Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет152/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181
Ақсұлу Орысбайқызы (1873/1874, Қостанай обл., Жетіқара ауд. – 1930). Тегі: 
Кіші жүз, Жағалбайлы, Балқожа. Кейбір деректе: Орынбаева.
Сауытбек Ұсаұлы (1868, қазіргі Жамбыл обл., Шу ауд. – 1931, сонда ) − 
Ашаның алты салының бірі. Тегі: Ұлы жүз, Дулат, Күнту, Мәмбет.
Сыбанбек Ұсаұлы (1878, қазіргі Жамбыл обл., Шу ауд. – 1932, сонда) − Сау-
ытбек Ұсаұлының туған інісі. Ол да ақындық дарынымен белгілі болған. Тегі: Ұлы 
жүз, Дулат, Күнту, Мәмбет.
Майса – Суан еліндегі Байта деген байдың қызы деу бар, бірақ олай емес, 
Сәмбеттің қызы. 
Мәулімбай Саяқбайұлы (1871, көктем, қазіргі Алматы обл., Қапал ауд., 
Ақтөбе-Шұрық – 1918, күз, Сарыбұлақ). 
Кәрібай Таңатарұлы (1872, Семей өңірі, Ақсуат ауд.– 1931, шекара сызығы).
Әсет Найманбайұлы (1864/1867, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Үржар 
ауд., Бақты ауылы − 22.03.1922/1923, ҚХР, Құлжа ) − ақын, әнші, композитор. 
Өмірбаяндық деректерін анықтауда түрлі пікір бар. 


369
Айтыс II том
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядтардан дүрліге 
қашқан елмен бірге Әсет Найманбайұлы Қытайға өткен. 
Ол Қали, Қызыр, Қосымбай ақындармен және т.б. ақындармен айтысқан. 
Мансұр Бегежанұлы (1875, Қызылорда обл., Шиелі ауд.−1933, Өзбекстан, На-
манган) − көрнекті ақын Нартай Бегежановтың туған ағасы. 
Дәме Тобақабылқызы (1894, Бұқар әмірлігі, Елібай өлкесі, Сарыбел мекені 
– қ.б.ж.?) – қарақалпақ әдебиетінің көрнекті ақыны. «Ақ Дәме», «Ақын Дәме» 
атанған. Өмірінің кейінгі кезеңі белгісіз, ата-бабалары да, барған жұрты да бай 
болғандықтан, тарихта орын алған жағдайларға орай Ауғанстанға ауып кеткен де-
ген хабар бар. 
Әжек Мырзаұлы (1885, Алматы обл., Райымбек ауд., Қарабұлақ ауылы − 1934, 
Қытай) − түпкі атасы – жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда ерекше көзге 
түскен Шағаман батыр. Тегі: Ұлы жүз, Албан, Қызылбөрік.
Қазақбай (XIX ғ. алғашқы жартысы, Ақтөбе өңірі) – «Қырымның қырық баты-
рын» жырлаған. Онымен айтысқа түскен жас Нұрпейіс Байғанин Қазақбайды ұстаз 
тұтқан. Бірнеше эпосты содан үйренген, тәлім, тәрбие алған. 1906 ж. 23-наурызда 
Қазақбайды Орал уезі Жиренқопа болысынан (қазіргі Ақтөбе обл.) Орынбордың 
архив комиссиясы арнайы шақыртып, бірнеше жыр жазып алған. Ғалым В.Карлсон: 
«Қазақбай 56 жаста екен, өлеңдерді бөгелмей, суырып салып айтумен бірге көптеген 
күйлерді, батырлар жырын біледі», – деп жазған. Тегі: Кіші жүз, Әлім, Кете.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет