Ас қорытудың маңызы



Pdf көрінісі
Дата20.01.2017
өлшемі246,01 Kb.
#2286

Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану 

арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту 

мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм 

өзіне тән бейімделген заттарды құрады. 

       Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, 

ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, 

жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде 

ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым 

заттарға бөлінеді. Мұндай  бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын  — ас қорыту 

мүшелерінде болады. 

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз 

қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп 

қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа 

айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің 

қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас 

қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. 

Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту 

бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді. 

Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер  арқылы іске 

асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс  болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде 

тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы 

бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның 

іші «кеуіп» мазасы кетеді. 

Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу — өте  күрделі заттар. Олар 

ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс  істеуіне 

қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы — қоректік заттар — 

организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, 

тұздар  мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың 

жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де 

тікелей сол реакцияларға қатысады. 

Су, минерал тұздары  мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал 

тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік 

заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан 

тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан 

организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады. 

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының 

нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің 

қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас 

қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен 

май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) 

ыдырайды. Мұндай  химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы 

ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін 

биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. 

Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы 

химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін 

күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады. 


Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне: ауыз қуысы, үш жұп  сілекей бездері, 

жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы  (қарын 

асты) бездері жатады. 

 

Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері 

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан 

бастап қорытылады, мұнда  тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері 

анықталады. Сұйық  тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, 

сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы 

кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас 

жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі 

де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% 

қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты 

мұқият  ұзақ  шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала 

шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз 

қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен 

қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер 

тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, 

жұтқыншаққа қарай жылжытады. Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы 

уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер 

ұсақ  және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына 

тұрақты  тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл 

тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін. 



Ауыз қуысына үш жұп  сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты 

және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ  бездер болады. 

Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л 

сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға 

байланысты. Сұйық  тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа 

шығатын сілекейдің құрамында  су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, 

сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және үрт 

еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. (Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа 

сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. 

Сілекейдің құрамында  көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы 

мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді 

ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер 

тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі 

реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. 

Сілекейдің құрамындағы м у ц и н н і ң маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып 

жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы 

етеді. Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс  істейді, бірақ олардың өндіретін 

сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері 

көбейеді, бірақ Бұл кезде баланың сілекейді жүту қабілеті нашар болғандықтан сілекейі 

шұбырып, өте көп өндірілетін сияқты сезім тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай 

көбейетін мезгілі 9 бен 12 айда жоне 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың 

сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады. 

Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, 

тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 



есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге 

ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің 

сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің 

құрамында  Бұл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек 

кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар 

ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді. 4 жастан 12 жасқа дейін ауыз 

қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл 

балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің 

қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі 

қабаттағы түрлі клеткалар үлкен өзгеріске үшырайды. 

Соңғы кезде сілекейдің құрамында  қанды үйытатын және қанның үюына кедергі 

жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін 

күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып 

тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, 

жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды. Ауыз қуысының жарасы 

терідегі жарадан анагүрлым тез жазылатыны мәлім. Сонымен қатар, сілекей ауыздағы 

тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздары ның тіс эмаліне 

өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздар дың 

шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты 

өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты 

көбейеді. 

Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нәрестенің сүт тістері пайда болған 

мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт тістері қарқынды 

қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны айтылды. Осы кезден бастап 

бала ұзақ  шайнауды қажет ететін қатты тамақты көп мөлшерде қабылдауына болады. 

Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына 

(мұрын  қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Ауыз қуысында 

шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл 

көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл 

кезде жұмсақ  таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының 

мұрын  бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын  қуысына 

кетпей, өңешке бағытталады. Бұған  көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі 

көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке 

қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, 

өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып 

асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты 

қарынға өткізеді. 



Өңеш. Ауыз қуысында ұсақ талып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы 

жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 22-27 см шамасындағы ұзын  түтік. 

Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте 

кеңейіп,   оны  өткізуге     бейімделген.     Мұнда   ас қорытыл майды. 

Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай 

жаралайды. Жаңа туган сәбидің өңешінің ұзын дыгы 10 см, 5 жаста — 16 см, 15 жаста — 

19 см. 

Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері 

Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға  барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы 

басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң 


құрамында  0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, 

фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары  болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-

0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы 

— қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет 

жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады. 

Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады. 

Сөл құрамында  белокты ыдырататын п е п с и н, сүт казеинін үйытатын х и м о з и н 

(мәйек), майды қорытатын л и п а з а ферменттері болады. 

Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен 

липазаның әсер етуіне дайындайды. 

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. 

Пепсиннің әсерінен ірі молекулалы белок ыдырап, ұсақ  молекулалы пептон мен 

альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде 

тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс 

қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ  тұрғанда  бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. 

Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның 

маңызы үлкен. 

Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның 

қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені 

өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ  уақыт 

қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның 

тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне 

байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.Баланың 

қарнының кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, бірақ сөл шығаратын бездері аз 

болады, сыйымдылығы да кішкентай: 6 айлық баланың қарынының аумағы не бары 250- 

300 мл. Қарын сөліндегі тұз қышқылы мен ферменттердің күші 1 жасқа дейінгі 

балалардың сөлінде төмен болады да, содан кейін күшейе бастайды. Оның есесіне 

химозин ферменті өте белсенді болады, ал ересек адамда оның белсенділігі төмен. 

Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары. 1 айда — 5,84; 3-7 айда — 4,94; 7-9 

айда — 4,48. 9 айдан аса -3,76-ға тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН =2,0 

болғанда белсенді болатын пепсин ферментінің қарындағы асты қорытуда рөлі төмен 

болады. Сондықтан емшектегі балаларға сиыр сүтін, немесе басқа жасанды сүттерді көп 

бергенде д и а т е з — бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Бұл 

баланың қарын сөлінің ферменттік белсенділігінің төмен екенін білдіреді.Қарын сөлі 

қарынның кілегей қабатындағы без клеткаларында өндіріледі. Қарынның 1 мм

2

 кілегейлі 



қабатында жүз шақты бездер болады. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы х и м у с деп 

аталады. Қарын қабырғасындағы еттер жиырылып және босап, қорытылған асты 

араластырады, химустың ортаңғы жағын шетіне шығарып, ферменттердің әсер етуіне 

ыңғайлайды. Сонымен қатар, қорытылған химусты қарынның төменгі ішек жағына 

айдайды. 

Жаңа туған сәбидің қарыны құрсақ қуысында көлденеңдеу орналасқан. Ересек 

адамда ол тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа 

дейін дөңгелек, 2-3 жаста алмүрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады. 

Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сәбиде 30-35 мл, 1 жаста 

он есе өседі, 10-12 жаста — 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның 

қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сәбилердің қарынының ет 

қабаты әлсіз, без клеткалары нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі 



ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 

12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері 

көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі  тұз қышқылының концетрациясы аз 

болғандықтан қарын сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, 

ішек-қарын инфекцияларына қарсы күрес нашарлайды. Баланың осіп, дамуына 

байланысты қарын сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі 

артып, жоғарғы сынып оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 

жасқа дейін балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал 

ересек адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз. 

Ішектегі ас қорыту. 

12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас 

қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап 

ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке 

жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын дығы 

25-30 см. Мұнда  екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар 

бауырдың өті мен ұйқы  безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек 

сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуға әсер ететін барлық 

ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ  май 

тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын 

көбейтеді де қорытылуын тездетеді. Өттің, ұйқы  безі мен ішек бездерінің сөлдерінің 

әсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды. 

Ұйқы  безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, 

трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына 

айналады. Ұйқы  безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май 

қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті 

дисахаридтерді моносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің 

құрамындағы        лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид лактозаға 

ыдыратады. Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас 

қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді. 

Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, 

Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының 

либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, 

дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, 

карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері 

бар. Бұлар  ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де  ішек қуысына құйылмайды. 

Ұйқы  безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның 

көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста 

ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады. 

Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында 

биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады (34-сурет). 

Олардың саны оте көп — 1 мм

2

 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін 



микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері 

көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым 

жоғары, сондықтан мұнда  ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің 

беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. 

Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық   ас  қорыту дейдій Асты қорыту тоқ ішекте 

аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас 



белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі. 

Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың 

шіруінен бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. б. пайда болады да, қанға сіңеді. 

Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар 

усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда  улы заттардан 

организмге қажетті усыз заттар түзіледі. 



Сіңу. Белоктар пептидтер, амин қышқылдары, нуклеозидтер мен нуклеотидтер 

түрінде қанға сіңеді. Сіңгек заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май 

аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ  эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май 

тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен 

ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді. Майдың сіңуінде 

бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ  май тамшыларына айналдырады да, ішек 

қабыр-ғасынан өтуіне мүмкіндік жасайды. Және май қышқылдары мен глицерин өттің 

құрамындағы заттармен қосылып мицеллаға айналады, олар ішек эпителиінен оңай өте 

алады. Осы құбылыс  кезінде босаған өт қышқылдары қанға сіңеді де, қан тамыры 

арқылы бауырға барады. Сөйтіп май өнімдерін тасуға көмектескен өт қышқылдары 

қайтадан өз қызметін орындауға дайын болады. Мөлшері аз болғанымен (3,0-3,5 г) өт 

қышқылдары бір тәулікте 70-100 г май қышқылдарын тасуды қамтамасыз етеді. Ішектің 

бүрлерінде нейтральді майлар өндіріледі де, олар ішек қабырғасындағы лимфа жүйесіне 

хиломикрон түрінде өтеді.  

 

Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары 

  Улы саңырауқұлақ. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған 

азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соктыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне 

тұрып қалған 

шұжықтарды

сүрлемелерді



, улы 

саңырауқұлақтарды

 пайдалану кезінде 

байқалады. 

Қарын

 және 


ішек

 аурулары кейде ауру қоздырғыш 

микробтар

 арқылы да 

таралады. Ондай 

микробтар

 кайнамаған 

су

 ішкенде, таза жуылмаған 



көкөністер

 мен 


жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе 

қолды таза жумаған кезде де 

микробтар

 ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен 

микробтар

 тез 


көбейін, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. 

Қарын


 мен ішектің қауіпті 

ауруларына - 

дизентерия

 (сатқақ), 

іш сүзегі

тырысқақ



 және т.б. аурулар жатады. Бұл 

аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, 

ішек қызметі

 бұзылып, 

іш

 

өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ак 



дәрігерге көріну қажет.  Кейбір ауру қоздырушы 

микробтар

 көбіне сілекейдің, 

қарын


 

сөлінің, өттің әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім 

микробтар

 ішекке 


түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа 

тырысқақ


 ауруының қоздырғышы - тырысқақ 

вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт 

тіршілік


 етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды. Тырысқақ 

вибрионына хлорлы 

әк

 тез әсер етеді. Сондықтан да 



тырысқақ індеті

 таралған жерде 

алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды 

шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, 

сатқақ 

микробтары



 тоқ ішекті зақымдайды. 

Ішек


-

қарын


 ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен 

қоректенетін шыбындар, тарақандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру 



қоздырғыш микробтармен, 

ішек


 құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан 

да тағамдарды 

тоңазытқышта

, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. 

Бунақденелілердің

 жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық 

ережелерді қатаң сақтау қажет. 

Ішекте болатын құрт аурулар 

Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше 

ішек

 құрттардың тіршілік етуі мүмкін. 



Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік 

етеді. 


Ішек құрттары

 өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, 

у

 бөледі. 



Бөлінген у ағзаны улап, түрлі ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданган 

ауруларға тән белгілер: тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық 

ауруына да шалдығуы мүмкін. 

Ішек құрт аурулары

 кейде сырттай білінбегенімен, адам 

ағзасына көп нұқсан келтіреді. Адам ағзасы көбіне 

таспакұрттар

ішексорғы



қылқұрттар

эхинококкпен зақымданады. Ішек кұрттар өте өсімтал келеді. Олардың жұмырткалары 



көбіне шыбындар арқылы таралады. Қолды таза жумау, 

көкөністер

 мен жемістерді 

жумай жеу де ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және 

үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары 

тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын 

арқылы таралады. Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының 

тазалығына зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада 

және т.б.) да 

гигиеналык талаптар

 катаң сақталуы тиіс. 

Тағамнан улану 

  Эхинококк.   Тағаммен улану тез арада байкалады. Тамақпен уланудың 

басты белгілері: 

іш

 ауырады, локсиды, құсады, 



іш

 өтеді, жалпы әлсіздік байқалады. 

Кейде адамның дене кызуы көтеріледі. Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін 

жедел жәрдем - ішекті, қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын 

(кейде 

марганцовка



 ерітіндісін) косып ішкізеді. Бұл кезде бір стакан суға толық бір шай 

қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Іш 

тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады. Тамақтан 

уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде 

сақталған 

шұжық

, қалбырлы ыдыстағы сүрлемелерді пайдаланбау керек.  Кейде 



білместіктен улы 

саңырауқұлақтарды

 пайдаланудан да уланып калады. Сондықтан да 

саңырауқұлақ

 жинағанда өте абай болу керек. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды 

алдымен тазалап, жуып, содан кейін қайнатады. Қайнатылғаннан кейін ғана қуыруға, 

тұздауға болады. Кейде балалардың білмегендіктен улы 

өсімдіктердің тұқымдары

 мен 

жемістерін жеп улануы да мүмкін.  



Асқорыту

Қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік 

әрекетіне қажетті энергия көзі. Азык-түлік өсімдіктер мен жануарлардан алынып, өңдеу 

нәтижесіндегі адам керегіне айналатын заттар.Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту 

жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, 

ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады. Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас 

қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас 

қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, 

судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі. 


Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы.  

        Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен 

көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ 

таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ 

таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, 

олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға 

түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның 

үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. 

Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай 

дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер. 



Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; 

көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау. 

Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және 

дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше. 

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, 

сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. 

Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір 

түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері 

үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32. 

Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. 

Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек 

тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.  Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы 

аркылы көрсетуге болады: Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі 

жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ 

сүйектердегі тіс санын көрсетеді. 

Балалар тісінің формуласы: 

             Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде, алдыңғы тістер шыға 

бастайды. Олар сүт тістер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде, оның аузындағы 

тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда, сүт тістері түсіп, оның орнына 

тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа келгенде аяқталады. 

Адам 18-19 жасқа келгенде, ең соңғы жұп - азу тістер (ақыл тістер) пайда болады. 

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және 

сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен 

(эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол 

борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары 

өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді. 

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауру тістер микробтардың 

жиналатын орны. Тістер ауруының жиі кездесетіні парадонтоз және кариес. Екеуінде де 

тістің бұзылу себебі тіске бактериялардың жиналуы. Парадонтоз да тісті ұстайтын 

дәнекер ұлпаны қабындырады және бұзады. Микроорганизмдер тістің кіреукесін 

(эмалін) жөне дентинің пульпасын зақымдайды. Бұның себебі азық-түлік заттардың 

құрамында көп мөлшерде қанттың болуы және жеке бастың гигиенасын сақтамау. 

Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі 

бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және 

оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз 

бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын 

жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және 



шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін 

сезгенде, дәмін көргенде пайда болады. 

Сілекей безінің қызметін И.П. Павлов тәжірибе арқылы дәлелдеді. Сілекей безінің өзегін 

терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатты. Организмді 

тамақтандырғанда, сілекей ауыздың ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке 

бөлінеді, сөйтіп, оның құрамы зерттеледі. 

Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, 

хлор иондары және т.с.с.), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим 

(сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) птиалин мен мальтаза 

(солодтық крахмалды қантқа, одан әрі глюкозаға ыдыратуы) енеді. 

Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген 

қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін 

және температурасын сезеді. 

Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке 

жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады. Өңештің бүйірі 

толқынды жиырыла отырып, асты қарынға жылжытады. Өңештің кілегейлі қабықшасы 

жасап шығаратын кілегейлі зат астың жылжуын жеңілдетеді. 

Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе 

кеңсірік, ауыз куысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту 

(евстахиев) түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештін, ауыз жағы 

есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас 

қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады. Сілекейлі қабықшада 

лимфоидтық ұлпалардың жиынтығы болады. 

Ac қорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) 

жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі 

жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал 

ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады. 

Қарынның құрылысы және астың қорытылуы 

Қарын - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның 

(асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына 

байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және 

сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп 

мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат 

аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, 

ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті 

белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан 

басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын 

сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас 

қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі 

ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен 

іске асады. 

Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан. 

Шартты рефлекторлық қарын сөлінің бөлінуі бас миы сыңарларының (тәбетті сөл) 

қатысуымен болады. Қарын сөлінің рефлекггорлық бөлінуін И.П. Павлов «алдамшы 

қоректендіру» тәжірибесі арқылы дәледдеді. Иттің қарны түбін кесіп, одан кішкентай 

қарынша жасады. Ішкі сілекейлі қабықшасы бүтін қалпында сақталғандықтан, ас үлкен 

қарында қорытылған кезде кіші қарыншада («Павлов қарыншасы») сөл (астың сапасына 


байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесінде жабыстырылған тұтікке тамшылап 

ағады. Яғни ит қоректі жұтқанда қарынға түспесе де, қарын сөлінің бөлінуі байқалды. 

Қарын безінің физиологиялық белсенділігі (ұзақтығы, сөл бөлінуі, әрекетшіддігі) 

қоректің химиялық құрамына (белок, май, көмірсулар), оның консистенциясына, 

температурасына, қарынның сілемейлі механикалық тітіркенісіне байланысты. Ішек-

қарынның ең басты гормондарының бірі - қарын сілемейі өндіретін гастрин. Гастрин 

клеткалардың тұз қышқылын өндіруіне әрекет жасайды. 

Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-

оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан 

әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді. 

Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында 

қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) 

алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. 

Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. 

Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің 

ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac 

қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды. 

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. 

Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) 

тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған. 

Бауырдың қызметі: 

- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі); 

- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;  

- өтті өндіреді (күніне 1,5 л).  

Өттің қызметі: 

- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді; 

- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) 

бөлшектеу; 

- май қышқылдарының ерітілуін күшейту; 

- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру; 

- ішектегі шіру процесін тоқтатады. 

Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден 

тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі 

гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына 

маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. 

трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза 

майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді 

глюкозаға дейін ыдыратады. 

Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар. 

Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, 

барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау 

өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының 

сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар 

келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру 

дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол 

қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып 

табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне 


кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады. 

Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ 

ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің 

кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал 

кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас 

қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп 

болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір 

витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің 

дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын 

бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ 

бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет