Қайта өрлеу заманындағы ғылымның жалпы жағдайы Үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі30,4 Kb.
#16159
  1   2   3
Байланысты:
9 апта


1.1 Қайта өрлеу заманындағы ғылымның жалпы жағдайы

1.2 Үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу

Қайта өрлеу заманындағы ғылымның жалпы жағдайы

XV ғасырдың екінші жартысы мен XVІ ғасыр Европа тарихында «Қайта

өрлеу дəуірі» деп аталады. Бұл ежелгі дүние қол жеткен аса биік мəдени

дəреженің қалпына келіп өркендеу дəуірі. Мұның осылай аталуының мəні

тереңде жатыр,ол ең əуелі қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістермен

сипатталады, бұл кез ескі феодалдық құрылыс қойнауында жаңа

буржуазиялық, капиталистік қоғамдық қатынастар бой көрсете бастаған жаңа

əлеуметтік жағдайға сай келеді. Өнеркəсіпте жаңа техникалық жаңалықтар

мен кемелдік қажет ететін мануфактуралар пайда болады, осы тұста

прогреске аса керекті компас, сағат жəне оқ-дəрі,арзан қағаз шығару, кітап

басу ісі жедел дами бастайды. Сауданың қауырт өркендеуі теңізде

жүзушілікті күшейтіп,ұлы географиялық жаңалықтар ашылуын жеделдетті.

Кітаптың молаюы қауымның ғылымға , білімге талпынысын,ынтасын

арттырады. Осылай мəдени револэция жүзеге асады.

«Бұл адамзат басынан кешірген төңкерістер ішінде ең ұлы прогрессивті

төңкеріс болды,-деп жазды Ф.Энгельс XV-XVІ ғасырлар туралы,-ойлау мен

сезу күші ,мінез жəне жан-жақтылығы, оқымыстылығы жөнінде алыптарға

мұқтаж болған жəне соларды туғызған дəуір еді. Қазіргі буржуазиялық

үстемдігі негізін қалаған адамдар, кім болса да буржуазияша шектелген

кісілер болған жоқ. Керісінше , олар сол кезге тəн шым-шытырық қызық

оқиғаны батыл іздеу мінезін азды-көпті бойына дарытқан жандар болды. Ол

қарсаңда алысқа сапар шекпеген, 4-5 тілде сөйлемейтін, творчествоның

бірнеше салаларында қатар көзге түспейтін бірде-бір дерлік көрнекті кісі

болмайтын... Ол заманның қаһармандары,олардың мирасқорларынан біз жиі

байқап жүрген, адамды біржақтылыққа итермелейтін еңбек бөлінісі

ықпалының құлы емес еді»

Қайта өрлеу заманының өкілдерінің жан-жақты білімпаздығы мен

өршілдігін сипаттай келіп, Ф.Энгельс мұндай ерлердің үлгісі ретінде Италия

ғалымы Леонардо да Винчи (1452-1513) бірінші атайды: «Ол тек ұлы суретші

ғана емес,ұлы математик,механик жəне инженер болды, физиканың əр түрлі

салалары өзінің маңызды жаңалықтары жөнінде оған қарыздар».

Қайта өрлеу заманындағы тағы бір ұлы оқымысты-гелиоцентрлік жүйенің

авторы – Коперник (1473-1543) туралы Ф.Энгельс «ол табиғат мəселелерінде

шіркеу беделімен жекпе-жек шықты. Осыдан бастап жаратылыстанудың

теология бұғауынан босану заманы басталады» дейді.

Қайта өрлеу заманы оқымыстыларының шабыт,нəр алған тағы бір бастау

көзі əлі де араб ғұламалары еңбектері болып қала берді. Ол оқымыстылардың

ішінде араб тілінде оқығандары да болған. Леонардо да Винчи ,Коперник

,Кардано, Джон Валлис өз еңбектерінде шығыс білімпаздарының есімдерін

аса зор ілтипатпен , құрметпен еске алып, еңбектерінен тəлім алып отырған.

Мəселен, Леонардо өзінің қолжазба кітаптарында əл-Кинди , Ибн Корра

Сабит, Ибн Синалардан үзінді, сілтемелер келтіріп отырады. Бұларда

шығарылған есептердің (дұрыс көпбұрыштар салу əдісі) көбісі əл-Фарабидің

геометриялық трактатында келтірілген есептермен дəл келеді. Олардың

ғылыми зерттеу əдістерінде де ұқсас жайттар кездеседі. XV-XVІ ғасырларда

өмір сүрген Европа оқымыстылары ежелгі грек жəне Шығыс ұстаздары

қалдырған мол мұраны лайықты игеріп, ғылым-білімді бұрын болып

көрмеген жаңа белеске,жоғары сатыға көтереді.

Бұл кезеңде білімдер жүйесі арсында математиканың беделі жоғарылайды,

ол шындықтың ең сенімді критерийі саналады. Мəселен Леонардо да Винчи:

«тəжірибе мен математика əрбір ғылыми жүйенің негізі болады» деген

принципті уағыздады. Мұның үстіне оның практикалық пайдасы барған

сайын математикалық зерттеулер жүргізуге , оны кемелдендіруге

итермелейді. Мысалы, теңіздегі координаттар табу тəсілін аздап қана

жетілдірудің өзі кеме иелерін (көпестерді) үлкен пайдаға кенелтер еді.

XV-XVІ ғасырларда математика негізінен Италия,Франция жəне

Герменияда дамытылды, бұған XVІ ғасырдың аяғында Европа бірінші болып

буржуазиялық революцияны басынан кешірген ел Голландия қосылады.

Россияда математика тек XVІ ғасырда татар-монғол үстемділігі жойылып,

Батыс Европа елдерімен жаңа байланыстар орнағаннан кейін дамытыла

бастайды. Европалықтар шығармаларынан жəне Шығыс оқымыстыларының

европа тілдеріне аудармаларынан құрастырылған математикалық

қолжазбалар пайда болады,орыс математикалық терминологиясы қолға

алынады. Бізге XVІ ғасырдан бір ғана математикалық қолжазба келіп жетті,

мұнда «соха» өлшемі бойынша жер учаскесінің ауданын табу қарастырылады

жəне орыс есепшоты сипатталады. XVІ-XVІІ ғасырларда математика

бойынша орыс тілінде қолжазба кітаптар шығады, олардың бəрін 1703ж.

Мəскеуде басылып шыққан Л.Ф.Магницкийдің «Арифметикасы»

ығыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет