4. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттың шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті – техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
өмім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
сьінақтың кәсіби түрде өтуі;
шетелдік өтініш берушілілерге қысым жасамау;
өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын талдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік /белгісі/ сертификатының уақытының біткендігі жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау оргаңдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;
ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %- дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының манызы зор.
5. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
http://kk.wikipedia.org/wiki/Сапа_жүйесін_сертификаттау
http://www.naceks.kz/kz/sertify/
http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/P010000094_
Сағадиев К., Смағұлов А., Барақбаев Б., ҚалиевА. Сертификаттау – Алматы: Оқу әдістемесі, 2000 ж.
Схиртладзе А.Г., Радкевич Я.М., Лактионов Б.И. Метрология, стандартизация и сертификация – М.: Учебное пособие, 2003 г.
Достарыңызбен бөлісу: |