35 Сурет - Активті кедергі, индуктивтілік және
сыйымдылығы бар айнымалы ток тізбегі: а) сұлбасы;
б) векторлық диаграммасы; в) кедергілер үш бұрышы
Біз карастырған жағдай кернеу резонансы деп аталады, өйткені бұл жағдайда конденсатор мен индуктивтік кедергінің қысқыштарындағы Uсжәне ULкернеулері тізбекке берілген кернеуден әлдеқайда асып кетуі мүмкін. ULжәне Uскернеулері бір-біріне тең фаза бойынша жарты периодқа ығысқан, яғни кез-келген уақытта осы кернеулер бірімен бірі тең де және таңбалары бойынша қарама-қарсы. Демек, кез-келген уақытта реактивтік бөлімдердегі лездік қуаттар бір-бірімен тең де, таңбалары бойынша қарама-қарсы, яғни индуктивтік орауыштағы магнит энергиясының өсуі конденсаторда сақталатын электр энергиясының азаюы нәтижесінде болып турады, ал генератор энергиясын активтік кедергіге шығындайды.