Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет120/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162
ЖАРҚЫНБЕК ПЕН АЙНҰР
Жарқынбек:
Шырайлы Шымкентім шұғылалы,
Құлпырып көктем келсе құбылады.
науат самал есілген наурыздың,
Бар еді біздер үшін ұлы мәні.


327
Айтыс VI том
Біреулер бүркемелеп көргенімен,
Бұл тойдың жоя алған жоқ құнын әлі,
наурыз тойын қайтарған қазағыма, 
осы елдің өз ағамдай ұлылары.
наурыз тойы оңтүстіктен басталарын,
Әрине бүкіл қазақ шын ұғады.
сондай-ақ тіл мен дінің салт-дәстүрдің,
ұзармақ біз арқылы ғұмыры әлі.
ұлтының құңдылығын қастерлеген,
елдің биік болады тұғыры әлі.
Қазақи қасиетті сақтап қалған.
таймаған тура жолдан тұнық ары.
Ассалаумағалейкүм ағайындар,
Құдай мен ұмытпаған құбыланы.
елім жұртым думан тойға кенелді шат,
Шаттықта осы емес пе кемелді шақ.
мен кеше әпкесінен аумай қалған,
Біреумен айтысып ем өремді сап,
Ал бүгін одан зоры келіп отыр,
сарқылмас Айнұр деген өлең құшақ.
отыз төрт жаста отыз төрт көлік мінген,
Ақынсың ықыласқа бөленгіш-ақ,
Айнұр-ау ажарланып отырсайшы,
сіреспей қатып қалған цемент құсап,
сені көріп бір түрлі қорқып тұрмын,
Жаңадан жүгенделген дөнен құсап,
олай деп айтуымның себебі бар,
Көрейін түсіндіріп өнерді сап,
Арқанын ару қызын алып қаштым,
өзімше өз қамымды жеген құсап,
Артынша қызын іздеп енем келді,
Ашуы бұрқан-талқан өзен құсап.
Қолындағы таяқпен мені қуып, 
иілмей тұрып алды емен құсап.
Ағайындар ап қалды арашалап,
..............................................
содан бері Арқадан әйел келсе, 
Көзіме көрінеді енем құсап.


328
Қазақ өнерінің антологиясы
Айнұр:
не дейді мына дөненім,
Кетті ғой қызық ән сала.
енемнен таяқ жедім деп,
енеңді сүймейтініңді
Білдіріп қойдың баршаға.
ол да бір анаң емес пе,
Араңыз қандай болса да.
дәл содан аумай қапсың деп,
Айтқаны шындық қаншама.
ол кісінің де Айнұрмен,
Жарқынбек-ау жас шамасы
Қарайлас па еді соншама.
Құдай-ау сонда ағайын, 
мұның әйелі қаншада.
Бісмілләменен басталсын,
Айнұрдың енді наз үні,
Қаратауменен жалғасқан,
дешті Қыпшақтың жазығы.
Шәмші әні болып төгілген,
отырарымның саз үні.
түркістан еді қазаққа,
таусылмас жанның азығы.
Шегесі сендер рухымның,
ұясы сендер ұлтымның
Армысын қайран, Шымқала,
Қазағымның қазығы.
Хазірет сұлтан бабамыз,
діңгегі болған дінімнің.
Бәйдібек пенен домалақ,
тектілігі ғой түбімнің.
озатын адам болмай тұр,
Қадірін білер кімдер бар
өзбекәлідей ұлыңның.
Әселхан, тәушен көркі еді, 
Айтыстай дара тұғырдың.
Шаханов мұхтар тау тұлға,
тірегі ана тілімнің.
Бекзаттай ұлың көрсеткен, 


329
Айтыс VI том
Баянсыздығын ғұмырдың.
Бәрін айт бірін айт, 
Бар қазаққа мәлім жайт, 
гауһары бітпес оңтүстік,
Жауһары алтын жырымның.
Жарқынбекке енді келейін,
Жар болсын жалғыз Жаппарың.
осындай ұлды дәл бүгін,
Келіп тұр дұрыс мақтағым,
Қашан көрсем болғаны,
осы шапанды шешпейсің
Басқа мініңді таппадым.
Шашына тиісіп қайтемін,
Басына тиісіп қайтемін,
Шыр айналсамда жер жүзін,
Шымкенттік ақын досым-ау
өзіңнен жақсы таппадым.
нәзіктігі сенде бар,
мақтаралдағы мақтаның.
Беріктігі сенде бар,
отырардағы қақпаның. 
Әжімдерің елестетеді,
Қаратауымның қатпарын.
тіл-көзім тиіп кетпесін, 
Аппақ маңдайлы аппағым.
Басы айналып қалмасын,
мен осымен тоқтадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет