емес дөңгелектік ажарлау.


Центрлік емес ажарлаудың мәні мынады: ажарланатын дайындама 2 ажарлау 1 және жетекші 3 дөңгелектердің арасына орналастырылады да, оларды тірек пышақ 4 ұстап тұрады. Дайындама центрі екі дөңгелектің де центрлерін байланыстыратын сызықтан біршама биік болуы тиіс, яғни шамамен 10....15 мм және одан да көп.

Ажарлау дөңгелегінің шеңберлік жылдамдығы Vg = 30….65 м/мин, ал жетекші дөңгелектікі Vж=10...40 м/мин. Дөңгелек 3 пен өңделетін дайындама арасындағы үйкеліс коэффициенті дайындама мен дөңгелек 751 арасындағы үйкеліс коэффициентінен жоғары болғандықтан, жетекші дөңгелек дайындаманы айналмалы беріліс жылдамдығымен vб айналдырады.


Центрлік емес-ажарлау жартылай автоматы мен автоматтарында цилиндрлік, конустық және фасондық бетті айналу денелері типіндегі деталь дайындамаларын ажарлауға болады. Ажарлаудың екі әдісі қолданылады: өтпелі және кіріп кесетін. Бірнеше жұмыстық жүрістегі өтпелі ажарлау кезінде дәлдіктің 6-шы квалитетіне қол жеткізуге болады
( Ra ≤ 0 2, мкм).
Кірекесетін ажарлаумен (1.4-сурет ә) дөңгелек детальді және формасы конус болып келетін дайындамаларды өңдейді. Бұл әдісте дөңгелектер осьтері параллель немесе жетекші дөңгелек кіші бұрышпен (a = 0 2 0 50, ...) орналасады, ал өңделетін дайындаманың осьтік жылжуына қондырылған тірек кедергі жасайды.

7


1.4-сурет. Центрлік емес дөңгелектік ажарлау сұлбалары: а – өтпелі;


ә – кесу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет