Аймақтық әдебиет 5 апта Тапсырма Абайдың ақын шәкірттерінің ШЫҒАРМАЛАРЫ бойынша тест тапсырмаларын құрастырыңыз.
Көкше ішінде Балтай, Қаракүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы Төребай деген адамды ажуа етіп шығарған өлең арқылы танылған Абайдың шәкірттерінің бірі:
Көкекте күн ұзайды жазға бастап,
Болады сонда Төкең үйден қашқақ.
Үйінде жалғыз турам дәм болмайды,
Барғанда кісі үйіне сондай асқақ.
A) Мағауия Абайұлы
Ә) Мұхтар Әуезов
Б) Ақылбай Абайұлы
В) Көкбай Жанатайұлы +
Г) Әсет Найманбайұлы
«Әкем туралы» еңбек жазған Абайдың шәкірттерінің бірі әрі баласы:
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен,
Фаниден уақыт жетіп о да кеткен.
Сасқан жан жер шетінен бабам десем,
Аруағы көз ашқанша келіп жеткен, - жолдарының авторы, Абайдың шәкірттерінің бірі:
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен
Надандықтың тазарып кетті кірі, - шумақтарының авторы, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Абайдың шәкірті:
А) Ақылбай Абайұлы
Ә) Әсет Найманбайұлы
Б) Шәкәрім Құдайбердиев +
В) Тайыр Жомартбаев
Г) Көкбай Жанатайұлы
- О сол кісі мықтыға ұрынбайды,
Ақындар арбасып та, қырындайды.
... сүйкеп өтсе, несі сөкет,
Әлихан мен Міржақып, Құрымбайды?
Міржақып себеп болған қақтығысқа,
Ат жалы, түйе қомы – қапылыста.
Ақынды сөйлетудің жөні бөлек, - жолдары Абайдың қай шәкірті туралы айтылған:
«Семейге Абай келсе бізге думан», “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдерінің авторы, Абайдың талантты шәкірттерінің бірі: