280
Қазақ өнерінің антологиясы
Абайды ұлжан ғана туып берген,
Құнанбай қырық тоқал алса-дағы.
«Жігіттің жақсылығы нағашыдан»,
түсінсең осы сөздің бар сабағы.
Абайдың анасының ауылына,
Көп болмас алты мешіт салса-дағы.
сөйлесе қара сөзден қаймақ алған,
тобықты деген ел бар байрақ алған.
Кеш
батса жігіттері атқа қонып,
Қаракесек жылқысын айдап алған.
Біресе ерейменнен жылқы қуып,
Біресе жылқы ұрлайтын Айдаболдан.
Кей кезде найманнан да жылқы ұрлайтын,
Жарты Қазақстанды жайлап алған.
Абайға Біржан бабам көп баратын,
Атағы әлем асып айға қонған.
серінің жоралғысын аламыз деп,
Қыздарың шыққан сонда жайнап алдан.
Шідерін
өлең қыпты Біржан атам,
Көлбайға көңілі толмай майдаланған.
Әйтпесе, аты шулы Біржан салдың,
талай-талай шідері сайда қалған.
Әсем қыз, күдіктенбе ұрлық болмас,
серінің қалтасынан жайлап алған.
тәуелсіздік көз жетпес заңғарымыз,
Атады арайланып таңдарымыз.
Армандап азаттыққа жеткен қазақ,
ләйім орындалсын арманыңыз.
Әсем:
серіден
ұрлық емес жайлап алған,
ол рас, бабаларым байрақ алған.
Жылқысын сол заманда Айдаболдың,
деп тұрсыз тобықтылар айдап алған.
тойында тәуелсіздік дәл осылай,
Шығар деп ойламап ем сайрап алдан.
Жоғалған жылқыларын Қаракесек,
дауласа баяғыдан қайда қалған.
281
Айтыс VI том
сіз жақтан жылқы түгілі қыз алғанбыз,
тобықты алар жерін сайлап алған.
Құнанбай күйеу
болып сіздің елге,
Абайы адамзаттың пайда болған.
Абай да Алшынбайдың қызын алды,
Жері жоқ бабалардың майдаланған.
Қаракесектің ғана қызын алған,
сол кезде тобықтыда айла болған.
Жылқыны Айдаболдан айдап алған,
өзіңнің апаларың пайдаланған.
Ағажан, жарық күнім, атпал айым,
мен сізден қалай кейін қап қалайын.
Көрсетіп
өзіңізге құрметімді,
Қоштасып ағайынмен аттанайын.
Болса да қалтаңызда алтын, күміс,
сабырмен айналама сақ қарайын.
Бұл жерде ақтарғаным ұят шығар,
сыртында сахнаның ақтарайын.
Бөлмеге шай ішетін шапаныңды,
Көтеріп мен өзім-ақ ап барайын.
сонан соң жолыменен бұрынғының,
Қалтаңнан әшекейді ап қалайын.
тәуелсіз
егеменді отаныма,
Берсе Алла тыныштықтың бақ-талайын.
Аманжол ағамыздан алғаным деп,
Жеткенше жасым жүзге мақтанайын.
Аманжол:
Әр пенде тағдырына бағынады,
Алты Алаштың ақ жүзін сағынады.
Күйеуі барымташы болғаннан соң,
Қыз байғұс көнбегенде нағылады.
Қаракесек қыздары аман болса,
Әлі талай жұлдызың жағылады.
сөйледім
сұлу қыздың шетін көріп,
өсіп ең қара шашың кекілденіп.
Қарқаралы, Шыңғыстау қатар тұрсын,
түйенің қос өркеші секілденіп.
282
Қазақ өнерінің антологиясы
тулайды көктем келсе есіл ағып,
Жүруші ек осы жерде көшіп анық.
ол рас, қартайғанда,
Әсем қалқа,
Бұл күнді отырарсың есіңе алып.
Қалтамды ақтарсаңыз, ақтар Әсем,
тек қана жүрмегейсіз тесіп алып.
2011 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: