Аймағамбетұлы Р. «Рухани жаңғыру»



бет3/4
Дата22.04.2022
өлшемі24,21 Kb.
#31949
1   2   3   4
Байланысты:
мақала рухани

Аргумент: 1.Ұлттық сананың бір көрінісін тілден байқауға болады. Себебі ұлттың ұлт болуы – тілінде жатыр. Қазақ тілінің мерейін шығаратын да, оны болашақ ұрпаққа жеткізетін де өзіміз. Себебі ұлттың бет-бейнесін айқындайтын тіл туралы «Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйінгіш. Ана тілін жақсы біле тұрып бөтенше жақсы сөйлеу, бұл – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате», - деген Алаш қайраткері Халел Досмұхамедтен асып ешкім айта алмас.

2. «Ұлттық идеясы жоқ Қазақстанда өмір сүру қазақтан басқаның бәріне майдай жағатын шығар, бірақ түптің түбінде өкініште қалатын – қазақтар. Өзін-өзі жарылқамағанды басқалар ұшпаққа шығарады деудің еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаһанданудың табанында жаншылып қалмау үшін де ұлттық идеяның өзектігі мен қажеттігі күн санап артып келеді» деген тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов ағамыздың жан-айқайын түсінуге болады. Алайда ғасырлар бойы құлдық сананың қамытымен жүрген халықтың одан бірден арылуы мүмкін емес жағдай. Оған уақыт керек, бірақ уақыт деп арқаның кеңге салуға тағы да болмайды. Себебі «жаһандану» деп аталатын аждаһаның жұтқыншағында кетіп қалмас үшін ұлттың өзі мықты болуы шарт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет