Айқас Оқу мақсаты

Дата29.04.2023
өлшемі0,81 Mb.
#88376
түріСабақ
Байланысты:
14-сабақ. Қ. Мұхамедқалиұлы

Сабақтың тақырыбы:

Қажығали Мұханбетқалиұлы

«Тар кезең» романы

Айқас

Оқу мақсаты:

  • 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

МЕКТЕП ҚҰНДЫЛЫҒЫ:
Руханият арқылы ұлтжандылыққа баулу

Бағалау критерийі

  • Бөлім мазмұнын біледі;
  • Шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
  • Оқиға ерекшелігі мен маңызын анықтайды.

Еске түсіру.

Дескрипторы:

1. Шығармада көтерілген мәселелерді еске түсіреді.

2. Сәйкесін табады.

1748 жылы Әбілхайыр хан о дүниелік болған соң таққа отырып, халық бас тартқан баласы

Генерал-поручик барон Игельстром

1783-1797 жылдар аралығында орын алған тарихи оқиғалар

Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан

Наразылықтар орын алған қазақ жерінің өңірі

Қазақ жерінің Батыс аймағындағы Еділ мен Жайық өзендері аралығы

Сібір және Уфа губерниясының наместник қызметін атқарған ұлық

 Сырым Датұлы басқарған Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс

Сырым Датұлының шығу тегі

Кіші жүз ханы Нұралы

Өзіңді тексер.

Қосымша. Романның толық нұсқасын мына жерден оқи аласыңдар:
https://adebiportal.kz/kz/books/view/tar_kezen__2727
Оқулықтан романның «Айқас» деген бөлімін оқимыз. 237-241-беттер.
  • Осы бөлімде қандай қазақ руларының аттары аталған?
  • Оқиғадағы шайқаста қазақ әскері қалай жеңеді?
  • Мәтінде «Алаш», «Тостаған» деген сөздер кездеседі. Олар нені білдіреді? Ұранның маңызы қандай?

Ой-пайым.

Дескрипторы:

1. Берілген үзінділерге «неліктен?» деп сұрақ қояды.

2. Үзінділерді қолдана отырып, жауабын жазады.

3. Бөлімнің ерекшелігін ашып, пайым жасайды.

НЕЛІКТЕН?
Алаш баласы атқа қонды.
Рештейнер: «Е-е, күркетауық көп ойланамын деп, көжеге қатық болып кетіпті» дегенді есіне түсірді.
«Бердің құдай тілекті!!! Тәуба, тәуба, тәуба...» деді ол осымен әлденеше мәрте мінәжат етіп.
«Батыр, атты казактардың артқы легі де толық келіп болды! Шегінбейміз бе?!»-деген Масқар Дөненнің даусынан өз бұйрығы есіне түсіп, бойын жиып алды.

Оқу тапсырмасы. Бөлімнен Сырым батырды сипаттайтын тұстарын тауып жазу

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет