Қайролла мұҚанов


Мағжан  Жұмабаевтың  өмірi  мен  шығармашылық  жолының



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.01.2017
өлшемі1,19 Mb.
#964
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мағжан  Жұмабаевтың  өмірi  мен  шығармашылық  жолының  
көрсеткіші 
 
 
1893ж. 
25 июнь 
 
Ақмола  облысы  ІІетропавл  уезіндегі  Полудино 
болысы  (қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысы 
Мағжан  Жұмабаев  ауданындағы  Сарытомар 
ауылының  маңындағы)  Сасықкөл  жанындағы 
ауылда туган 
4 жасынан бастап 
Ауыл  мектебінде  Ахиетден  Ақанов  деген 
башқұрттан оқып сауатын ашқан 
1905-
1910жж. 
Петропавлдағы  Мұхамеджан  Бегішевтің  қазақ 
және  татар    балаларына  арналған  медресесінде 
оқыды 
1910-
1911жж.     
Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыды 
1910-1
911жж. 
Петропавл  каласында  Міржақып  Дулатовпен 
кездесіп  танысты  және  одан  орыс  тілі  мен 
әдебиетінен сабақ алды 
1912 ж. 
Қазан  қаласында  тұңғыш  «Шолпан»  өлеңдер 
кітабы шықты 
1913-
1917жж. 
Омбы  мүғалімдер  семинариясында  оқыды. 
Осында  Сәкен  Сейфуллинмен  танысты,  бірге 
оқыды 
1914-
1918жж.   
Омбыда 
жастардың 
жасырын 
«Бірлік» 

 
219 
ұйымының мүшесі болды 
1916 ж. 
«Бірлік» ұйымының «Балапан» журналына арнап 
жазған «Балапан қанат қақты» деген шығармасы 
жарық көреді 
1917ж. 
апрельдің басы  
Орынбор  қаласында  өткен  Торғай  облыстық 
қазақ съезіне қатысты  
1917 ж. 
25 апрель-7 май  
Омбы  қаласында  өткен  Ақмола  облысы 
қазақтарының  съезінде  Ақмола  облыстық  Қазақ 
комитетінің мүшесі болып сайланды  
1917 ж. 
1- 
12 май  
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне 
делегат болып қатысты  
1917ж. 
21- 
26 июльде 
Бірінші  Бүкілқазақтық  съезге  қатысты,  «Алаш» 
партиясына мүше болды 
 
1917ж. 
30 октябрьде 
Омбы  қаласында  Ақмола  облысы  қазақтарының 
«Алаш»  партиясын  құруға  арналған  құрылтай 
съезіне қатысты 
1917 ж. 
5-13 
декабрь 
аралығында 
Орынбор  қаласында  өткен  II  Бүкілқазақтық 
съездің  жұмысына  қатысты.  «Алашорда» 
үкіметінің  Ахмет  Байтұрсынов  басқарған  оқу 
комиссиясының мүшесі болып сайланды  
1917 ж. 
декабрь 
1918 ж. май 
Омбы  қаласында  «Үш  жүз»  партиясының 
әлегінен  түрмеде  отырды.  Сонда  отырғанда 
«Сағындым» өлеңін жазды 
1918 ж. 
июнь -июль 
Омбы 
облысының 
Полтавка 
селосында 
мұғалімдердің 2 айлық курсында дәріс оқыды 
1918ж. ноябрь 
-
1919ж. февраль                                                                                                                                              
Омбы қаласында қазақ мұғалімдерін даярлайтын 
курстың директоры болды әрі курсанттарға қазақ 
тілі  мен  әдебиетінен,  тарихтан,  педагогикадан 
сабақ берді 
1918ж. 
5-
13 май 
Омбы  қаласында  жалпы  қазақ  жастарының  I 
құрылтай съезі өтті. Съез «Жас азамат» ұйымын 
құрды  және  «Жас  азамат»  атты  газет  шығаруға 
қаулы 
алды. 
Оның 
редакторы 
болып 
Қошмұхамбет  Кемеңгеров  сайланды.  Газет 
Петропавл  қаласында  шығып  тұрды.  Газеттің 
1918 жылдың 30-шы июльде шыққан 1 санында 
Мағжанның  «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі 
жарияланды 
1920 ж. 10 қаңтар 
Омбы  қаласында  Сибревком  жанынан  Омбы 

 
220 
 
облыстық оқу бөлімі  құрылды. Мағжан осы оқу 
бөлімінің бұратана халықтары бөліміндегі қазақ - 
татар  секциясында  инструктор  (нұсқаушы) 
болып істеді 
1920 ж. ақпан 
 
Омбыда  «Кедей  сөзі»  газеті  шыға  бастады. 
Мағжан  осы  газеттің  редакциясының  мүшесі 
болды 
1920 ж. 
июнь -    август 
Мағжан  Петропавл  қаласында  3  айлық  «Қызыл 
мұғалімдер»  даярлайтын  курс  ашып,  соның 
директоры  болды  әрі  онда  қазақ  тілі  мен 
әдебиетінен, педагогикадан дәріс оқыды 
1920 ж. 
июнь-август 
 
Осы  курста  математикадан  Қазан  қаласынан 
келген Гүлсім Камалова деген жас сұлу келіншек 
дәріс  оқыды.  Мағжан  мен  Гүлсім  арасында 
махаббат  оты  лаулады.  Осы  кезде  Мағжан 
Гүлсімге  арнаған  бір  топ  махаббаттық 
лирикалық өлеңдер шығарды 
1921ж.  

ноябрьде 
Мағжан  Петропавлда  ашылған  3  жылдық  орыс 
тіліндегі  педагогикалық  курсқа  лектор  болып 
тағайындалды 
1921-
1922жж.    
Петропавл қаласында «Бостандық туы» газетінің 
редакциясында қызмет атқарды 
1922 ж. май -август 
 
Петропавлда 
ұйымдастырылған 
Ақмола 
губерниялық  аштарға  көмектесетін  төтенше 
комиссияның  төрағасының  орынбасары  болып 
істеді 
1922 ж. 
 
Орынбор  қаласында  Мағжанның  «Педагогика» 
атты оқулық кітабы баспадан шықты 
1922ж. ноябрь    
Мағжан  Зылиха  Құрманбай  қызына  үйленіп, 
екеуі Ташкентке келді 
1922 ж.    
Қазан  қаласында  Бернияз  Күлеевтің  көмегімен 
Мағжанның 2-ші өлеңдер жинағы шықты 
1922-1923 
жылдары                                                                                                                                   
Мағжан 
Ташкентте 
қазақ-қырғыз 
ағарту 
институтында сабақ береді әрі сол қалада шығып 
тұрған  «Ақ  жол»  газеті  мен  «Сана»,  «Шолпан» 
журналдарында 
шығармаларын 
жариялап 
тұрады.  Осында  ол  әйгілі  «Батыр  Баян», 
«Қойлыбайдың 
қобызы», 
«Қорқыт» 
дастандарын,  «Шолпанның  күнәсі»  әңгімесін, 
ғылыми-зерттеулерді  және  көптеген  өлеңдерін 
шығарды.  Сонымен  қатар  Мағжан  Ташкентте 

 
221 
қазақ-қырғыз  білім  комиссиясының  және 
«Талап» ұйымының мүшесі болды 
1923ж. 
Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен 
Мағжанның 3-ші өлеңдер жинағы жарык көрді  
1923 жылы 
 
«Лениншіл  жас»  журналының  №  5  санында 
Жүсіпбек 
Аймауытовтың 
«Мағжанның 
ақындығы»  деген  көлемді  ғылыми  мақаласы 
жарияланды 
1923 жылы ноябрь 

1927 ж. май 
 
Мәскеу көркем-әдебиет институтында оқыды, әрі 
Шығыс 
еңбекшілерінің 
Коммунистік 
университетінде  сабақ  берді.  Сонымен  қатар 
Нәзір 
Төреқұлов 
басқарған 
Күншығыс 
баспасында қызмет істеді 
1924 жылдың 
басында 
 
Орынборда  Мағжанға  сырттай  сот  болды.  Онда 
Сәбит  Мұқанов  Мағжан  шығармаларын  сынап 
сөз  сөйледі.  Жәкен  Сәрсенбин,  керісінше, 
Мағжанды ақтап сөйледі 
1924 ж. 
24 ноябрь 
 
Мәскеуде  Шығыс  еңбекшілері  Коммунистік 
университеті 
жанындағы 
студенттердің 
«Жерлестік» 
ұйымының 
жиналысында 
Мағжанның  1923  жылы
 
Ташкентте  шыққан 
өлеңдер 
жинағын 
талқылау 
болды. 
Жиналғандардың  көпшілігі  Мағжанды  ұлтшыл, 
байшыл,  түрікшіл,  коммунистік  саясатқа  қарсы 
ақын деп сынады. Жалғыз Жәкен Сәрсенбин оны 
жақтап  сөйледі.  Жиналыс  көпшілік  дауыспен 
бұдан  былай  Мағжан  өлеңдері  баспасөзге 
басылмасын деген қаулы қабылдады 
1924 жылғы 
3 декабрьде                                                                              
«Тілші» газетінде Мағжанның «Елге сәлем» атты 
өлеңі басылып шықты 
1924  жылғы  19  
декабрьде   
«
Еңбекші  қазақ»  газетінде  осы  өлеңгс  жауап 
ретінде  Сәбит  Мұқановтың  «Сәлемге  сәлем» 
атты өлеңі шықты 
1925 ж. 
14 январь 
«Еңбекші  қазақ»  газетінде  осы  жиналыс  туралы 
мақала және жиналыстың қаулысы жарияланды 
1927ж. 
көктемде 
Мағжан 
Мәскеудегі 
оқуын 
тәмамдап 
Петропавлға қайтып келеді 

 
222 
1927ж. 
күзден 
1929ж. 
июльдің 
басына дейін 
Мағжан 
Петропавлдағы 
педагогикалық 
техникумда  және  партия-совет  мектебінде  қазақ 
және орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді 
1927 ж. 
17 август 
 
«Еңбекші қазақ» газетінде акынның «Тоқсанның 
тобы» поэмасы жарияланды 
1927 ж. 
ноябрьде 
 
Қазақстан  өлкелік  партия  комитетінің  1-ші 
хатшысы  Ф.И.Голощекин  «Тоқсанның  тобы» 
поэмасын  қатты  сынға  алады.  Бұдан  кейін 
Мағжанды сынау күшейе түседі 
1929 ж. 
6 июльде      
Мағжан  Петропавлдағы  үйінде  тұтқындалып, 
Алматыға  жіберіледі,  одан  Мәскеуге  жіберіліп 
әйгілі  «Бутырка»  түрмесіне  қамалады.  Одан  10 
жылға Карелияға жер аударылады. 
1936 ж. 
2 июньде 
А.М.Горький  мен  Е.П.Пешкованың  көмегімен 
айдаудан  мерзімінен  бұрын  босанады  да  сол 
жазда елге оралады 
1936 ж. жазда 
 
Омбы  жағында  тұратын  нағашыларына  барып 
бір  аз  күн  қонақта  болады.  Ол  жақтан  келгесін 
Петропавл  қаласында  біраз  уақыт  жұмысқа 
орналаса  алмайды.  Тек  аз  уақыт  мұғалімдердің 
жазғы  білімдерін  жетілдіру  курсында  лекция 
оқиды 
1936 ж. 
Сентябрь-декабрь   
Петропавл  қаласындағы  №  5  Пушкин  атындағы 
жетіжылдық  орыс  мектебіне  орыс  тілі  мен 
әдебиетінің оқытушысы болып iстейдi 
1937 жылдың 
январында    
Мағжанды  мектептегі  оқытушылық  қызметінен 
еш себепсіз шығарып жібереді 
1937 жылғы 
20 февральда 
Мағжан  Алматыға  Қазақстан  Жазушылар 
Одағының төрағасы Сәбит Мұқановқа хат жазып 
астанаға  келгісі  келетінін  білдіреді.  Сәбит 
Мұқанов келуіне карсы болмайды 
1937 жылғы 
25 мартта     
Мағжан  мен  Зылиха  Алматыға  көшіп  келеді. 
Оларды  вокзалда  Сәбит  Мұқанов  өзі  қарсы 
алады.  Сол  күні  Мағжан  Сәкен  Сейфуллинге 
жолығады 
1937 жылғы 
декабрьге дейін 
Мағжан Сәбиттің көмегімен әуелі музейде, одан 
кейін  тағы  бірнеше  жерде  қызмет  істейді.  Бірақ 
қайда  істесе  де  НКВД  жандайшаптары      оны   
жұмысынан    шығартып   жіберіп отырады 

 
223 
1937 жылғы 
3
0 декабрьде 
Мағжан тағы да тұтқындалып түрмеге қамалады 
1938ж. 
19  мартта   
Ұлы ақын жазықсыз атылды 
 
 
 
 
 
 
Мағжан ақын ақталғаннан кейінгі өткізілген шаралар 
 
1960жылғы 
8 июль 
 
Мағжан 
Түркістан 
әскери 
округі 
әскери 
трибуналының  шешімімен  ақталды.  Бірақ  бұл  тек 
азаматтық 
ақталу 
деген 
желеумен 
оның 
шығармалары әлі де жарыққа шығарылмады 
1988 ж. 
декабрьде 
Ұлы ақын толық ақталды 
 
1989 
жылдың 
басы 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 
Мағжан  Жұмабаевтың,  Ахмет  Байтұрсыновтың, 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  творчестволық  мұрасын 
зерттеу  жөніндегі  комиссиясының  (32  адам) 
қорытындыларын 
қарай 
келіп, 
Қазақстан 
Компартиясы  Орталық  Комитетінің  Бюросы 
комиссияның  Мағжан  Жұмабаевтың,  Ахмет 
Байтұрсыновтың  және  Жүсіпбск  Аймауытовтың 
қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби 
қызметі туралы тарихи шындықты толық көлемінде 
қалпына  келтіру,  олардың  жеке  шығармаларын, 
баспасөзде  көрсетілген  қателіктері  мен  уақытша 
адасуларын  сын  тұрғыдан  зерделеу  жөніндегі 
тұжырымдарымен 
келісті, 
республикалық 
газеттердің,  журналдардың  редакцияларына,  Қазақ 
ССР  телевизия  және  радио  хабары  жөніндегі 
мемлекеттік  комитетіне  олардың  өмірі  мен 
творчестволық  қызметі  туралы  мақалалар  сериясын 
жариялау, радио мен телевизиядан хабарлар  циклін 
ұйымдастыру  ұсынылды.  Орталық  Комитеттің 
Бюросы  сондай-ақ  Қазақ  ССР  Баспа,  полиграфия 
және  кітап  саудасы  істері  жөніндегі  мемлекеттік 

 
224 
комитетіне,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл 
білімі,  әдебиет  және  өнер  институттарымен  бірлесе 
отырып, 
Мағжан 
Жұмабаевтың, 
Ахмет 
Байтұрсыновтың  және  Жүсіпбек  Аймауытовтың 
таңдамалы  шығармалары  мен  ғылыми  еңбектерін 
әзірлеп,  басып  шығаруды  тапсырды  («Қазақстан 
Коммунистік  партиясының  Орталық  Комитетінің 
Мағжан  Жұмабаевтын,  Ахмет  Байтұрсыновтың 
және  Жүсіпбек  Аймауытовтың  творчестволық 
мұрасы туралы» қаулысынан - «Қазақ әдебиеті» - 6 
январь 1989 жыл) 
1989 ж. 
 
Мағжан 
Жұмабаевтың 
шығармалар 
жинағы 
Алматыда  Әбділда  Тәжибаевтың  алғы  сөзімен 
басылып шықты 
1990ж.               
2 апрель 
 
Қазақстан  Жазушылар  одағы  және  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясының  М.О.Әуезов  атындағы 
әдебиет 
және 
өнер 
институтының 
ұйымдастыруымен 
Мағжан 
Жұмабаевтың 
творчествосына  арналған  ғылыми  конференция 
Алматыда өтті 
1991 ж. 
4 октябрь 
 
Солтүстік  Қазақстан  облыстық  «Ленин  туы» 
газетінің  ғимаратының  қабырғасына  Мағжанға 
арналған ескерткіш тақта орнатылды. Онда мынадай 
сөздер  жазылған:  «Қазақтың  аса  көрнекті  ақыны 
Мағжан  Жұмабаев  (1893  -  1938) 20-  жылдары 
«Бостандьқ  туы»  («Ленин  туы»)  газетінің 
редакциясында жұмыс істеді!» 
1992 ж. 
апрель 
Алматыда 
«Мағжан» 
атты 
толықметражды 
телефильм шықты 
1992 ж. 
12 
май 
Солтүстік  Қазақстан  облысы  әкімінің  шешімімен 
Петропавл  қаласындағы  Коммунист  және  2-ші 
Коммунист көшелері біріктіріліп, Мағжан Жұмабаев 
көшесі деп аталды 
1993 ж. 
март 
Қазақстан  Республикасы  Министрлер  кабинеті 
«
Қазақ  әдебиетінің  классигі  Мағжан  Жұмабаевтың 
туғанына  100  жыл  толуына  арналған  мерейтой 
шараларын өткізу жөнінде» қаулы қабылдады 
1993 ж. 
25 -
26 март 
Петропавл  каласында  «Мағжан  Жұмабаев  -  азамат, 
ақын,  педагог»  деген  тақырыпта  ақынға  арналған 
ғылыми-практикалық конференция болып өтті 

 
225 
1993 ж. 
26 
май - 2 июнь 
Түркияда  қазақ  ақыны  Мағжан  Жұмабаевтың 
туғанына  100  жыл  толуына  байланысты  поэзия 
күндері  болып  өтті.  Оған  Қазақстанның  бip  топ 
ақын, жазушылары қатысты 
1993 ж. 
12 август 
Республика  астанасы  Алматыда  Мағжан  тойына 
арналған  салтанатты  жиналыс  және  акын 
творчествосына 
арналған 
ғылыми-теориялық 
конференция болып өтті 
1993 ж. 
13 
август 
Қазақ  ССР  Министрлер  кабинетінің  №  695 
қаулысымен  Петропавл  педучилищесіне  Мағжан 
Жұмабаев eciмi берілді 
1993 ж. 
13-
14август 
Ақынның  мерейтойы  туған  жері  Петропавл  қаласы 
мен Булаев ауданында өттi. Ақынның туған жерінде 
ескерткіш  ашылды.  Сарытомар  ауылында  ақынның 
мұражайы бой көтерді 
2000 ж. 
Булаев  қаласында  Мағжан  Жұмабаевтың  мүсіні 
(бюсті) орнатылып, ашылды 
2000 ж. 
23 ноябрь 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың  Жарлығымен  Булаев  ауданы  Мағжан 
Жұмабаев ауданы деп аталды 
2003 ж. 
Мағжан  Жұмабаев  атындағы  педколледждің 
ғимаратының  қабырғасына  ұстаз  ақынға  арналған 
ескерткіш тақта орнатылды 
2003ж. июнь 
1920  жылдардың  басында  Мағжан  мен  Зылиха 
тұрған 
Первомайская 
көшесіндегі 
үйдің 
қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды 
2007 ж. 
30 март 
Үш  айда  бip  шығатын  «Мағжан»  атты  жаңа  әдеби-
көркем  журналдың  бiрiнші  саны  Петропавл 
қаласында  жарық  көрді.  Редакторы  журналист 
Жарасбай Сүлейменов 
2008 ж. 
21 
июнь 
Мағжанның  115  жылдығына  арналған  үлкен 
мерейтой  Сартомар  ауылының  маңында  өтті. 
Сартомар  ауылындағы  ақынның  мұражайы  күрделі 
жөндеуден өтіп қайта толықтырылып ашылды 
 
 
 
 

 
226 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 
 
Мағжан  Жұмабаев.  Шығармалары.  Өлеңдер, 
поэмалар, қара сөздер. (Құрастырғандар Абдуллин 
Х.,  Дәрiмбетов  Б.,  Жұмабаева  З.)  –  Алматы, 
«
Жазушы». 1989. 448 бет. 
Елеукенов  Ш.Р.  Мағжан  Жұмабаев.  Алматы. 
1990. 56 бет. 
Мағжан  Жұмабаев.  Таңдамалы  (Өлеңдер, 
поэмалар,  зерттеулер,  аудармалар).  –  Алматы. 
«
Ғылым». 1992. 272 бет. 
Мұстафа  мен  Мағжан  –  Туран  елiнiң 
даналары.  (Құрастырған  баспаға  әзiрлегендер: 
Хамза  Абдуллин  мен  Қайыржан  Қасенов)  – 
Алматы, 1993. 112 бет. 
Мағжан  Жұмабаев.  Сарыарқаны  сағындым. 
(Құрастырған  –  редактор,  алғы  сөздiң  авторы 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi Мүтәллап 
Қанғожин). Петропавл. 1993. 110 бет. 
Сәбит  Мұқанов.  Өмiр  мектебi.  2-шi  кiтап. 
Азаттық жолдар. Алматы, «Жазушы». 1953. 

 
227 
Сәбит  Мұқанов.  Өмiр  мектебi.  3-шi  кiтап. 
Есею жылдары. Алматы, «Жазушы». 1964. 
Сәбит Мұқанов. Өсу жолдарымыз. Таңдамалы 
шығармалар.  16  томдық.  14-шi  том.  Алматы, 
«
Жазушы». 1978. 
Сәкен  Сейфуллин.  Тар  жол,  тайғақ  кешу. 
Алматы, 1960. 
Шериаздан Елеукенов. Жаңа жолдан. С новой 
строки.  Әдеби  портреттер,  зеттеулер.  Алматы. 
«
Жазушы». 1989. 
Дүкенбай  Досжанов.  Абақты.  «Қазақстан». 
1992. 
Бес  арыс.  Естелiктер,  эсселер  және  зерттеу 
мазалалар.  Құрастырған  Дидахмет  Әшiмханов. 
Алматы. «Жалын» – 1992. 
Мағжан Жұмабаев. Шығармалар. 3 томдық, 1-
шi том. Алматы, «Бiлiм» – 1995. 
Мағжан Жұмабаев. Шығармалар. 3 томдық, 2-
3-
шi томдар. Алматы, «Бiлiм» – 1996. 
Жолтай  Әлмешұлы.  Нәзiр  Төреқұлұлы. 
Өмiрбаяндық  суреттеме.  «Жұлдыз»  –  1996,  №  10. 
90-
128 беттер. 
Бақыткамал  Қанарбаева.  Жырымен  жұртын 
оятқан.  Мағжан  Жұмабаевтың  шығармашылығы 
хақында. Алматы, «Ана тiлi» – 1998. 
Мағжан  Жұмабаев.  Батыр  Баян.  Өлеңдер, 
поэмалар.  Құрастырған  Ерiк  Асқаров.  Астана 
«
Елорда» – 1998. 

 
228 
Тұрсынбек Кәкiшұлы. Сайыс. Эссе. – Алматы 
– 2001. 
Дихан  Қамзабекұлы.  Алаш  және  әдебиет. 
Астана. «Фолиант» – 2002. 
Мағжан Жұмабаев. Сүй, жан сәулем. Өлеңдер 
мен поэмалар. Алматы, «Ата мұра» – 2002. 
Ұлттық поэзия падишасы. (Ұлы ақын Мағжан 
Жұмабаевқа 
арналады). 
Бас 
редакторы 
Ш.Елеукенов. Алматы. 2001. 
Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен  материалдар 
жинағы.  Сәуiр  –  1901ж.  –  желтоқсан  1917ж.  1-шi 
том. «Алматы», «Алаш» – 2004. 
Ғадiлша  Қаһарманұлы.  Жәжеке.  Естелiктер 
мен деректер. Алматы «Қазығұрт». 2005. 
Мағжан.  Өлеңдерi,  прозасы  және  әдеби 
зерттеулер. 
Құрастырған 
Ж.Сүлейменов. 
Петропавл. 2006. 
Мағжан.  Таңдамалылар.  Москва.  «Русский 
раритет» – 2006. Составитель Сауле Мансурова. 
З.С.Тайшыбай. 
Мағжанның 
Қызылжары. 
(ғылми  басылым). 
Петропавл.  М.Қозыбаев 
атындағы СҚМУ – 2006. 
Кәкiмбек 
Салықов. 
Мағжанға 
тағзым. 
Өлеңдер, 
төрттағандар, 
поэмалар. 
Астана 
«
Фолиант» – 2008. 
Мағжан  Жұмабаев.  Туған  жер.  Құрастырған 
Кемел Оспанов. Петропавл – 2008. 
Жарасбай  Сүлейменов.  Сөнбейтiн  шырақ. 
Петропавл – 2008. 

 
229 
 
 
 
 
 
 
Қайролла Мұқанов 
 
1932  жылы  26  қыркүйекте  Солтүстiк 
Қазақстан  облысы  Октябрь  ауданында  Ынтымақ 
ауылында  туған.  1957  жылы  Қазақ  Мемлекеттiк 
университетiнiң тарих факультетiн бiтiрген. 14 жыл 
ауыл мектептерiнде мұғалiмдiк қызмет iстеп, оның 
12  жылында  мектеп  директоры  болған.  23  жыл 
облыстық оқу бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, 5 
жыл  облыстық  мұғалiмдер  бiлiмiн  жетiлдiру 
институтында  аға  оқытушы  болған.  2001  жылдан 
осы  күнге  дейiн  облыстық  тарихи  өлкетану 
мұражайы  жанында  құрылған  «Асыл  мұра» 
орталығында  ғылыми  қызметкер  болып  iстеп 
келедi.  Ол  өмiр  бойы  туған  өлкенiң  атақты 
адамдары  туралы  деректер  жинап  олар  туралы 
мақалалар,  очерктер  жазып,  кiтаптар  шығарумен 
айналысып  келедi.  Оның  «Ынтымақ  ауылы», 
«
Ұмсың  сулу»,  «Өлке  тұлғалары»,  «Тоқсан  би», 
«
Бiр  әулеттiң  тарихы»  (соңғы  екеуi  Социал 
Жумабаевпен  бiрге)  т.б.  кiтаптары  жарық  көрдi. 
Бұл  кiтап  оның  баспасөз  беттерiнде  Мағжан 

 
230 
Жұмабаев 
туралы 
жарияланған 
бiрқатар 
мақалаларының жинағы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Если другие народы будут 
хвалиться своими мастерами 
искусства, казахская литература в 
свое время безусловно может 
гордиться художественной 
образностью богатством картин 
стихов Магжана. 
 
Жусупбек Аймауытов. 
 
 
 

 
231 
 
 
 
 
 
 
 
ПРЕДИСЛОВИЕ 
 

Магжан Жумабаев – вершина, возвышаю- 
щаяся в сердце нашей духовной жизни, ее 
видит всяк, кто поднимет голову и 
обрадуется ей. Знать Магжана, почитать 
его, гордиться им – значит знать, почитать 
свой народ, свой язык, свою культуру”. 
 
Гафу Каирбеков. 
 
Целых  полвека  произведения  великого 
казахского  поэта  Магжана  Жумабаева  находились 
под  крепким  замком,  только  в  конце  80-х  годов 
прошлого  –  ХХ-го  века  они  вернулись  народу. 
Даже  в  годы  запрета  имени  и  произведений  поэта 
народ  не  забыл  его.  Еще  в  годы  далекого  детства 
мы часто слышали, как взрослые между собой тихо 
и  осторожно  говорили  с  восхищением  о  поэзии 
Магжана  и  даже  читали  наизусть  его 
замечательные  стихи.  Это  показывает  как  народ 
ценил и помнил его. 
Поэт,  писатель,  журналист,  фольклорист, 
историк, 
философ, 
переводчик, 
педагог, 

 
232 
общественный  деятель,  политик  –  Магжан 
Жумабаев  оставил  после  себя  богатое  наследство, 
большой  след.  Магжан  видел  отставание  уровня 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет