Білім бақылау тапсырмалары: 1. Мақал-мәтелдердің өзіне тән ерекшелігін сараптап, шығу тарихы тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінде, руна жазуларында қолданыс табуы. Мақал-мәтелдер қазақ ауыз әдебиетіндегі рөлі қандай? Мақал–мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және оның ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдердің орны қандай?
2. Мақал-мәтелдердің шығу тарихы, қалыптасуы туралы берілген ақпараттармен танысып, өзіңіз толықтырып, тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіңіз. Мақала жазыңыз. Мысалы «Менің ең көп естіген мақалым», «Мақал – сөздің мәйегі», «Мақалдардың қазіргі таңдағы қолданыс ерекшелігі», «Мәтелдердің өзіндік ерекшеліктері, мағынасын түсіндіру» немесе «жастар қаншалықты қолдануда» дегендей тақырыпта.
Әрбір күні атқарған жұмыстарыңды нақты атап көрсетіп, күнделікке жазып отыруды ұмытпаңыз.