369
Айтыс II том
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядтардан дүрліге
қашқан елмен бірге Әсет Найманбайұлы Қытайға өткен.
Ол Қали, Қызыр, Қосымбай ақындармен және т.б. ақындармен айтысқан.
Мансұр Бегежанұлы (1875, Қызылорда обл., Шиелі ауд.−1933, Өзбекстан, На-
манган) − көрнекті ақын Нартай Бегежановтың туған ағасы.
Дәме Тобақабылқызы (1894, Бұқар әмірлігі, Елібай өлкесі, Сарыбел мекені
– қ.б.ж.?) – қарақалпақ әдебиетінің көрнекті ақыны. «Ақ Дәме», «Ақын Дәме»
атанған. Өмірінің кейінгі кезеңі белгісіз, ата-бабалары да, барған жұрты да бай
болғандықтан, тарихта орын алған жағдайларға орай Ауғанстанға ауып кеткен де-
ген хабар бар.
Әжек Мырзаұлы (1885, Алматы обл., Райымбек ауд., Қарабұлақ ауылы − 1934,
Қытай) − түпкі атасы – жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда ерекше көзге
түскен Шағаман батыр. Тегі: Ұлы жүз, Албан, Қызылбөрік.
Қазақбай (XIX ғ. алғашқы жартысы, Ақтөбе өңірі) – «Қырымның қырық баты-
рын» жырлаған. Онымен айтысқа түскен жас Нұрпейіс Байғанин Қазақбайды ұстаз
тұтқан. Бірнеше эпосты содан үйренген, тәлім, тәрбие алған. 1906 ж. 23-наурызда
Қазақбайды Орал уезі Жиренқопа болысынан (қазіргі Ақтөбе обл.) Орынбордың
архив комиссиясы арнайы шақыртып, бірнеше жыр жазып алған. Ғалым В.Карлсон:
«Қазақбай 56 жаста екен, өлеңдерді бөгелмей, суырып салып айтумен бірге көптеген
күйлерді, батырлар жырын біледі», – деп жазған. Тегі: Кіші жүз, Әлім, Кете.
Достарыңызбен бөлісу: