Айнымалы ток



бет1/5
Дата02.06.2023
өлшемі226,5 Kb.
#98300
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс


Кіріспе

Тұрғын үйлер мен өндіріс корпустарын, теміржолдар мен самолеттер,кемелер мен автомобильдер, ғарышкемелер мен ракеталар,гидравликалық турбиналар мен іштен жану двигательдері, көпірлер мен жер асты жолдары белгілі бір жағдайда тербелістерге айналатын тербелмелі жүйелер болып саналады. Кейде еріксіз тербелістердің амплитудасы шамадан тыс көп болғандықтан, сонша құбылыстың быт-шыт болып қирауына әкеп соғады. Демек құрылыстағы резонансты есепке алудың қажеттілігін туғызады. Ал кейбір жағдайларда резонанс құбылысы белгілі бір іске жұмсалады.Резонанс құбылысы техникада кеңінен пайдаланылады.Резонанс құбылысы тербелістердің жиілігін өлшеу үшін қолданылады.Бүкіл радиобайланыс резонанс құбылысына негізделген. Электр резонанс құбылысы радио байланыста қолданылады.Хабарлаушы әр түрлі станцияның радио толқындары радио қабылдағыштың антеннасында жиілігі әр қилы айнымалы ток туғызады.Әр станция өз жиілігімен жұмыс істейді, антенна мен станцияның тербеліс контуры индуктивті байланысқан. Электромагниттік индукция әсерінен, контур катушкасында тиісті жиіліктегі айнымалы ток күші және оның еріксіз тербелістері пайда болады.Антеннада қоздырылған барлық тербелістердің жиіліктерінен контур тек жиілігі контурдың меншікті жиілігіне тең келетін тербелістерді ғана өлшеп бөліп алады.Контурды кезекті жиілікке дәл келтіру, контурдағы конденсатордың сыйымдылығын өзгерту жолымен іске асырылады. Бұл радио қабылдағышты белгілі бір станцияға сай келтіру деген сөз.




Айнымалы ток.


Айнымалы ток деп ток күші, электр қозғаушы күші бар бағыты периодты түрде өзгеріп отыратын токты айтады.Пәтердің жарықтандыру желісіндегі, заводтар мен фабрикалардағы айнымалы ток дегеніміз-еріксіз электромагниттік тербелістер. Ток күші және кернеу уақыт бойынша гармоникалық заң бойынша өзгереді.
Кернеудің тербелісін осциллографтың көмегімен оңай аңғаруға болады.Айнымалы токтың жиілігі дегеніміз 1с ішіндегі тербелістер саны. Өндірістік айнымалы ток стандарт жиілігі 50Гц-ке тең.Бұл бір секунд ішінде ток 50 рет бір жаққа қарай 50 рет қарама-қарсы жаққа қарай ағады деген сөз. Осы 50 Гц жиілік дүниежүзіндегі елдердің көбінде өнеркәсіп тогы үшін қабылданған. АҚШ-та 50 Гц жиілік қабылданған.
Алғашында біртекті магнит өрісіндегі рама жазықтығы индукция сызықтарына перпендикуляр болып, тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналсын const. Оның ауданы S, түсірілген :
.
нормаль мен B вектор сызықтарының арасындағы бұрыш болсын. Сонда
Фарадей заңы бойынша контурда магнит ағынының (В) әсерінен периодты түрде өзгеріп отыратын индукция электр қозғаушы күші пайда болады:


,
яғни .
sin кезде э.қ.к. максимумға ие болады немесе .Осылайша контурда айнымалы ток пайда болады.


яғни ,
Мұндағы - токтың ең үлкен мәні, - контур мен электр тізбегінің кедергісі.
Демек, айнымалы электр тогы – гармониялық тербеліс заңымен анықталатын ток.Оны формулалардан көруге болады.Айнымалы ток генераторы осы қарастырылған әдіс негізінде жұмыс істейді.
Тұрақты ток көзіне жалғанған конденсатордан ток жүрмейді. Ал, айнымалы ток көзіне жалғасақ, одан ток өтеді. Әйтсе де конденсатор токтың жүруіне кедергі жасайды.Ол сыйымдылық кедергі деп аталады.
.
Айнымалы ток күші өткізгіштің формасына байланысты.Түзу өткізгіштің ток күші бірнеше орамы бар өткізгішке қарағанда көп болатыны анықталған.Яғни орамы көп катушкадан ток өткенде ток күші азаяды.Өткізгіштің осы кедергісін индуктивтік кедергі деп атайды. L.
Тізбектей қосылған реостат, конденсатор мен катушканың толық кедергісі:
Z= ,

Мұндағы - актив(ом) кедергі,( ) – реактив кедергі, Z- импеданс. Кедергі бар кезде тізбек генератордан келетін энергияны жұтады.Бұл энергия өткізгіштің ішкі энергиясына айналады-олар қызады.


Өнеркәсіптік жиілігі бар айнымалы ток тізбегінде ток күші мен кернеу едәуір өзгеріп тұрады. Сондықтан ток өткізгішпен,мысалы,электр шамының қылымен жүргенде бөлініп шығатын энергия мөлшері де уақыт бойынша тез өзгереді.Бірақ осы тез өзгерістерді юіз байқамаймыз.
Тізбек арқылы өтетін электр тогы жылулық, механикалық және т.б. әсерлер туғызуы мүмкін. Тұрақты ток тізбек арқылы өткенде бөлінетін жылу мөлшері Джоуль-Ленц заңымен анықталады:
Q=I Rt.
Айнымалы токтың мәні нөлден жоғарғы мәніне жеткенше біраз уақыт өтеді.Тұрақты токтың бөліп шығарған жылуына тең болатындай жылу бөліп шығаратын айнымалы токты эффектив тогы деп атайды:


.
Кернеудің эффектив мәні
.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет