279
Айтыс VI том
одан зиян көрмейсің Әсем қалқа,
Қасыма келер болсаң өзің желіп.
сыңғырлап алтын, күміс шығып қалар,
Қалтамды ақтарып көр өзің келіп.
Әсем:
Арлан боп аттанғанда алып белден,
сыйыңыз сол ма маған алып келген.
Қыз берсе Қарқаралы Шыңғыстауға,
тектісін тобықтының танып берген.
Алуды білген кезде Құнанбайлар,
Қарымта қайтарар жол тауып келген.
мешіт сап Қарқаралы қаласына,
оның да жақсылығын халық көрген.
үй салып меккеге де қазақ үшін,
Атағы алты алашқа дәріптелген.
тәуелсіз егеменді ұрпақты аңсап,
елінің санасына жарық берген.
Құдамыз Аманжолдай біртүрлі екен,
тобықты көп алды деп қауіптенген.
Құнанбай атам менің ірі екен ғой,
нән мешіт қайынжұртқа салып берген.
Айтыстың басылмаса дүрбелеңі,
Көңілде көктем жырдың гүлдегені.
сал-сері мырзасындай баяғының,
Аманжол сый-құрметті, жүлделі еді.
Келгенде қызды ауылға сал мен сері,
Қалайша жоралғысыз құр келеді.
Қалтамнан өзің келіп ал деп тұрсыз,
Ал, Әсем бара алмай күрмеледі.
Баяғы бабаларым қылған істің,
ойыма түсіп тұр ғой бір дерегі.
Біржан сал шідерінің жоғалғанын,
ләйлімнен көрмеп пе еді іргедегі.
Біржан сал атаң құсап сіз де менен,
даулағалы отырсыз ғой бірдеңені.
Достарыңызбен бөлісу: