Пән аты: дүниежүзі тарихы (ф) сыныбы: 10 а Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы АҚШ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: АҚШ-тың дағдарысқа дейінгі кезеңдегі дамуы туралы түсінік беруі
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың барыс: Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап
Тірек-сызбамен жұмыс
Картамен жұмыс
Жылдармен жұмыс
Қорытынды
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы.
Саяси- экономикалық дамуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi - АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлерi Еуропа құрлығына келiп, шiлде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерiн қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркә- сiп орындары тоқтаусыз жұмыс iстеп Еуропа елдерiнiң соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық кор- порация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кiрiсi 33,5 млрд доллар болды. Өнеркәсiптiңдамуының дүниежүзiлiк саладағы үлес салмағы өстi. 1919 жылы АҚШ дүниежүзiнде өндiрiлген өнеркәсiп өнiмдерiнiң, оның iшiнде көмiрдiң 50%, шойын мен болаттың 5 3 ; мұнайдың 3 2 ; автомобильдiң 85% шығарды. Соғыстың қорытындысында АҚШ-тың экономикалық күш қуаты артты. Сонымен қатар, АҚШ қаржы саласында Еуропа елдерiне көптеп инвестиция арқылы көмектесiп, өндiрiсiн дамытуда. Олар қаржы саласында АҚШ-қа тәуелдi болды. АҚШ инвестициясы Еуропа елдерiне: – соғысқа қажеттi заем 11 млрд долларға жеттi; – Канада мен Латын Америка елдерiне жеке инвестиция мөлшерi 7 млрд доллар болса, 20 жылдарда дүниежүзi елде- рiндегi АҚШ инвестициясының мөлшерi 18 млрд долларға жеттi. Соғыстың АҚШ үшiн қорытындысы, Еуропа елдерiне Аме- рика капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретiн елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дү- ниежүзiне өзiнiң саяси экспанциялық саясатын нығайта түстi. Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi Вильсонның сөзiмен айтқанда: «Бiздiң мiндетiмiз дүниежүзiне ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл саясаттың негiзi – АҚШ-тың дүниежүзiлiк гегемондық билiкке шығуы болды. Соғыстан кейiн АҚШ президентi Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Iшкi саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұс- тап, Американың қаржы капиталының мүддесiн қолда-ды. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдерiне қарсы экспанция- лық саясат жүргiздi. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты. 1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде ереуiлдiк қозғалыс күшейдi. 1919 жылы елде 210 мың өнеркәсiп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жеттi. Ереуiлдiк қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн жеттi. 1921 жылы АҚШ-та екi коммунистiк партия бiрiгiп, бiр партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократия- 83 84 лық қозғалыс кең етек алды. Ереуiлдiк қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсiподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттiк сайлау қарса- ңында демократиялық және республикалық партия арасында саяси күрестi күшейте түстi. Вильсонның демократиялық партия үкiметiнiң, халықтың алдында беделi түсе бастады. 1920 жылы қараша айының 2-і күнi АҚШ-та президенттiк сайлау өттi. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық партияны қолдап 9 млн сайлау- шылар дауыс бердi. 8 жыл елдi басқарған демократиялық партия жеңiлiс тапты. АҚШ президентi болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президентi болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкiметi келген- нен кейiн де елдегi экономикалық дағдарыс жалғасты. Iрi монополияға сенiм артқанымен, Гардинг үкiметi қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елдi аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды. Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi АҚШ. 1924 жылы АҚШ-та президенттiк сайлау болып, республикалық партия екiншi рет жеңiске жетiп, Кулидж президент болды. 1924 жылы АҚШ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңiне өттi. Буржуазияның саяси ықпалы күшейдi. Ереуiлдiк қозғалыс жеңiлiс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейiн әлсiредi. Экономикалық өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертiп, iшкi өндiрiске капиталды салып, жаңа технологияны енгiзiп, өндiргiш күштiң тез өсуiне жағдай жасады. Өнеркәсiптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсiп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңiл бөліндi. Өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру тез өстi. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту 45 млн т; 57 млн т артты; электр энергиясы 71 млрд квт сағ, 117 млрд кв сағатқа өстi. Жалпы өнеркәсiп өнiмi 70% артты. АҚШ өнеркәсiбi дүниежүзiнде өндiрiлген өнiмнiң 48%-ын шығарды. Сөйтiп, капиталистiк елдердiң арасында бірінші орынға шықты. Ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiнің өндiрiске тез енгiзiлуi автомобиль шығару Америка қоғамының мақтанышына айнал- ды. Автомобиль өндiрiстің негiзiн қалаушы Генри Фордтың85 атымен шықты. Жаңа конвейерлiк жүйенiң енгiзiлуi, өндiрiстiң үздiксiз жүргiзiлуi өндiргiш күштердің артуы, АҚШ-ты автомо- биль шығарудан дүниежүзiнде бiрiншi орынға алып шықты. Мысалы: 1913 жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жы- лы 5,4 млн автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводын- да кейбiр кезде күнiне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. Өнеркәсiптiң химия, самолет жасау, радиотехника салалары қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнiң тұрақтануы өзiнiң ең жоғарғы деңгейiне жеттi. «Американдық гүлдену заманы басталды» деп түсiндiрдi АҚШ президентi Кулидж. 1928 жылы АҚШ-та кезектi президенттiк сайлауда респуб- ликалық партия жеңiске жетiп Герберт Гувер елдiң президентi болып сайланды. Гувер үкiметі сайлаушылардың үмiтiн ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстан шығудың жолын iздеген «миллионер үкiметi» одан еңбекшi халық арқылы шығудың жолын таңдады. «Қатал индивидуализм» идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттiк қолдау арқылы шығуынан бас тартты. Еңбекшi халықты әлеуметтiк жағынан қолдауға және жұмыссыздарға көмек көрсетуге қарсы болды. Гувер үкiметi реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерiнiң талабын орындау үшiн 1929 жылы маусым айында конгресс арқылы «Ауыл шаруашылық тауарларын өткiзу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлердi басқару басқармасын құрды. Фермерлердiң өнiмдерiн сатып алу және рыноктағы артық астықтың мөлшерiн азайту үшiн мемлекет фермерлерге 500 млн доллар бөлді. Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттiк қоймалар- да сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1,3 млн т. мақта жиналды. Халыққа қажеттi азық-түлiк тауарларын базарға шығаруды тежедi. Халық арасында аштық басталды. Ұсақ және орта фермерлердiң жағдайы нашарлады. Мемлекеттiк қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешiкпей тоқтатылды. Гувер үкiметi iшкi саясатта миллионерлердi қолдап, iрi монополия иелерiне жеңiлдiктер жасады. Жеке меншiк компа- нияларына жеңiлдетiлген несие берсе, корпорация иелерiне салық мөлшерiн азайтты. Шет елдiң тауарларына баж салығын өсiрiп, iрi өнеркәсiп монополиясы тауарларының бағасын көтерді. Iрi монополияларды мемлекеттiк субсидия (көмек) 86 арқылы қолдап отырды. Гувер үкiметi дағдарыс жылдарында мемлекеттiк-монополиялық саясатты жүргiзуге мәжбүр болға- нымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкiметi толық жолға қоя алды. Гувер үкiметiнiң сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргiзiлдi. Қаржы-ақша саясаты АҚШ- тың халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды. 1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшерi 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өстi. Американ капиталы Латын Америкасы елдерiне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистерiне шексiз пайда әкелдi. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейттi. АҚШ үкiметi Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсiретiп, Вашингтон конференциясынан кейiн Қытайда өз беделiн көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерiлiсiнiң басталуына әкелiп соқты. 20- жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерiнде беделi нығая түстi. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегi берiлдi. Еуропада Германия арқылы АҚШ- тың гегемендық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзiнiң антисоветтiк саясатын жалғастыра бердi. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ. 1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшiн дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Экономикалық дағда- рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған едi. 20- жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзiнде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшерi 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жеттi. 1929 жылы қазан айының 24-і күнi қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейiн 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелерi 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтiп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 87 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер еттi. Сөйтiп, дүниежүзiлiк капитализм дағдарысы басталды. Ол АҚШ-тың өнеркәсiп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндiру мен автомобиль шығару 15-16% төмендедi. 285 темiр қорыту пештерiнің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс iстедi. Экономикалық дағдарыс еңбекшi халықтың тұрмыс жағдай- ын төмендеттi. Әлеуметтiк қайшылық өстi. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жеттi. Жұмыссыздық 30- жылдардағы АҚШ-тың күнделiктi өмiрiндегi қалыпты көрiнiске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды. АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шектi. Ауыл шаруашылық өнiмдерi артық шыға- рылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердiң жағдайын күйзелттi. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлiк шаруашылық қыс- қартылды. 1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесi айтарлықтай дағдарысқа жеттi. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Мил- лиондаған американдықтар өздерiнiң банкке салған жинақтары- нан айрылып, қайыршылық жолға түстi. Экономикалық дағда- рыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигiздi. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмiтiн үзе бастады. Американың гүлдену дәуiрiне сенiмсiздiк күшейдi. Индивидуализм идеясына байла- нысты әрбiр американ азаматы өз күшiне сену керек екенiне көздерi жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтiк жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтiк қайшылықтың тереңдеуi, бұқара халықтың күреске шығуына әкелдi. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуiлге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлерi жиналып, өздерiнiң тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкiметтен талап еттi. Мұндай қозғалысқа фермер- лер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бiрнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтiк топтарды қамтыды. Үкiмет бұларға қарсы полицейлiк күштердi жiберiп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды. 92 үкiметiнiң сыртқы саясатына бiршама өзгерiстер жасауға мәжбүр етті. Бұрынғыға қарағанда өте сабырлы саясат жүргiзуге тырысты. Ең алғашқы қадамдарының бірі - антисоветтiк саясат- тан бас тартуы болды. Сөйтiп, 1933 жылы 16 қарашада АҚШ үкiметi КСРО-ны мойындап, елшiлiк қатынас орнатты. Бұл сол жылдардағы сыртқы саясаттағы ірі жеңiсі, Ф.Рузвельттiң көре- гендiк ақыл-ойының нәтижесi еді. 30-жылдардағы АҚШ-тың Латын Америка елдерiне бағыт- талған экспанциялық саясаты бәсеңдеді. АҚШ үкiметi бұл елдермен «көршiлiк» саясатын жүргiзе бастады, яғни басқын- шылық саясатынан бас тартуға тура келді. Еуропа елдерiндегi фашистiк бiрлiктiң құрылуы АҚШ үкiметiн ойландыра бастады. Себебi, олар фашизм қаупi дүниежүзiлік қауiп екенiн түсiне бастады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында АҚШ үкiметi- нiң негiзгi бағыты «бейтараптық» саясат болды. Бұл саясаттың негiзгi бағыты фашистiк елдердiң агрессиялық саясатын қолдай отырып, КСРО үкiметiнiң соғыс қарсаңындағы коллективтiк қауiпсiздiк саясатын қолдамау еді. 1937 жылы қазан айының 5-і күнi Чикаго қаласында сөйлеген сөзiнде Ф.Рузвельт «қазiргi уақытта бүкіл әлем фашизмге қарсы күресте бiрiгуiмiз қажет» — дедi. Бейтараптық сыртқы саясат АҚШ үкiметiн оқшаулауға әкелдi. Бiрақ та екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы АҚШ- тың сыртқы саясаты Германияны шығысқа карай соғыс ашуға, яғни КСРО-ны күшпен жоюға итермелеп отырды
АҚШ-тың дағдырысқа дейінгі кезеңдегі дамуы. Бірінші дүние-жүзілік соғыстан кейін Америка капитализмнің материалдық-техникалық базасының дамуында алға басу байқалды. Жаңа техниканы өндіріске енгізудегі қол жеткен үлкен жетістіктер 1922 - 1929 жылдардағы өндірістің жедел дамуына мүмкіндік берді. Мқның өзі "гүлдену" (просперити) терминін тудырды. Америка кәсіпорындары өнімдерінің көбеюі өндірісті стандарттаумен де байланысты болды. Мыңдаған зауыттар миллиондаған детальдар мен құралдарды, аспаптарды жасауға мамандандырылды. Адамдар жұмыс үдерісін асқан дәлдікпен орындап, оны қайталай берді. Әйтсе де дайьш өнімнің сыртқы пішінінің әр түрлі болуына стандарт кедергі болмады.
1932 жылғы президент сайлауы. Франклин Делано Рузвельттің жеңісі. Сайлау қарсаңындағы күрес АҚШ билеуші топтары үшін күрделі және шиеленісті жағдайда өтті. Демократиялық партия президенттік орынға кандидат етіп Нью-Йорк штатының губернаторы Ф.Д.Рузвельттіұсынды. Сайлау 1932 жылдьщ қараша айында етіп, демократтар 48 штаттың 42-сінде жеңіске жетті.
Франклин Делано Рузвельт, АҚШ-тың 32-і президенті, 1882 жылғы 30 қаңтарда Гайд-Паркте дүниеге келген. Рузвельттің арғы атасы Клаас Мартенсен, оның екі немересі Иоганн мен Яков Рузвельттер отбасының екі бұтағының негізін салушылар болды.
Президент Ф.Рузвельттің "Жаңа бағыт" саясаты.Рузвельттің билікке келуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың АҢШ-тағы өткір кезеңіне дөп келді. Кептеген зауыттар мен фабрикалар тоқтап, ағаш шеберханалары бос қалды. Елде жұмыссыздар 15—17 млн-ға жетті. Мыңдаған аш адамдар бір тілім нан үшін АҚШ-тың қалаларын кезіп жүрді. Көптеген фермалар сатылды немесе қараусыз қал-дырылды. 10 мыңнан астам банктер банкротка үшырады.
АҚШ-тың сыртқы саясаты: Ф. Рузвельттің екінші президенттігі уақыт бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында сай келді.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Сөзжұмбақ құрастыру.