ДӘріс ілияс Жансүгіров (1894-1938)



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі252,71 Kb.
#8843

 

131 

 

15-ДӘРІС 

 

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) 

1.Шығармашылығы 

2. Ақындығы 

     1) Қазақ поэзиясының «Құлагері» атанған классик ақын 

Ілияс  Жансүгіров  ӛзінің  замандастарындай  әдебиеттің 

барлық  жанрында  жемісті  еңбек  еткен  тұлға.  Ақын 

«Қысқаша  ӛмірбаянында»  атап  кӛрсеткеніндей,  оның 

шығармашылық  тағдырына,  кӛркемдік  ізденісіне  ерекше 

ықпал  еткен  Абайдың  1909  жылы  жарық  кӛрген  жинғы 

болды.  Егер  де  Ілияс  Абай  ақындығын  атақты  Әсет 

Найманбайұлы  арқылы  естіп,  эстетикалық  әсер  алған 

болса, 

сӛз 


зергерінің 

шығармаларынмен 

танысу 

поэтикалық  әлеміне  тӛңкеріс  әкелді.  Бұған  қосымша 



кӛркемдік  дамудағы  дәстүр  жалғастығын  айтқанымызда, 

Ілияс  Жансүгіров  сол  кездегі  барша  дарынды  ақын-

жазушыларға  тән  Мағжан  Жұмайұлының  поэтикалық 

ізденісінен  де  үйренді.  Кӛркемдік  нәр  алды.  Әрине, 

кеңестік  әдебиеттану  бұл  күрделі  ғылыми  мәселеге 

тереңдеп  бара  алмағаны  анық.  Дегенмен  де    Ілияс 

Жансүгіровтің ақындық поэтикасына тән кӛркемдік стилін 

айқындаған әдебиетші Мырзабек Дүйсенов: «Шынында да 

І.Жансүгіров  Мағжанның  ӛлеңдерін  кӛп  оқыған,  оның 

ақындық ӛнерінен үйренуге (әсіресе 1925 жылға дейін) зер 

салған  ақын.  Бұл  оның  кейбір  ӛлең  ұйқастарында,  сӛз 

образын  пайдалануында  ара-кідік  ұшырасып  отырады.  І. 

Жансүгіровтің  «Ресей  жері»  атты  ӛлеңіндегі  ұйқастар 

Жұмабаевтың  «Еділде»  ӛлеңінің  ұйқастарына  ұқсас 

келеді»,  –  деген  пікір  білдірді.  Сондай-ақ:  «Табиғатты 

ерекше 


жырлаған 

Жұмабаев 

тау 

мен 


тұманды 

құшақтастырса,  Ілияс  Жансүгіров  «Ағынды  менің 

Ақсуым»  ӛлеңінде  ай  мен  қайыңды  құшақтастырады»,  – 


 

132 

 

деп  әдеби  дәстүрдің  ұласуын  барынша  дұрыс  зерделеді. 

Ӛнердің ілкі табиғатынан туған осындай құбылысқа батыл 

үңіле  білген  М.  Дүйсенов:  «Замана  шындығын  дәл 

кӛрсететін  ойлы  да  зерделі  ӛлеңді  Жұмабаев  жазған  да 

жоқ,  жаза  да  алған  жоқ.  Оның  ӛлеңі  символика  мен 

мистиканы  күйттеген  кертартпа  романтизм  әдісімен 

жазылған»,  –  деген  қайшылықты  кӛзқарас  білдіруге 

мәжбүр  болды.  Қалай  дегенмен  де  ақынның  «Ақшам», 

«Бұлт»,  «Желді  түн»,  «Жазғы  таңы»,  «Жауында»,  «Жел», 

«Тас»  сынды  табиғат  лирикасы,  пейзаждық  лирикадағы 

классикалық  үлгі  және  ақынның  стильдік-кӛркемдік 

қуатын  танытатын  «Жетісу  суреттері»  ӛлеңінің  «Жалпы 

сын»,  «Тау  суреттері»,  «Жетісуда  су  суреті»,  «Жетісу 

жәндігі»,  «Жер  түгі»  деген  тараулары  туған  жердің 

ғажайып сұлу кескін-келбетін әсем үйлесімде жырлаудағы 

шынайы  шеберліктен  туған  хас  дүниелер.  Мұның  бәрінде 

ақынның ӛзіндік стилімен қатар Мағжанның 

 шығармашылық ықпалын айқын кӛрсетеді. Ӛз кезегінде 

он алты тармақтан тұратын «Сапты аяқ» ӛлеңі ұлы суретші 

қолынан шыққан, эрмитажға қоюға болатындай құтты 

реалистік натюрморт (Қ.Алпысбаев).  



2)Ілиястың 

алғашқы  ақындық  ізденістеріне  ӛз 

дәуірінің  ең  маңызды  мәселелері  ӛзек  етіп  алынды. 

Ағартушы-демократтық 

бағыттағы 

ақындардың 

эстетикалық  ұстанымында  бола  отырып,  осы  арнадағы 

ӛлеңдерімен  кӛрінді.  Мысалы,  «Маңым»,  «Жыбырлақ», 

«Жаңылғаным»,  «Талғамалар»  ӛлеңдерінде  надандықты 

сынау,  оқу-білімге  шақыру,  адам  бойындағы  ізгі 

қасиеттерді  жырлау  сарыны  басты  орын  алды.  Бұл  ретте 

«Сарыарқа» газетінде басылған әлеуметттік маңызы терең 

«Тілек»  (1917)  ӛлеңі  ақын  дүниетанымындағы  қоғамдық 

ӛмір  қайшылығына  терең  бойлаудағы  нық  қадамын 

аңғартты. 


 

133 

 

І.Жансүгіровтің «Беташар» атты шағын жинағы «Әйел 

теңдігі»  журналына  қосымша  ретінде  1927  жылы  шықса, 

тұңғыш  ӛлең  жинағы  «Сағанақ»  (1928)  деп  аталады. 

Ақынның  поэтикалық  қуаттағы  поэмалары  қазақ  сӛз 

ӛнеріндегі  ерекше  құбылыс  іспеттес  жауһар  туындылар. 

Әсіресе  Ілиястыі  қазақ  поэзиясында  сюжетті  поэма 

жанрының 

дамуына 

қоқан 


үлесін 

айқындайтын 

«Кәспеске», 

«Күй», 


«Дала», 

«Күйші», 

«Құлагер» 

поэмалары  оның  образ  сомдау,  мінез  даралаудағы  хас 

шеберлігін кӛрсетеді.  

Ӛнер,  ӛнер  адамының  құдыретін  арқау  еткен  «Күй», 

«Күйші»  поэмалары  еркіндік  пен  құлдық,  махаббат  пен 

зұлымдық, ӛмір мен ӛлім, пәни тіршілік пен мәңгілік күрес 

тақырыбын  жырлауымен  де  қазақ  сӛз  ӛнерінде  кӛркемдік 

тұғыры  биік  болып  қала  бермек.  Мысалы,  «Күй» 

поэмасының  басты  идеялық  ӛзегі,  эстетикалық  нысаны 

ӛнер  -  адамға  рух  беретін,  күшіне  күш,  жігеріне  жігер 

дарытатын  киелі  қайнар  тұрғысында  жырланса,  осы 

ақындық  мұрат  «Күйші»  поэмасында  заңды  жалғасын 

тапты.  Күй  құдыреті,  күйші  ӛнерінің  тылсым  табиғаты, 

ӛнердің  эстетикалық  және  әлеуметтік  мәні  поэмаларда 

терең 

психологиялық 



тартысқа 

құралған. 

«Ілияс 

Жансүгіровтің  жазушылық  кемелденуінің  сапалы  бір 



белгісі қазақ халқының жаңарған ӛмірін, ӛткен оқиғаларды 

бейнелегенде  даму,  ӛзгеріс  процестеріне  тарихи  тұрғыдан 

қарап, 

әлеуметтік-қоғамдық 



проблемаларды 

жеке 


адамдардың  тағдыры,  нақты  реалистік  кӛркем  образдар 

арқылы бейнеленуінен кӛрінеді. Осындай туындының бірі 

«Күйші»  поэмасының  оқиғасына  автор  араласпай, 

сюжеттің  табиғи  ағысына  жол  берсе,  «Құлагер» 

поэмасының  құрылысында,  кӛркемдік-структурасында 

құнарлы  ӛзгешеліктер,  тынбай  іздеген  ӛрен  жүйрік 

суреткер  тапқан  тамаша  жаңалықтар,  эстетикалық 

игіліктер  бар»  (Қ.Алпысбаев).  Ақын  поэмаларында  қазақ 



 

134 

 

ӛмірінің ӛткен тарихы, күрделі тұлғалар тағдыры және мол 

арналы 

әлеуметтік-қоғамдық 



мәселелер 

жәйттер 


суреттеледі.  Мәселен,  «Дала»  поэмасының    «Ақтабан», 

«Құл  кӛгені»,  «Құрбандық»,  «Сандал»,  «Толқын», 

«Бостандық»  т.б.  тарауларында  ел  ӛміріндегі  елеулі 

қоғамдық оқиғаларға назар аударып, оларға тарих шалдың 

кӛзімен  қарап  тарих  тағылымын  кӛркемдік  танымда 

жаңғыртады. Ел тарихындағы күрделі оқиғаны, әлеуметтік 

жағдай мен саяси тартыстарды, ел басындағы трагедиялық 

күйзелістерді  әр  алуан  кӛркемдік  тәсілдермен  баяндай 

отырып шынайы суреттейді. Әсіресе  ел ӛміріндегі  қаралы 

да  қайғылы  күндерді  суреттегенде  трагизмді  ӛзек  ете 

отырып,  әрбір  оқиға  детальларына  терең  мән-мағына 

дарытады.  Тұтастай  алғанда  «Дала»  поэмасы    ел  ӛмірінің 

тарихи  кезеңдерін  Дала  бейнесі  арқылы  биік  поэтикалық 

ӛреде  суреттеудегі  тарихи  тағылымға  толы  әлеуметтік-

философиялық  иірімі  терең  туынды.  І.Жансүгіровтің 

еркіндік  пен  құлдық,  махаббат  пен  зұлымдық,  ӛмір  мен 

ӛлім,  пәни  тіршілік  пен  мәңгілік  ӛнер  арасындағы  күрес 

тақырыбына  таңдап  алып,  терең  мазмұнды,  кӛркем 

идеялы,  жұп-жұмыр  «Күйші»  поэмасын  тудыруы  ақын 

ӛміріндегі  шұғылалы  сәттердің  бірі,  дарқан  ӛнерпаздың 

бауыры  жазылып,  еркін  кӛсіліп,  заулай  шырқаған  тұсы, 

шашасына шаң жұқпаған кез. «Күйші» поэмасында белгілі 

қобыз  сарыны  енді  домбыра  үні  арқылы  «Терісқақпай», 

«Қара  жорға»,  «Бозінген»,  «Қаромсақтай»,  «Сары  ӛзен» 

болып естіледі.  

Поэманың  негізгі  арқауы  Қарашаш  пен  Күйші 

арасындағы  терең  психологиялық  тартысқа,  адам 

сезімдерінің  алапат  шарпысуына  құрылған.  Әуел  бетте 

азаттықтан айрылып, құл болдым деп азапқа түскен Күйші 

бірте-бірте бұл халге де үйренеді. Кейін Қарашаштың жаңа 

келбетін кӛрген Күйшінің ішкі әлемінде орасан зор ӛзгеріс, 

жаңа,  жігерлі  серпін  пайда  болды.  Жүрегі  суып,  қаны 



 

135 

 

қараяды. Жансарайы әлденеше құбылып,  сан тараулы күй 

әуенін  тӛгеді.  Кӛзі  мұнартып,  сана-сезімі  ӛзгеше  бір  күй 

кешеді.  Күй  әсерінен  кӛктен  нӛсер  сорғалап,  қыраннын 

қашқан  құсты  қорғатты,  айнала-әлем  бірде  мұң,  бірде 

жалынға  айналды.Тәтті,  мұңлы,  сырлы  күйлер  тыйылып, 

қанды,  жаралы,  ӛлімді  күйлер  тартылады.  «Ақ  кӛбік», 

«Бозінген», «Сары ӛзен» әуені, иірім-сырлары енді жаңаша 

естілді.  Күйші  кӛңілін  сенім,  сезімге  бӛлеген  Қарашаш 

бірде  еді  мүлдем  басқаша,  жиіркенішті  кейіпте  кӛрінеді. 



«Күйші»  -  ӛлімді,  зұлымдықты  жеңген  ӛнер  құдіреті 

туралы  симфониялық  сарыны,  романдық  қуаты  бар,  кең 

тынысты, асқақ әуенді күрделі шығарма. 

«Құлагер»»  поэмасы  –  ақын  шығармашылығының 

биік  шыңы,  ӛлең-ӛнердің  үздік  үлгісі.  Поэманың 

ерекшелігі құрылымы мен кӛркемдігінен ӛзге, ел суреттері

ӛткен ӛмір оқиғалары мен жеке адамның тағдырын кең де 

тартымды  кӛрсетуінен  байқалады.  Лирикалық  кейіпкер 

тебіренісін ақын Ілиястың ӛз сыры, ӛз монологы деп қарау 

керек.  Ілияс  поэмасының  қаһарманы  Ақан  ӛмірінің 

трагедиялық беттері ақындық баяндауда кеңінен ашылады. 

Ақын поэманың «Жалғыз қазық» тарауында құстай ұшып, 

бұлдырықтай  безіп,  Кӛктұйғынмен  құйрық  тістесіп  келе 

жатқан  Құлагердің  бала  тізгінді  жіберсе-ақ  ӛзге  аттарды 

артқа  тастап  оза  жӛнелейін  деп  келе  жатқан  сәтте, 

Кӛкӛзектегі  қылтада  мерт  болғанын  қаны  сорғалаған 

трагедиялық  сурет  етіп  кӛрсетеді.  Құлагер  –  Ақан  серінің 

сұлулық,  әсемдік  идеалы  еді,  Құлагерді  ӛлтіру  ақын, 

әншінің кӛркемдік мұратын ӛлтіру болатын. Дарынсыздың 

талантты  жерге  тығуын,  қызғаныштың  даңқты  таптауын, 

жарықты  қара  түнектің  жұтуын  трагедиялық  қуатпен 

бейнелеген  Ілияс  Жансүгіров  поэмасының  оптимистік 

рухы  қайғыдан  туғанмен  ӛр,  мәңгі  жасайтын,  халық 

жүрегіне  ұялаған,  қанды  қол  жендетке  қарғыс  таңба 



 

136 

 

басқан,  қазақ  қиялының  ғажайып  аты,  ӛрен  тұлпарға 

ескерткіш орнатқан «Құлагер»  

                                                                                                                     

әнінің  туып,  таралуына  сабақтас  жатыр.  Ӛнер,  ӛнер 

адамының  құдыретін,  ӛнердің  қандай  да  болмас 

ӛктемдіктен  биік  тұратытын  рух  асқақтығын  әйгілейтін 

жоғарыда  аталған  туындыларымен  қатар  «Құлагер» 

поэмасына арқау болған Ақан сері ӛмірі мен ӛнерпаздығы 

тек  Ілияс  сынды  хас  ақын  ғана  жырлаған  ғажайып 

шығарма.  «Ақынның  ӛімірі  –  ертегі  ӛмір.  Судай  сұлу, 

желдей  екпінді,  жалпақ  жұртқа  жат,  жұмбақ  ӛмір»  (М. 

Жұмабайұлы)  десек,  сұлу  да  қайғылы  тағдыр  иесі  Ақан 

сері  сынды  ӛнерпаздың  құдыретті  әлемін,  күйініші  мен 

қайғысы  қатар  ӛрілген  ӛрен  ӛмірін  суреттеуде  Ілияс 

ақындығы  ерекше  феномен  болып  табылады.  Ақынның 

жалпы саны он бестен астам поэма жазған. «Бүгінгі дала», 

«Рүстем  қырғыны»,  «Байкал»  поэмаларымен  қатар 

аяқталмаған  «Мақпал»,  «Исатай»,  «Кӛбік  шашқан» 

поэамалары  аталады.  Ол  сондай-ақ  сықақ  әңгіме, 

фелетондарымен  де  танылған  хас  шебер  жазушы.  «Құқ» 

жинағында  берілген  сықақ  әңгімелері,  оқшаулары 

жазушының  шеберлігін  танытуымен  қатар  ӛз  дәуірінің 

психологиялық  кескін-келбетін,  адам  болмысындағы 

қайшылықтарды  заман  ағысымен  байланыста  беруімен 

тәнті  етеді.  Ал  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтеріліс  тарихы, 

тӛңкеріс  қарсаңындағы  қазақтың  әлеуметтік  ӛмірін 

суреттеуге  арналған  «Жолдастар»  романының  бірінші 

кітабын  тамамдады.  Алайда  екінші  кітабын  аяқтауға 

үлгермеді.  Асқан  дарын  иесі  сталинизм  құрбаны  болды. 

Сәкен,  Бейімбет  сынды  Ілияс  ақын  мұрасы  1957  жылы 

толық ақталды. 

І.Жансүгіров  халық  қазынасын  жинауға,  кітап  етіп 

бастыруға  да  үлес  қосқан  дарын.  «Балаларға  тарту», 

«Байшұбар»,  «Малта»,  «Шәркей»,  «Жұмбақ»,  «Ӛтірік» 


 

137 

 

ӛлеңдер  жинағын  жазған.  Сонымен  қатар  А.С.Пушкин,  

Ю.Лермонтов,  М.Горький,  Гюго,  Тоқай  шығармаларын 

қазақ тіліне аударды. 



 

 

      Дәріс бойыеша сұрақтар: 

1)

 



Ақынның ӛмірбаяны. 

2)

 



Қазақ поэзиясының «Құлагері». 

3)

 



Алғашқы ақындық ізденістері. 

4)

 



«Күй»,»Күйші» поэмалары. 

5)

 



Халық қазынасын жинаушы 

 

 



 

 

 



Негізгі әдебиеттер тізімі: 

1. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы, 1964. 

2. Сарбалаев Б. Ілияс Жансүгіров. – Алматы, 1990. 

3.  Жансүгіров  І.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  – 

Алматы,1986-1988. 

4. Абай. Энциклопедия. – Алматы, 1995. 



Қосымша әдебиеттер тізімі: 

5.  Қаратаев  М.  Нұртазин  Т.  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 

әдебиеті. – Алматы, 1967. 

6. Қазқ әдебиетінің тарихы. 3 т. 1 кітап. – Алматы, 1967. 



7. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы, 1997. 

                                                                                                 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет