МАНСҰР МЕН ДӘМЕ
Мансұр:
Тыңдаңыз, сөз сөйлейді ақын Мансұр,
Атағым бұл өлкеге болған мәшһүр,
Азырақ бір мысал сөз аңдатайын,
Сәдептен аңғарғанға аршылған дүр.
Болады асылым – Арғын, Шұбыртпалы,
Шиелі мекен жайым – Сыр, Жұтпалы.
Жасымда дәл жиырма бес барған едім,
Бай елге құмда жатқан Құдықтағы.
Жайылды Қызылқұмға ақындығым,
Кітаптан қаншама сөз нақыл қылдым.
Ол елдің қанша жиын мәжілісінде,
Алдында жақсылардың айтып жүрдім.
Қанша күн өтіп кетті мұныменен,
Мен тердім несібемді жүріп елден.
248
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетпейді бұйырмаса пәнде, сірә,
Қол созып, көрінгенге жүгіргенмен.
Бұйырған напақамды жүрдім теріп,
Аралап, Шөлдің елін жортып-желіп.
Қадірлі Қарақалпақ жиынына,
Шақырды сол күндерде біреу келіп.
Жүрмекші болды соған тамам халық,
Шақырған есіткен соң хабарды алып.
Жұрт айтты: «Бұл жиында ақын қыз бар,
Сол қызбен айтыс»,— деді маған барып.
Жүрмекші болды соған тамам халық,
Шақырған есіткен соң хабарланып.
Абайлап халайықтың әңгімесін,
Қоймасын айтыстырмай, білдім анық.
Ал сонда барлығымыз жүрдік енді,
Қарулы жарамды атқа күндік еді.
Абайлап халайықтың әңгімесін,
Қоймасын айтыстырмай білдім енді.
Мереке болған екен үлкен жиын,
Қондырған жүзден аса тігіп үйін.
Түсірді ретімен әуел бастан,
Ауылдың ақсақалы, болыс-биін.
Жібектей ширатылған бар мінезі,
Қыз Дәме бозбаланың болды сөзі:
«Әрі әнші, әрі ақын, сұлу қыз!» – деп,
Дүңкілдеп бара жатыр жердің жүзі.
Жігітті қызды көрген бәрі талып,
Маған да айтып жатыр хабар салып.
Болысқа ақыныңды айтыстыр деп,
Жаушылар келіп жатыр хабар салып:
«Сабыр қыл,– деді болыс ашуланып, –
Алыстан жолаушы ғой келген арып.
Азырақ демін алып тыныққан соң,
Көрермін ақын қызды өзім барып...»
Шашына өңкей алтын тағынғаны,
249
Айтыс II том
Сырғасы меруерт, маржан құлағындағы.
Он бестен он алтыға жаңа келіп,
Ойланып жүрген екен, қағынғалы...
Аппақ тіс, қиғаш қасы, қызыл жүзді,
Шашының жерге түскен ұзындығы.
Адамзат қанша айтқанмен ондай болмас,
Болмаса ұжмақтағы үрдің қызы.
Сап-сары қолы толған гауһар жүзік,
Мысалы құмырсқадай белі үзік.
Қыз маған қарап тұрды аз ойланып,
Сәулетпен неше түрлі көзін сүзіп.
Мен сонда қиялдандым тұра қалып,
Әлеумет жан-жағымда тұр қамалып.
Шеттегі қарақалпақ бір жігітпен,
Қыз жайын білдім тегіс сұрап алып.
«Апыр-ай, – жігіт айтты, – расың ба,
Шын кеңес қыз Дәмемен құрасың ба?
Айтайын қыздың жайын, тілімді алсаң,
Қоя қой, желікпей-ақ расында.
Ол қыздың өз әкесі – Тобағабыл,
Алысқа байлықпенен шашқан дабыл.
Дәулет көп, Сарыбелде жайлап отыр,
Білмеймін мекендеген қаншама жыл.
Есіттік Дәме қыздың сырттан даңқын,
Жеңілген талай жігіт, ойлап білгін.
Біреуі соның болып сен кетерсің,
Тұлпар аяқ болсаң да, тілің бұлбұл.
Ол қыздың түк міні жоқ бір басында,
Қыпша бел, әдемі-ақ тұлғасы да.
Әм және бір ауылнай елдің малы,
Тағынған құлағына сырғасы да.
Айтайын бір мінезі тәкәппарлау,
Келеді деп жүр өзі кім қасыма?
Өлеңді сенен бұрын айта бастап,
Тағады абайлап бар – мін басыңа».
Жігіттің бұл сөзіне зәрем кетіп,
Баяғы қайтып келдім қыр басына.
250
Қазақ өнерінің антологиясы
Мен барсам, қыз үйіне кірген екен,
Айнала үй іргесін түрген екен.
Қызығын екі ақынның көреміз деп,
Көпшілік, үйдің сырты дүрмек екен. –
Ол келмес, өзім іздеп барайын, – деп
Жиынға бұл қиялмен келген екен.
Өлеңді шырқап, әнмен қоя берді,
Ақын осы дегенді білген екен.
Дәме:
Жүрмісің аман-есен, ақын, ар ма?!
Алдыма айып етпе шақырғанға.
Ақындық өнеріңе сенбей келсең,
Қасымнан алыста тұр, жақындама.
Жабыдай келте бақай, мойның қысқа,
Қарғысаң, жығыларсың ақыр жарға.
Теңізге кешу бермес келіп қалдың,
Шамала алды-артыңды, қапы қалма.
Екінші жауап айтып, білдір тағы:
Өзіңнің атың бар ма, затың бар ма?
Ойланбай бұл сөзіме жауап қайтар,
Болмаса, ақынмын деп тақылдама!
Мансұр:
Біз жүрміз аман-есен, өзің де ар ма?!
Сен теңіз болсаң, менің көзім жарда,
Жарды айттың, жарқабақты білмей жатып,
Дәме қыз, мұнан басқа сөзің бар ма?
Жарқыным, айып емес «Кел» дегенің,
Деген соң – өзің келсін, мен де келдім.
Келсем де, досты танып, дұшпан көріп,
Қасымнан алыста тұр, келме, – дедің.
Атымды затымменен білдірейін,
Келіспес бұған жауап бермегенім.
Болады асылым – Арғын, Шұбыртпалы,
Дәм айдап Сарыбелге биыл келдім.
Өз атым – ақын Мансұр һәм және де
Сөйлетер жақсылардың ермегі едім,
Ақынсып ат пен түйе сұрадым ба?
Сен өзің шақырған соң келген едім.
251
Достарыңызбен бөлісу: |