Ажырамайтын біріктірулер



Дата14.11.2022
өлшемі84,51 Kb.
#49983
Байланысты:
10.Апта


Ажырамайтын біріктірулер
Пісіру ажырамайтын біріктірулердің ішінде көп тараған түрі. Пісірудің екі түрі бар. Олар балқыту және қысым деп аталады.
Балқытып пісірудің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: дугаы, электршлакты, газды, электргазды, электронжарықты және термитті.
Қысымды пісірудің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: электрконтактылы, газдысығу, қыздырып үйкеу және салқын.
Қолдануға байланысты; қолды пісіру, жартылай автоматты, автоматты болып келеді. Пісіру тетіктердің өзара орналасуына қарай; түйістіру – С, бұрышты – У, таврлы - Т және қапсарлы – Н әріптерімен белгіленген түрлері бар (113 – сурет).
113 -сурет



Пісіру жапсарының шартты кескінделуі және белгіленуі қарастырылған МЕСТ 2.312 – 72 стандарттың ережесіне сәйкес, сызбада пісіру жапсарының кескіні шартты түрде, көрінетіні – тұтас жуан, көрінбейтін жағы үзілме сызықпен көрсетіледі. Нүктелі не үзілді жапсарларға + белгісі қойылады. Біржақты нұсқамасы бар жіңішке тұтас сызықпен шығару сызығы жүргізіліп, сөре орындалады (114 - сурет). Жапсардың шартты белгіленуі сөреде көрсетіледі. Ол белгі көрінетін жапсар болса, сөренің үстіне, көрінбейтін болса сөренің астына жазылады.


114 - сурет

1 – Жапсар типі және конструктивті элементтердің стандарты.


2 – Жапсардың әріп – сан белгісі.
3 – Жапсарды қолдану тәсіл стандарты.
4 – Стандартқа сәйкес жапсардың катет өлшемі.
5 – Үзілді не нүктелі жапсардың өлшемдері.
6 – Көмекші белгілер.
Көмекші белгілер:
- Жапсарды монтаждау кезінде орындау (115a cурет).
- Жапсар тұтас орындалған (115б cурет).
- Артық жапсарды алып тастау (115c cурет).
- Жапсарды балқыту арқылы тегістеу (114d cурет) .
- Жапсар үзілді не нүктелі тізбекше орналасқан (115e cурет).
- Жапсар үзілді не нүктелі шахматша орналасқан (115г cурет).
- Жапсар тұтас емес (115к cурет).
115 - сурет

Қалған ажырамайтын біріктірулердің барлығының шартты кескінделуі және белгіленуі МЕСТ 2. 313 – 82 стандартында жинақталған.


Дәнекер. Дәнекер жұмсақ және қатты деп екіге бөлінеді. Жұмсақ дәнекер электртехникалық зауыттарда, тұрмысты жағдайларда өте жие қолданылады. Себебі, дәнекердің құрамындағы металдардың балқу температуралары төмен. Қатты дәнекер стационар жағдайда, ауыр жүк көтеретін механизмдерде не жоғары температурада жұмыс істейтін механизмдерде қолданылады. Мысалы турбиналардың қалақтары, велосипедтің, мотоциклдің дөңгелектерінің шабақтары, автомобильдердің радиаторлары.
Жұмсақ дәнекердің құрамында қалайы, қорғасын және кадми сияқты металдан тұрады. Олар: ПОС 40, 61, 90 ГОСТ 14299 – 77 стандартта қарастырылған.

116 – сурет


Қатты дәнекердің құрамында мыс, мырыш және күміс металдары болады. Олар: ПМЦ 36, 48, 54 ГОСТ 23137 – 78 және ПСр 10, 12, 25, 45 ГОСТ 19738 - 74 стандарттарында қарастырылған.
Сызбада дәнекермен біріктірудің кескіні, қалыңдығы екі есе жуан сызықпен көрсетіліп, екі жақты нұсқамасы бар шығару сызығы орындалады және оған белгі қойылады (116а сурет).
Желімдеу.Желімдеумен біріктіру пісірумен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар. Олар:
1. Әртүрлі материалдарды біріктіру.
2. Жұқа не өте жұқа материалдарды біріктіру.
3. Саңылаусыз біріктіру орындау.
4. Біріктірілген беттердің тегістілігі.


Сызбада желімдеумен біріктірудің кескіні, қалыңдығы екі есе жуан сызықпен көрсетіліп, екі жақты нұсқамасы бар шығару сызығы орындалады және оған белгі қойылады (116a сурет).


116a сурет


Желімнің түрлері: БФ – 2, БФ – 4 ГОСТ 12172 – 77; ВС – 10Т ГОСТ 22345 – 77. Эпоксидті желім ES -509, ЕС – 510, ЕС – 520.


Тігіс. Сызбада тігіс жіңішке тұтас сызықпен көрсетіледі. Нұсқамасыз шығару сызығы орындалып, оған белгі қойылады (116b сурет). Егер тігіс бірнеше қатарлы болса, онда оның шеткісін көрсетіп, сан және қашықтығы сөренің астына жазылады. Мысалы 2х4, 2 қатар, 4 қатар жолының қашықтығы.
Шығару сызықтарына қойылған белгілер жуан сызықпен орындалады.

116b сурет




Тойтарма. Тойтармалы біріктіру соңғы кезде тежеліп келеді. Оған себеп, өнлірісте біріктірудің жаңа технологиялары енгізуіне байланысты. Контактылы пісірудің өндірістерде кең қолдануына байланысты соңғы кезде ұшақ құрастыруда, корабл жасау, машина жасау салаларында сол сияқты басқа да салаларда тойтармамен біріктіру шектеліп келеді.
Бірақ кейбір технологиялық процестерде біріктірудің бұл түрі жиі қолдануда. Кораблдің ең қысым көп тұсетін тұмсық жағында, жүк вагондарының қаңқасында тойтармалы біріктіру маңызды орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет