Айдарбекова А. М тексерген: Музаппарова А. Б


Өнімді сертификаттау ережелері



бет2/4
Дата30.12.2022
өлшемі29,09 Kb.
#60230
1   2   3   4
Байланысты:
практика2 сертификаттау ережеси

2. Өнімді сертификаттау ережелері

Қазақстан Республикасы аумағында өнімді сертификаттау ерікті және міндетті сипатта болуы мүмкін. Міндетті растауда өнімнің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, нақты стандарттарын және басқа да нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сәйкестігі расталады.


Міндетті сертификатттауға жататын өнім тізбесін және өнімнің сәйкестігін, сәйкестік деклорациясы арқылы растайтын тізбелі Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
Ерікті сертификаттауда өнімнің сәйкестігі стандарттарға немесе басқада өтінуші таңдаған нормативті құжаттарға, және де өтінішінің арнайы талаптарына сәйкестігін растайды. Шетелден әкелінген өнімді сертификаттауды сертификациялық сынау арқылы немесе берілген құжаттарына сәйкестік өтінішін қарау немесе ПМГ – 36, ҚР СТ 3.9 және осы стандарттың талаптарына сай шетел сертификатын тану арқылы жүргізіледі. Республика да танымға жататын сәйкестік сертификаты болмаған жағдайларда өнімнің үлгісін Қазақстан Республикасының әрекеттік техникалық регламенттерінде немесе нормативті құжаттарында бекітілген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес сертификатциялық сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Өтінілген немесе соған ұқсас өнімге республикадағы нормативтік құжаттың болмаған жағдайында өнімді жіберетін ел (фирма) өтініш ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Өнім сәйкестігін растауды тіркеу саласына сәйкес сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар, ал олар жоқ болса өкілетті орган берген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат бойынша құзыретті мекемелер жүргізіледі..
Қазақстан Республикасының МСЖ аясында сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын нормативті құжаттарда көрсетілген сынақтардың өз аккредитациясы аясында ғана өткізе алады. Сертификаттау кезінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болған жағдайда өкілетті ұйым аккредиттелмеген, бірақ сынақтың объективті нәтижесін бере алатын сынақ зертханасында өткізуге біржолғы рұқсаты бойынша өткізіледі.
Өтінуші сәйкестікті растауға шығатын барлығ шығынды оның нәтижесіне қарамай сертификаттау ұйымы мен сынақ зертханалары мен отырған келісім бойынша түгел төлейді. Келісім тек сертификаттау ұйымымен ғана жасалуы мүмкін, бұл жағдайда өнімнің сәйкестігін жүргізуде қатынасушылармен есепті өзі айырысады.
Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына төлемақы төлеу тәртібі ҚР СТ 50.3.01 тәртібінде бекітілген. Осы стандартың негізінде сертификаттау ұйымдары беріктікті өнімді сертификаттауды жүргізудің нақты процедураларын бекітітін (егер олар бұрын әзірленбеген болса) арнайы тәртіптерді, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттеу куәлігі бойынша және осы стандарттың талаптарын сай әзірлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет