Айналу осіне қатысты дене бөлшегінің импульс моменті деп- бөлшек радиусы вектор - ді бөлшек импульсі - ға векторлық көбейткенге тең шаманы айтады.
Бұдан
дененің толық импульс моменті деп бөлшектердің импульс моментерінің геометриялық қосындысын айтады:
Айналыстағы дененің кинетикалық энергиясы
Айналыстағы дененің кинетикалық энергиясы сол денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық энергиясының алгебралық қосындысына тең.
Қатты дене үшін:
Мұндағы I=-дененің айналу осіне қатысты момент инерциясы.
Сонымен,айналыстағы дененің кинетикалық энергиясы дененің инерция моментін бұрыштық жылдамдықтың квадратына көбейтіп,оны екіге бөлгенге тең.
Центрифуга және оны пайдалану
Центрифуга-сыртқы тепкіш күштің әсерінен сұйық қоспа құрамын механикалық түрде ажырататын құрал.
Сұйық құйылған (ажыратылатын бөлшектері бар) шыны түтікшелерді тепе-теңдікте іліп айналысқа келтіретін болсақ,бұл түтікшелер ішіндегі әрбір бөлшекке центрден тепкіш күш әсер етеді.