Ажарлау ажарлау аспаптарының пішіндері


Ажарлау аспаптарының пішіндері



бет2/6
Дата05.06.2023
өлшемі397,53 Kb.
#98692
1   2   3   4   5   6
Ажарлау аспаптарының пішіндері

Қолданылу саласы


Ажарлау (шеңберлермен, сегменттермен, қалпақшалармен)


Біліктерді, ішкі және сыртқы цилиндрлік беттерді, тісті дөңгелек тістерін, бұранда оймаларын, шлицтерді және т.б. беттерді алғашқы және таза өңдеу.


Кесу тереңдіктері:
- алғашқы ажарлау үшін 0,01...0,08 мм
- таза ажарлау үшін 0,05...0,015 мм
Кедір-бұдырлылығы 7-12 сыныптарға сәйкес.


Хондау (қайрақтармен)
Алғашқы және таза хондау ішкі цилиндрлік беттерді өңдеудің соңғы операциясы болып табылады.
Өңдеу әдібі 0,01...0,05 мм, өңдеу дәлдігі 5-7 квалитеттер
Мысалы: автотрактор қозғалтқыштарының гильзаларын өңдеу.


Суперфиништі өңдеу(қайрақтармен)
Сыртқы цилиндрлік беттерді соңғы өңдеу операциясы.
Өңдеу әдібі 0,01...0,03 мм. Мысалы: іштен жану қозғалтқыштарының иінді біліктерінің мойындарын өңдеу.


Жетілдіру
Сұр шойын, мыс, қорғасын және т.б. материалдардың ажарлау ұнтақтары бар жетілдіру аспаптарымен өңделеді. Жетілдіру көбінесе жазық, цилиндрлі және т.б. беттерді бір-біріне ысқылап дәл беттестіру үшін қолданылады. Өңдеу әдібі 0,02...0,05 мм.


Жылтырату
Жылтырату дөңгелектеріне (киіз, тері, т.б.) пасталарды жағу арқылы өңделеді. Жылтырату операциясы соңғы сәндік өңдеуде, никелдеу, хромдау операцияларының алдында қолданылады. Өңдеу әдібі 0,01...0,03 мм.
2


Ажарлау өңдеудің әр түрлі операциялары үшін аспаптарды таңдау
Ажарлау аспаптары келесі факторларға байланысты таңдалады: ажарлау операциясының түрі, станоктардың типтері және олардың автоматтандырылуы, өңделетін материалдардың түрлері мен, оларға қойылған талаптар (пішін дәлдігі, кедір-бұдырлылығы, өлшемдері, т.б.), өңдеу өнімділігі, қалдырылатын әдіптің шамасы, майлау-суыту сұйықтарының қолданылуы және т.б.
Мысалы: қалыпты электрокорунд материалдарынан дайындалған аспаптар жұмсақ болаттарды (<51 HRC) өңдеу үшін, ақ электрокорунд қаттылықтары орташа болаттарды (52…60 HRC), монокорунд – қиын өңделетін, легірленген қатты болаттарды (>61 HRC), эльбор-қиын өңделетін қатты болаттарды таза өңдеу үшін, легірленген электрокорундтар – шынықтырылған қатты болаттарды, карбидтер – шойындарды, қатты қорытпаларды және металл емес материалдарды өңдеуге арналған.
Ірі түйіршікті (түйіршіктілігі 50 және одан жоғары) қалыпты электрокорунд және қара кремний карбидінен дайындалған аспаптар сыдырып ажарлау үшін, түйіршіктілігі орташа (40-16) ақ немесе легірленген электрокорунд – дайын өнімге (таза, жартылай таза) ажарлау үшін, ұсақ түйіршікті аспаптар – соңғы ажарлау, жылтырату, жетілдіру және супер финишті өңдеу жұмыстары үшін қолданылады.
Ажарлау аспаптары байланыс материалдары бойынша да таңдалып алынады.
Мысалы: сыдырып ажарлау аспаптары үшін – бакелитті байланыстағы аспаптар, таза ажарлау үшін – керамикалық байланыстағы аспаптар, таза ажарлау және жылтырату үшін – вулканитті байланыстағы аспаптар, негіздері жұмсақ (мата, қағаз) ажарлау аспаптары және пасталар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет