6В01511/ География-тарих
ҚазМемҚызПУ
Рухани құндылықтар мәселесі
Тірек сөздер: Тәуелсіздік жолы – қиын жол, Рухани құндылықтар, Ұлттық құндылықтар, Білім мен тәрбие – егіз ұғым, Рухани байлығы жоқ халықтың толыққанды ұлт ретінде өмір сүруі мүмкін емес, Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» , Ұлттық сана, Ұлттың бет-бейнесін айқындайтын тіл туралы «Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт, Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік.
Тақырыптың өзектілігі: 1.Жаһандану жағдайында өзіміздің жалпы ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды қалай сақтап қаламыз деген мәселе көтерілді. Себебі қазіргі уақыттағы біздің еліміздегі көкейтесті мәселенің бірі – білім және толыққанды, ұлттық құндылықтарға негізделген адам қалыптастыру жолындағы тәрбие болып отырғандығын білеміз. Онсыз азапты жолмен келген тәуелсіздігіміздің қадіріне жете алмай, айырылып қалу қаупі күшейеді. Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Бізге білімді де тәрбиелі, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, тұлғалық қасиеті жетілген жастар керек. Ал ол білім және тәрбие арқылы келетіні түсінікті.
2.Ұлттық тарихты ұлттық болмыспен оқыту ғана емес, оны өзіндік жолмен түсіне білу – ұлттың мықты болуының басты жолы болып табылады. Себебі ұрпақты ұлт тарихымен, ұлттың барлық асыл қасиеттерін бойына жинақтаған, ұлттың ірі тұлғаларының өмірбаяндарын оқыту арқылы тәрбиелеуге болады. Сонда ғана Ұлы Абай айтпақшы: «Болмаса да ұқсап бағатын» ұлт жанашырларының қалыптасуына мүмкіндік болар еді.
3. Ұлттық сананы қалыптастыруға бірден бір әсер ететін керекті құралдардың бастысы - жастардың білімі. Қазіргі таңда білімге деген талап жылдан жылға күшейіп келеді. Менімше, бұл дұрыс. Себебі қай ғылымның болмасын түбінде білімның жатқандығы ақиқат. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дейтін атам қазақтың біліп айтқан нақыл сөзі қазіргі уақытта өте маңызды болса керек, себебі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуымыздың бірден - бір шарты осы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |