Айтыс II том
Әсет:
Кәрібай, хат білмеген сен бір надан,
Наданның ғылымы жоқ көңілі қараң.
Әуелі Хақ, одан соң Нұқ пайғамбар,
Менімен сөйлесесің қай арадан?
Талғаусыз дін исламнан караңғысың,
Түсінбей шариғатты қалған надан.
Көрінген әр жұмысқа жармасасың,
Кісідей суға кетіп, тал қармаған.
Жынды бота секілді бір делбесің,
Сені де ақын дейді-ау аңғармаған.
Кәрібай:
Бола алман енді молла сенен оқып,
Өз дауымды аткелдейін іштен тоқып.
Ғылымды молла болсаң, әкеңді күт,
Зар илеп жүр, өкпесін кене шоқып.
Мінген ат, үстіңдегі киген киім,
Былтыр емес, сөйлеші, биыл кімнен?
Өлетін баладайын көрге қашып,
Бар болсын күнің бүйтіп ғылым білген.
Елден тілеп аласың тоқты-торым,
Бүтіндейсің жейдеңді жетсе қолың.
Халифа болсаң, күтсеңші ата-анаңды,
Арылтсаңшы басынан соның сорын.
Қу мүйізді құшақтап әкең жүрсе,
Қайтіп қана болады сенің жолың?
Әкең қоян болғанда, сен – бір көжек,
Осылай деп айталық, келді кезек.
Өз әкеңді алдымен сыйлар едің,
Ғалым болсаң оқыған алтын өзек.
Әсет:
Кел бері, сөйлеселік шариғаттан,
Фанихат, мағрифат, тарихаттан.
Есесі әлгі сөздің бұл емес қой,
Барасың қайда лағып, Тәңір атқан.
244
Қазақ өнерінің антологиясы
Оң сөйлесем, лағасың теріс сөйлеп,
Әдетің бе үйренген бала жастан?
Қарапайым дал ұрған делбе екенсің,
Ақын ғой деп ойлап ем елден асқан.
Кәрібай:
Баққаны патышаның жаяу солдат,
Жегені құйрықты қой, сұлу жалды ат.
Әкең менен шешенді күтпеген соң,
Кірмейсің түстік жерге келсе жаннат.
Ей, Әсет, сенің өзің пәкене құл,
Емессің нақтылы Арғын, шәкене құл.
Кеміртіп қу мүйізді жылатқанша,
Қалпелігің бар болса, әкеңе қыл.
Хадисте Хақ бұйрығы осылай ма,
Беруге шариғатқа қылдым қимыл.
Сөйтсе де, маңайымды шала алмайсың,
Өйткені, саған біткен кәпір – пиғыл.
Бар-дағы күшігенге шоқына бер,
Болсаң да, тең келмейсің қанша білгір.
Білмейді деп ойлама Кәрібайды,
Бармасам да еліңе, білем жайды.
Өзіңмен бірге оқыған ер Асылбек,
Ерте күнде ұқтырған бұл ыңғайды.
Тапқаныңды үстіңе жапсырасың,
Есті болсаң, сөзімді жақтырасың.
Ата-анаңды қаңғыртып жүрген байғұс,
Өстіп жүріп, кімге опа таптырасың?
Өркеудесіп, өрекпіп, қиқаңдама,
Сөзіміздің дұрысын ел сынасын.
Екеумізге төреші ел емес пе,
Бірі өледі екі ердің, ерегессе.
Төрелігін күтуге сарапқа сап,
Сынға беру жұртшылық жөн емес пе?
245
Достарыңызбен бөлісу: |